Сабақтың тақырыбы: Туынды етістіктердің жасалуы 21-27 жаттығу
Мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды етістік туралы топтастырылған ұғымды қалыптастыру. Оларды ажырата білуге баулу. Оқушылармен өз бетімен жұмыс жасауға, теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ребустар, ою – өрнектер, слайд, тест жұмыстары.
Әдісі: Сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, СКТ әдісі.
Түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
II.Өткенді пысықтау:
Ережесін сұрау.
Етістік нешеге бөлінеді?
Түбір сөз негізгі етістік (оқы, жүр, жаз, ки).
Түбір сөзге жалғанған жұрнақ арқылы туынды етістік (төрле, ойлан, ақта).
ІІI. Мағынаны тани білу сатысы.
«Тұмарша» оюы үшбұрыш түстес. Тіл көзден сақтайды.
21-жаттығу. Дәлелдеу үлгісі: Ақта-туынды, өйткені оның түбірі-ақ. «Ақ» сөзі сын есім, ал оған –та жұрнағы жалғанғанда қимылды білдіріп тұр. Сондықтан ол туынды етістік болады.
Жырла, жүрді, жүзді, ақылдас, биле,
22-жаттығу. Сөздерді оқы: төр, арқан, ем, ара, сабын, бу, тіс.
Төрле, арқанда, емде, арала, сабында, була, тісте
Алғашқы үш сөзден жасаған туынды етістікті қатыстырып, үш сөйлем құра.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
«Қошқар мүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қошқар мүйіз» дейді.
23-жаттығу
Ақта, ұсақта, көркемде, жақсыла, оңда, жаңала, іріле.
Туынды етістіктердің ішінен өзің қалаған үш-төрт сөзді қатыстырып сөйлем құра.
IV. Сергіту сәті.
26-жаттығу Баспалдақ ойыны. «Етістік» сөзінен баспалдақ жаса.
V.Сатылай комплексті талдау «Ирек су» көгілдір көк түсті болады.Тазалықты, әсемдікті бағалайды. Етістікті талдау.
24-жаттығу
Келеді
1.Бұл сөз: ке-ле-ді.
2.Тұлғасына қарай: кел - негізгі түбір.
3.Құрылысына қарай – дара. Негізгі түбірде тұр.
Ақылдас, достас, пікірлес, әдеттен, рақаттан
27-жаттығу. Туынды етістіктерді тап.
Оқысаң, бәрін білесің
Аяғын ауырса, көп жүрме
Көп ұйықтасаң, басың ауырады
Шөлдесеңіз, сусын ішіңіз
Көзің ауырса, қолыңмен сүртпе
Жаз шықса, күн ысиды
Венн диаграммасы (қорытындылау)
Негізгі Туынды
Оқы, жүр, күт, ки. Етістік Ойлан, ақта, жүрме, күтпе, киме.
Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта біз барлық тапсырманы орындай отырып, қазақтың ұлттық ою-өрнекпен тігілген кілемшесін құрастырып бітірдік.Бағалау. Үйге тапсырма. 25-жаттығу. 121-бет.