«Топтық жұмыс». Бағалау критерийі: «Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен орын ауыстыру» 1-топ. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен жүрілген жолды аудандар тәсілімен анықтау Дескриптор: - Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдық мәнін анықтайды; - Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен уақыттың мәнін анықтайды; - Графиктің астындағы фигуралардың ауданын анықтайды; - Барлық фигуралардың аудандарын қосады. 2-топ. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен жүрілген жолды формула көмегімен анықтау Дескриптор: - Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдық мәнін анықтайды; - Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен уақыттың мәнін анықтайды; - Графиктің әр бөлігі үшін жүрілген жолды формула көмегімен анықтайды; - Жүрілген жол бөліктерін қосады. 3-топ. Берілген графиктерден қозғалыстың түрін анықтау. Дескриптор: - Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдықты анықтайды; - Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен уақытты анықтайды; - Уақыт интервалдарына қарап, қозғалыстың түрін сипаттайды. Өзін-өзі бағалау Топта талдайды және топ ішінде бірін-бірі бағалайды. Сергіту сәті. Айна ойыны (Әп топтан 1 ер бала және 1 қыз бала тақтаға шақырылады. Ер бала қыз баланың, қыз бала ер баланың айнаға қарау сәтін қайталау керек.) Жеке жұмыс 4-жаттығу, 8-есеп Дескриптор: Жылдамдықтың проекциясын дұрыс анықтайды; Үдеулерді анықтайды; Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік теңдеуін жазады; Орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік теңдеуін анықтайды. Бағалау (Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, үш түрлі тапсырманы орындайды.) Мұғалім тарапынан бағаланады. «Конверт-сұрақ» әдісі Құрылымы әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар орындау Дескриптор: Орын ауыстырудың формуласын дұрыс жазады; Теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың формуласын дұрыс жазады; Керекті шаманы табу үшін қажет формуланы қорытып шығарады; Есептің мәнін дұрыс табады. Мұғалім әр оқушыға жеке келу арқылы кері байланыс береді |