Сабақтың басы 10 мин | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Ағаш,темір, тас заттары арқылы топқа бөлу. Ынтымақтастықты қалыптастыру. «Тропикалық жаңбыр» әдісі арқылы орындалады. Үй тапсырмасын сұрау: «Cұрақша сандығы» әдісі (топтық жұмыс) Қандай тығыздықтың бірліктерін білесіңдер? Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің массасын қалай есептейді? Егер тығыздық г/см3-пен берілген болса, оны кг/м3-пен қалай өрнектеуге болады? Қалыптастырушы бағалау: «Плюс, минус» стикерлері арқылы бағалау |
 
|
Сабақтың ортасы мин | I-тапсырма «Төрт бейне, бір сөз» Өтілген тақырыппен осы тақырыпты байланыстыру мақсатында беріледі.Әр топ берілген төрт бейнені өзара байланыстыра отырып бір сөзді анықтайды.  Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ» II-тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» Әр топқа (ағаш білеушесі, темір, тас кесегі) денелер беріледі. Тапсырма:денелердің массасын электронды таразының көмегімен өлшеп, көлемін анықтап, дененің тығыздығын есептеуге арналған формуланы қолдана отырып шығару. Кесте бойынша денелердің тығыздықтарын салыстыру. Дескриптор: денелердің- массасын өлшей алады биіктігін,ұзындығын,енін өлшей алады ХБЖ келтіре алады формуланы қолдана алады кесте бойынша салыстыра алады Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ» 
«Оқулықпен жұмыс» Тапсырма I-топ №3.2-2 II-топ №3.2-3 III-топ №3.2-4 3.2-2. Пішіні күрделі ыдыстың көлемін табу үшін оны өлшейді, сонан соң толтырып, қайта өлшейді.Сонда бос ыдыстың массасы 10 кг, суы бар ыдыстың массасы 20 кг болады. Судың тығыздығы 1,0*103кг/м3. Ыдыстың көлемін анықтаңдар. 3.2-3.Ұзындығы 8 см,ені 4 см,қалыңдығы 2 см алтын кесегінің массасын анықтаңдар.Алтын судан 19,3 есе тығызырақ. 3.2-4.Бөлменің өлшемі: ұзындығы 4 м, ені 2,5 м, биіктігі 2 м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3 кг/м3 болса. Онда бөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай? Әр топ берілген есепті шығарып, түсіндіреді. Дескриптор: Тығыздықтың формуласын қолдана отырып Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ» әдісі Сергіту сәті «Түсін мені» әдісі арқылы физикалық шамаларды оқушылар іс-қимылмен көрсетеді (2 мин) «Саралау тапсырмалары» А- деңгей Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай? В- деңгей Қандай да бір тетік көлемінің 1/3 бөлігі қорғасыннан, қалған 2/3 бөлігі қалайыдан жасалған. Осы тетік жасалған материалдың орташа тығыздығы қандай? С- деңгей Табанының ауданы 0,4*0,2 (м) тікбұрышты параллелипед түріндегі аквариум 0,15 м биіктігіне дейін сумен толтырылған. Аквариумдегі судың көлемін анықтаңдар. Осы судың массасы қандай? Судың тығыздығы1000 кг/м3. Дескриптор: Барлық орындалған тапсырмаларды топ басшылары бағалап отырады. Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ»  Сабақ соңында топ басшылары топ мүшелерін бағалайды |
электронды таразы, ағаш білеушесі, темір кесегі, сабын, сызғыш, кесте

карточка,маркер, А3, слайд
карточка, кесте,дәптер, таймер |
Сабақтың соңы 10 мин
Кері байланыс | Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмысына талдау жасау. (2 мин) Оқушылардың рефлексиясы: VII.Берілген сөз тіркесін таңдап,пікірмен аяқта:  (оқушыларға оқыту) ( 5 мин) Сабақтың мақсатына жеттік пе? (2 мин) VIII.Үйге тапсырма беру (1 мин) Теориялық зерттеу:Дүкеннен сатып алған алманың тығыздығын есептеудің бірнеше айла-тәсілдері болуы мүмкін.Өздерің ұсынған амалдар мен тәсілдерді жазба түрінде баяндап,сыныптағы достарыңмен талқылаңдар. | |
Саралау сабақтың көпшілігі үшін жеке жұмыс орындау кезінде жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушыларға деңгейлік есептер шығару кезінде белгісіз шамаларды анықтау кезінде көмектесу арқылы қолдау көрсету, ал кейбір оқушылар деңгейі жоғары есептерді шешу барысында топ оқушылар арасында қарқын байқалуы | Сабақтың барлық кезеңдерінде қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырады. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде қалыптастырушы бағалау «Үш шапалақ» арқылы жүргізіледі. «Берілген сөз тіркесін таңдап,пікірмен аяқта» әдісі арқылы рефлексия жүргізіледі. | Сергіту сәті шаршаудың алдын алу үшін барлық оқушыларға орындату. |