СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 16.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тың және тыңайған жерлерді игеру". Ашық сабақ жоспары. 11 сынып.

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тың және тыңайған жерлерді игеру" тақырыбына дескриптор бойынша құрастырылған сабақ жоспары. 11 сынып.

Просмотр содержимого документа
«материал для урока»

І топтың жауабы: 
1.Тың игерудің қазақ экономикасына пайдасы қандай? 
Тек бір жылдың ішінде ғана (1954ж. наурыздан 1955ж. наурызға дейін) республиканың тың жерлерінде 337 жаңа совхоз құрылды, бұлардың жалпы жер көлемі 17 млн.га, мұның ішінде 10 млн. гектардан астам егіске жарамды жер болды. Жаңа астық совхоздары ең алдымен тыңның дені игерілген Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Повлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 
Совхоздар астық өндіретін жоғары механикаландырылған ірі кәсіпорындар ретінде құрылды. Бір шаруашылыққа орта есеппен 25-30 мың га егістік жерден келді. Байырғы совхоздар да ұйымдастыру-шаруашылық жағынан нығайды. 1955 жылдың аяғында Қазақстанда 631 совхоз жұмыс істеді. 
Коммунистік партияның назарынан колхоздар да тыс қалған жоқ. КПСС Орталық Комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз Пленумында «ауыл шаруашылығы жөнінде алға қойылып отырған міндеттерді орындалудың аса маңызды шарттарының бірі колхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан одан әрі нығайта түсу болып табылады» деп атап көрсетілді. 1955 жылдың аяғында республикада балық аулайтын колхоздардан басқа, 2702 колхоз болды. Оларға 464 машина-трактор станциясы қызмет етті. 
Қазақстанның партия, совет органдары ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді көбейтуге колхозшылардан материалдық ынталығын арттыру, колхоздарды білікті басшы, агро-техникалық және механизатор кадрлармен нығайту жөнінде бірталай шараларды жүзеге асырды. Колхоздарда дәнді дақылдар егісін механикаландырудың дәрежесі 99% дейін, ал оларды жинау 98% дейін көтерілді. 
1954 жылдың көктемінен бастап тың көтеру жұмысы өрістеді. Совхоздарда, МТС-тер мен колхоздарда трактор-егіс бригадалары құрылды. Жас тракторшылар бригадаларының бүкіл одақтық социолистік жарысына жастар қосылды. Қазақстан совхоздары МТС-терінің көптеген комсомол-жастар бригадалары жұмыс істеген алғашқы жылдың өзінде – ақ екпінді еңбектің үлгісін көрсетіп, жоспарлы тапсырмаларын едеуір асыра орындап отырды. 
2. Тың игерушілердің алғашқы табыстарға жетудегі еңбектегі рөлі қандай болды? 
Ой-түйіндеме: Егіс даласының еңбеккерлері партия шақыруын қызу қолдап, 1956 жылы тыңның алғашқы мол астығын өсірді. 1956 жылғы егін орағының ерекше қиындықтары болды. Республикада бұрын еш уақытта осынша зор алқаптан астық жиналып көрмеген еді. 
Совет адамдарының еңбектегі жаппай ерлігінің нәтижесінде 1954-1955 жылдары КСРО-да 13,4 млн.га жаңа жер жыртылды. Қазақстанда 1954-1955 жылдары 6,5 млн.га тың жер жыртылды. Тың игеру жылдарында Қазақстанда 25 млн.га жер жыртылды, бұл бүкіл еліміз бойынша игерілген жердің 60,6% еді. 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом қаржы жұмсалды. 1954 жылы тың жер астықтың жалпы түсімінің 40%-тен астамын берді, 1949 жылғымен салыстырғанда 1953 жылдары көрсеткіш 3,8 есе артты. Қазақстан 63,4 млн. тонна астықты мемлекетке тапсырды. Тың игеру Қазақстанда тауарлы астық өндіруге одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда 2000кг астық өндіретін дәрежеге жетті. 
Қазақстан диқандарына бүкіл ел көмекке келді. Совхоздар мен МТС-тер өнеркәсіппен егін жинайтын қосымша ондаған мың машина алды. 1956 жылғы егін орағы кезінде республиканың егіс далаларында 2 миллионнан астам адам жұмыс істеді. Астық жинауға 64 мың комбайн, жүз мыңнан астам жүк автомобилі және басқа да көптеген ауыл шаруашылық машиналары қатыстырылды. 1956 жылы республикада 600млн. астықтың орнына млрд. Пұт астық қамбаға құйылды. Тың жерлерді игерудегі, елімізде ірі астық базасынжасаудағы табыстары үшін Қазақ КСР-і 1956 жылы Ленин орденімен марапатталды. Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық көрмесінде республика 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. 




















ІІ топтың жауабы: 
1.Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің мәдениет пен ғылымының дамуына тигізген қандай кері әсерлері болды? 
Ой-түйіндеме: Елуінші жылдардын аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы едауір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды. Жаңаң темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру Республиканың экономикалық күш қуатын бұрын-сонды көрмеген дәрежеге ілгерілетті. Халықтың саны едәуір көбейді. Халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Тың игерілген аудандарда жаңа мектептер ашылды, комсомол жолдасымен бұл аудандарға мұғалім кадрлар келді. 1955-1956 жылдары Республикадағы мектептердің саны 9240-қа жетті, олардың 3022-сі 7-і жылдық және 1117-сі орта мектеп болды. Осы жылдары ауыл шаруашылығының 432,4 мың механизаторы және басқа мамандары дарияланды. Бірақ демографиялық өзгерістерге ьайланысты қазақ мектептері азайды. 700 қазақ мектебі жабылды. Қазақтар балаларын орыс мектептерге бере бастады. Жоғары оқу орындары Ақтөбе медецина институты, Ақмола ауыл-шаруашылық институты ашылды. 
















Бекіту:
Тың жерлерді игеру саясатының жағымды, жағымсыз салдары қандай? 

Жағымды құбылыстар: 
1. Қазақстан –КСРО-ның негізгі асықты аймағына айналды. 
2. Экономикалық басқа салаларының дамуына әсер етті. 
3. Қазақстан – көп ұлтты республика болды. 
4. Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті. 
5. Жаңа жолдар мен елдімекендер көбейді. 

Жағымсыз құбылыстар: 
1. Экологиялық жағдай ауырлады. 
2. Мал шаруашылығы төмендеді. 
3. Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді. 
4. Жер-су арттары орысша аталды. 
5. Республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді. 
6. Тілдік жіне демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады. 
7. Тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды. 

























Ой сергіту: Мен 10 жылдан кейін қандай боламын? Әрбір қатысушы өзінің есімін айтады және 10 жылдан кейінгі жұмыс орнын, сүйікті ісін айтады. 
Тыңды игерудің Қазақстан экономикасына пайдасы мен зияны (пікірсайыс) 

Мұғалім негізгі кіріспе сөзі: 
-Оқушылар, бүгінгі сайысымыздың сұрақтары өздеріңе алдын ала берілген. Тың игерудің Қазақстан экономикасына пайдасы көп пе немесе зияны көп пе осы жағын екі топтың оқушылары арқылы талқыға салып көрейік. Дайындалуға 5 минут. 

Қатысушылар: 
1. жақтаушы топ « ». 
2. даттаушы топ « ». 

1 бөлім: Өзіндік пікір енгізу (2 минут) 
Бұл бөлімде екі топ ойыншылары кезек-кезек шығып, ойынға қатысушылар алдында өз тақырыптарын ғылыми түрде қорғайды және дәйектемелерін келтіреді. Екі топқа да өз пікірлерін дәлелдеуге 5 минут беріледі. 

ЖАҚТАУШЫ ТОП
1-оқушы: Армысыздар оқушылар менің қарсыластарым! 
Бүгінгі біздің талқыға алғалы отырған тақырыбымыздың 1954 жылғы тың және тыңайған жерді игерудің Қазақстанға тигізген пайдасы және зияны болмақ. Менің ойымша, тың игерудің зиянынан гөрі пайдасы көп деп ойлаймын. 1954 ж. КОКП-ның қыркүйек Пленумы ауыл шаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму перспективасына тоқталды. Сондықтан да өкімет билігінде тың игеру идеясы пайда болды. Астықты молайтудың бір көзі – Қазақстанда, Сібірде, Оралда егін көлемін өсіру қажет деп шешті. Егер жаңа жерлер игерілсе, одан 11-12 млн пұт астық алу көзделді. Тың жерлердің басым көпшілігі Қазақстанның Солтүстігіндегі алты облыста – Қостанай, Ақмола, Торған, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. 
Тың игерушілерге мынадай әлеуметтік көмек көрсетілді: 
1. Дүние-мүлкімен тегін көшірілді. 
2. Отбасына – 1000 сом жеке мүшесіне 200 сом берілді. 
3. 10 жыл мерзімге 10 мың сом несие берілді. 
4. 1.5 центнер тегін азық берілді. 
5. 1500-2000 сомға мал сатып алу үшін несие берілді. 
6. 5 жылға салықтан босатты. 

Қазақстанның совхоздарына МТС-тердің жанынан механизаторлар дайындайтындар курстар ашылды. Тың игеруде Қазақстанның ауыл шаруашылық материалдық-техникалық базасы нағайды.
Совхоздар мен колхоздар 169 млн трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк автомашинасын және басқа да көптеген техникалар алды. Міне, мен тың игерудің тарихы туралы қысқаша тоқталып өттім. 
Мұғалім: Рақмет, келесі сөз пікірін қорғау үшін даттаушы топқа беріледі. 


ЖАҚТАУШЫ 
2-оқушы: Сәлеметсіздер ме, бүгінгі ойынға қатысушылар мен қарсыластарым. 
Менің алдымда сөйлеп кеткен жақтасымның сөзін әрі қарай жалғастыра келе, тың саясатын қолдаймын. Оның пайдалы жағын менің жақтасым өзінің айқын дәлелдемелерімен көрсетті. 
Мен халықтың тілі, білім алу және сол кездегі қазақ ауылдарының орысша атауға ауысу себептері жайлы айтпақпын. 
Ең бірінші тіл мәселесі. 50-ы жылдардың ортасына таман қазақтар азшылыққа айналды. Олардың ана тіліне деген сұранысы мүлде төмендеп кетті. Қазақ мектептері жабыла бастады. Көптеген отандастарымыз балаларын ана тілінде оқытудың ешқандай мән-мағынасы жоқ екндігін түсінеді. 

Алайда қазақтар ана тілін ұмытқан жоқ. Олардың орыс тілін уйренуінің себебі – мемлекетті орыстар басқарғандығында. Маман-кадрлар да орыс жерінен келген. Ал осынша адаммен ортақ келісімге келмеу мүмкін емес. 1962 жылғы санақ бойынша 29% қазақ болса, қалған 71% -ы өзге ұлт өкілдері. Сол себепті қазақтар орыс тілінде сөйлейді. 
Екінші мәселе тың игеру кезіндегі колхоздар мен совхоздардың рөлі. 1954 жылдың көктемінен бастап жерді зерттеу, іріктеу жұмыстарына Мәскеу, Украинаның ғалымдары, ботаниктер, гидрогеологтары, т.б. көп жұмыс істеді. 1 жылдың ішінде 337 жаңа астық совхоздары құрылды. Тың алғашқы күннен бастап адамдарға интернационалдық тәрбие, еңбекке шыңдаудың мектебіне айналды. 
Өз сөзімді қорытындылай келе біз мәдениет, экономика, ғылым жағынан тың игеру саясаты негізінде дамыдық. Тыңдағандарыңыздарға көп рахмет! 
Мұғалім: Рақмет. Келесі пікір толықтыру үшін АҚИҚАТ фракциясына беріледі. Уақытыңыз 4 минут. 
ДАТТАУШЫ  
1-оқушы: Сөз бергеніңізге рақмет. Қайырлы күн құрметті оқушылар және қарсыластар ! Иә, 1954 ж. Тың игеру басталды. Селеулі далаға ғана емес, халықтың тағдынына да түрен түсті. Тың игеру барысында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік десек те, оның зиянын айтпай кету мүмкін емес. 
Себебі, тың игерудің залалы мен пайдасы бірдей. Бірінші,пайдасына тоқталсақ, астық молшылығына кенелдік, ауылшаруашылық техникасына молықтық дейміз. Ал астық егу үшін қазақтың еркін мекендеп келген ұлан-ғайыр даласын жыртып, жойып жібердік. 
Мұндай мүмкіндікті мұқият зерделеп, іс-қимылдың айқын, ғылыми бағдарламасын әзірлеп барып жасаса, Қазақстанның астық өндірісіне кім қарсы болсын?! 
Тіпті тың жерді игеруге әбден ескіріп, тозығы жеткен комбайн, трактор, автомашина берілгендігі жөнінде ешқандай сөз қозғалмады. Экономикасы мәз емес Қазақстанға осындай техникаларды өте жоғары бағаға сатып жатты. 
Тың игеруге қарсы болған Қазақстанның бірінші хатшысы Шаяхметовты орнынан алып тастады. Баспасөз осындай көлеңкелі жақтар туралы ешнәрсе жазбады. 
Мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. Айта берсек сол кездегі қателіктер шаш етектен: 
1. Әртүрлі ұлт араласуынан қанымызды бұзды. 
2. Тілімізден айырыла жаздадық. Оның залалы әлі күнге дейін сақталып келеді. 
3. Қазақ халқының салт-дәмтүріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне, менсінбей қараушылық пайда болды. Енді, біздің ойымыз көзімен көрмеген, анық қыр-сырын білмейтін жас ұрпаққа сол кездегі ащы шындықты айту және болашақ ұрпақтың осындай қателіктерді қайталамауын қадағалау. 

ДАТТАУШЫ ТОП 
2-оқушы: Армысыздар, құрметті әріптестер! 
Тяқтың екі ұшы болады демекші, әр істің екі жағы болады. Осы тұрғыда мен тың және ьыңайған жерді игерудің Қазақстанға тигізетін зардабын этнографиялық жағынан сипаттаймын. 
Бірінші айғақ: 
Демографиялық ахуалды шиеленістіру. 
Тың игеру желеуімен 1960 жылдардың басында Қазақстанға 2 млн.-ға жуық адам қоныстанды. Жұмысшы маман жетіспейді деген себептер болды. Барлық көмек келушілерге жұмсалды. 
Жарлының қалтасында жел гуілдейді демекші, осы көмек қалтасына көк тиыны жоқ қазаққа берілсе, жер айырылып ортасына түсе ме? 
Екінші айғақ: 
Тіл өз ауқымын тарылтты. Тіпті қазақ тілінде шығатын газет, кітаптар жабылды. Күні бүгінге дейін қазақ тілі өз мәртебесін көтере алмай келеді. 
Үшінші айғақ: 
Дінге зиянын тигізді Ислам дінін 75 жыл бойы адам санасын улайтын апиын деп келді. Осыдан дінге деген сенім жойылды. 
Төртінші айғақ: 
Салт-дәстүріміз. Біз қонақжай халықпыз ғой. Келген мигранттармен қыз алысып, қыз берістік. Будандар пайда бболды. Бұл біздің қандық құрамымызды өзгертті. Екінші мәрте сөз алмайтындықтан, сөзімді қорытындылаймын. Айдың бетінде де таңба болады дейді. Сол сияқты бұл зардап та таңба болып қала бермек. Елдігімізді, жерімізді, дінімізді сақтайқ, ағайын. 
Жеңімпаз топты атау. 
Дауыс беру нәтижесі бойынша көп дауыс жинаған топ анықталып, ойынды жүргізуші мұғалім осы топты ойынның жеңімпазы ретінде атайды. Дауыс беру нәтижесінде топтың бірі көп дауысқа ие болып, пікірсайыс жәңімпазы атанды. 
Бағалау: Бүгін сабаққа жақсы қатысып,өз пікірлеріңді білдірдіңдер. Қолайлы орта жасалды.Ендеше сабаққа қатысқан топтарды бағалайық. Топ басшылары бағалау парағын өткізіңіздер. Оқушыларды марапаттау. 
1. Ең үлгілі оқушы. 
2. Білімді 
3. Адамгершілігі мол. 
4. Жан жақты дамыған. 
5. Дүниетанымы мол. 
6. Алғыр. 
7. Зерек. 
8. Еңбекқор. 
9. Дарынды. 
10. Белсенді. 
11. Ізденгіш. 
12. Талапты. 
13. Зейінді. 
14. Білімге құмар. 


Кері байланыс. -1 минут. 
Сабақта қарастырған мәселелердің сіздер үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыздар? 
Бірлескен жұмыс түрлері қызықты болды ма? 
Сабақ қызықты өтті ме? 
Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? 
Шығу парағын толтыру. «Аноним» 
1. Нені үйрендік? 
2. Сұрақ, пікіріңіз. 
3. Ұсыныс.













1.Бірінші топқа. 
Тың игерудің Қазақстан экономикасына пайдасы қандай? 

Тың игерушілердің алғашқы табыстарға жетудегі еңбектегі ролі қандай болды? 






2.Екінші топқа. 
Тың игерілген аудандарда қанша мәдени, экономикалық өзгерістер болды?

Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде әкімшіл әміршіл басқару жүйесінің мәдениет пен ғылымның дамуына тигізген қандай кері әсерлері болды? 




Бекіту тапсырмасы: 
Тың жерлерді игеру саясатының жағымды, жағымсыз салдары қандай? Кесте толтыру.

«+»

« - »







Сөйлемді толықтыр:

Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім _____________ жылдың көктемінде қабылданды. Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып __________________ сайланды. Тың игеру жылдары Қызылорда обл.Шиелі ауданы Қызыл ту ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев ______________ рекордты өнім алуға қол жеткізді. 1954-1962 жж Қазақстанға сырттан _________ адам келді. Сырттан келушілерге материалдық көмек ретінде әр отбасы басшысына _________________ бір реттік көмек көрсетілді. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде КСРО бойынша _________ га жер жыртылды. Тың игеру саясаты КСРО-ның ______________________________ аймақтары мен Қазақстанның ____________________ облысында жүргізілді.



1.  «Тың  және тыңайған жерлерді игеру» жоспары қашан қабылданды?

А) 1955  ж  қаңтар- наурыз      В) 1954 ж. ақпан-наурыз

Б) 1958 ж. ақпан- наурыз        С)   1957 ж. наурыз- сәуір

2. Қазақстанда тың игерілген аймақты көрсетіңіз.

А! Атырау В) Шымкент

Б! Ақтөбе С) Торғай

3. 1954- 1965 жылдарда КСРО бойынша қанша гектар жер жыртылды?

А) 25 млн.га В) 6,5 млн га.

Б! 42 млн. га С) 9 млн. га

4. Қазақстанға тың игеру жылдарында  қанша ұлт өкілдері келі қоныстанды?

А) 2 млн. В) 5 млн

Б) 3 млн С) 6 млн

 

5. Алғашқы тың игеруші механизатор, Еңбек Ері

А) Ж. Қуанышбаев В) К.Б. Дөненбаева

Б) Ш. Берсиев С) Ы. Жақаев

Тест жұмысы:
1. Мал шаруашылығын дамыту жоспары қашан қабылданды?
А.1950 В.1946 С.1949
2. 1946-1950ж.ж егістік жерлердің әр гектарынан алынған өнім орта есеппен қанша болды?
А. 10-15 центнерден астам В. 5-6 центнерден ғана С. 20-25 ц-ге жуық
3.Тың игеру жылдарында орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП ОК-ң бірінші хатшысы болып кім сайланды?
А.Д.А.Қонаев В.Л.И.Брежнев С.П.К.Понамаренка
4.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қашан қабылданды?
А. 1956 ж. көктем В.1955 ж. күз С.1954ж. көктем
5.1954-1955ж.ж тың жерлерді игеру есебінен дәнді-дақылдар егісі аумағын қанша га-ға арттыру көзделді? 
А.15 млн В.13 млн С.6 млн
6. Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы қанша адам келді?
А.460 мың В. 640 мың С. 780 мың
7. Тыңгерлер ауыл шаруашылығы салығынан неше жылға босатылды?
А.1-3 жылға дейін В.2-5 жылға дейін С.3-6 жылға дейін
8.Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен республиканың қай бөлігінде жүргізілді?
А.Солтүстік Қазақстан В.Орталық Қазақстан С.Оңтүстік Қазақстан
9.Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 1954ж. Қазақстанда қанша га жер жыртылды?
А.6,5 млн га В.7,6 млн га С. 8,7 млн га
10. 1956ж республикада қанша тонна астық жиналды?
А.20 млн т В.14 млн т С.16 млн т
11.Тың игеру кезінде тамаша жетістіктерге қол жеткізген Ақмола облысының «Ярославский» кеңшарының бригадирі?
А.Е.Довжик В.Ж.Демез С.П.ФМузыка
12.Тың игеру кезінде Қостанай облысындағы Павлов атындағы кеңшардың комбайншысы?
А.Е.Довжик В.Ж.Демеев С.П.Ф.Музыка
13.Күріш өсіруде еңбектің тамаша үлгісін көрсеткен Қызылорда обылысы Шиелі ауданында «Ққызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі?
А.Ж.Демеев В.Ш.Берсиев С.Ы.Жақаев
14.Тың жерлерді игерудегі кері зардаптарды көрсетіңіз?
А.Жер эрозиясы күшейеді В.Экологиялық байланыс бұзылады С.Барлығы
15.Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам көшіп келді?
А.10 млн В.5 млн С.2 млн


«Тың»

«тыңайған жерлер»

Экология

экстенсивті даму

интенсивті даму

бюрократия

демография

орыстандыру саясаты



 жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің  популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.





жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімі көлемін көбейту

Просмотр содержимого документа
«поурочный»

Сабақ жоспары 11 «а» сынып

Мұғалім:Мырзатаева Бибинур Еламановна

Апта

Күні 28.04.2016

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Тың және тыңайған жерлерді игеру

Сілтеме

Қазақстан тарихы 9 сынып, авторы М.Қозыбаев, Алматы «Мектеп» 2013, 2009.

Жалпы мақсаты

- Отан тарихының тың игеру жолдарына тереңірек, толығырақ талдау жасауға баулу. ХХ ғасырдың 50-ші жылдары жүргізілген кеңестік жоспарлы экономикалық саясаттың маңызын ашу.

- Оқушылардың қорытынды жасау, салыстыру, іздемпаздық қызығушылығың дамыту,

анализ жасай алу білім дағдыларын,өз пікірлерің ортаға салып және дәлелдей алуын одан әрі шындау.

- Еңбек адамдарына деген сый құрмет, тың игерушілер туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Өз ойын еркін жеткізе алуға тәрбиелеу.

Негізгі түсініктер

«Тың», «тыңайған жерлер», экология, экстенсивті даму, интенсивті даму, бюрократия, демография, орыстандыру саясаты

Күтілетін нәтиже

Тарихи тілдерің дамыту.Тыңгерлердің еңбекқорлығын өз бойына сіңіре білу. Уәж беру, қолпаштау арқылы оқушылардың ынтасын арттыру.

Сабақтын түрі

Жаңа сабақ

Көрнекі жабдықтар

Тың игеру туралы деректі фильм, АКТ

Сабақтың әдіс-тәсілі

Дара жұмыс,топпен жұмыс,пән аралық байланыс.

Сабақтың кезендері

Уақыт


Мұғалім іс-әрекеті


Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


2 мин



Амандасу. Топқа бөлу: Сыныпқа түрлі түсті қағаздардан геометриялық фигуралар беріледі. 1-ші рет топқа қағаздың түсі бойынша бөлінеді, екінші рет геометриялық фигуралар бойынша бөлінеді.

«Әр түрлі халықтардын амандасу түрлерін көрсету».Мысалы: қазақта төс қағыстыру,солтүстік американдықтар жұдырық түйістіру,жапондықтар бас ию т.б.


Тұсаукесер

Жаңа тақырыпқа шығу

3 мин

Сәйкестедіру тапсырмасы арқылы тарихи терминдерді еске түсіру, қобдиша ашу арқылы оқушылардың көмегімен тақырыпқа шығу, сабақтың мақсатын анықтау

Тарихи терминдердің анықтамасын еске түсіріп сәйкестендіреді.Бағалау критерилерің айқындайды.

Жана тақырыпқа шығу.

Негізгі бөлім

15 мин




1-2 мин

Оқушыларға қосымша дерек көздерін тарату. Әр топқа жеке тапсырма беру.


Сергіту сәтін өткізу.


Оқулықпен жұмыс,қосымша дерек көздері арқылы ізденіске түсу.Топ ішінде талқылау. Постер дайындау.


Ой сергіту: 
«Өз тобыңдағыларға тілегенді- басқа топтағыларға тіле!» атты ойсергек . 
Әр топ бір параққа кезекпен бір тілектен жазады. 
Әртоп өздері жазған тілектерін көрші топпен алмасады. 
Әртоптан бір оқушы көрші топтың тілегін дауыстап оқиды, алғыс білдіреді. 

Жинақтау

12 мин

Кеңес беру,бағыттау, қолпаштау.

Әр топ өздерінің постерін қорғайды.

Қортындылау

2 мин

Оқушы білімін тексеру

Тест сұрақтарына жауап беру

Бекіту

5 мин

Оқушылардың қызығушылын арттыру. Проблеманы туындату «Қазақстан үшін тың игеру – пайдалы ма зиянды ма?»


Дебатқа түсу, 1 топ- бекіту тобы : Қазақстан үшін тың игеру – пайдалы, пайдасын ашу.2- топ -жоққа шығару тобы: Қазақстан үшін тың игеру – пайдасы мен зиянын ашу.

1 топ. – ақталау, 2 топ. – жоққа жығару / әр топтан 2 адам./ (2мин) 

Бағалау

4 мин

Бағалау парақтарын тексеріп,толтыру бойынша кеңес береді.

Өзін-өзі,жұбын,тобын бағалайды.

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша сәйкестендіру тестін құрастыру /10 сұрақ/






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя