Қан кету – бронх түтігіне көп мөлшерде қан құйылып, жөтелген кезде оның жоғарғы тыныс жолдары арқылы сыртқа шығуы.
Просмотр содержимого документа
«Тыныс алу жүйесі ауруы»
Өкпеден қан кету. Алғашқы көмек
Жоспары:
- Өкпеден қан кету.Қан түкіру
- Жіктелуі. Қан кету сатылары
- Патогенезі және клиникасы
- Диагностикасы
- Алғашқы көмек
- Қан кету – бронх түтігіне көп мөлшерде қан құйылып, жөтелген кезде оның жоғарғы тыныс жолдары арқылы сыртқа шығуы.
- Қан түкіру – қақырықта немесе сілекейде аздаған қанның болуы, сұйық немесе ұйыған қанның бөлінуі.
- Негізгі айырмашылығы – қанның бөліну мөлшері.
Жіктелуі:
Мөлшеріне байланысты:
- Бір мезгілде – кіші (100 мл дейін)
- Үздіксіз – орта (500 мл дейін)
- Үзіліспен – көп (500 мл жоғары)
Қан кету сатылары
- Асфиксиялық қан кету – гипоксияның тез дамуымен сипатталады.Гиперкапния – трахеобронхиальді ағаштың тотальді гемообтурация және гемосперациясымен байланысты.
- Үздіксіз, толқын тәрізді қан кету – гипотензивті және гемостатикалық терапияның әсер етуімен болады.Трахеобронхиальді бұтаққа және өкпе тініне уақыт өте келе қан келу қарқындылығы өзгереді, кейде тоқтаған сияқты болады.
- Қан кету қан түкірумен басталады – бір немесе бірнеше тәулік аз мөлшерде бөлінеді, уақыт өте келе көбейеді. Қан кету аспирациялық пневмания дамуымен бірге жүреді.
- Өкпелік қан кету – клиникалық тұрғыдан қан түкірудің төмендеу қарқындылығымен немесе тез тоқтауымен көрінеді.Бронхоскопия кезінде қан мүлдем анықталмайды немесе қан іздері болуы мүмкін.
- Қайталанатын өкпеден қан кету – бұның алдында болған қан кетудің түгелдей тоқтауынан кейін кез келген уақытта қайталануы (күн, апта,ай,жыл)
Патогенезі
- Өкпенің созылмалы аурулары
- Бронх артериясының кеңеюі, жұқаруы
- Гиперваскуляция аймағының түзілуі
- Сынғыш қан тамырларының жарылуы немесе эрозиясы
- Әр түрлі ауырлықтағы қан кету
Клиникасы
- Қан жөтел арқылы сыртқа бөлінеді.
- Қақырық құрамындағы қан ұзақ уақытқа дейін ұйымайды.
- Қақырық алқызыл түсті, көпіршікті болады.
- Науқастың өңі бозарады, суық жабысқақ тер қаптайды, аяқ-қолдары мұздайды.
- Қан қысымы төмендейді. Перифириялық қанда гемоглабин мен эритроциттердің мөлшері азаяды.
- Туберкулезбен ауыратын науқастардың өкпесінен қан кетуге көбіне алып келеді:
- Фиброзды-кавернозды туберкулез
- Деструктивті инфильтратты туберкулез
- Лимфонодулобронхиалы бар біріншілік туберкулез
- Туберкулезден кейінгі пневмосклероз
Туберкулездің жедел түрлерінде қан өкпе артерияларынан, ал созылмалы түрлерінде бронх артерияларынан кетеді.
- Өкпеден профузды қан кету науқас өміріне қауіп келтіреді.
Өлім себептеріне жатады:
- Тұншығу
- Кейіннен дамыған аспирациялық пневмония
- Туберкулез үрдісіеің өршуі
- Өкпе жүрек жетіспеушілігінің дамуы
Өкпесінен қан кеткен әрбір науқасты жедел түрде мамандандырылған ауруханаға жатқызу керек, аурухананың бронхоскопия жасайтын, контрасты рентгенологиялық тексерістер жүргізе алатын және өкпеге хирургиялық ем қолданатын мүмкіндігі болуы керек.Науқасты отырған немесе жартылай отырған күйде тасымалдайды. Тыныс алу жолдарына түскен қанды жөтелді сыртқа шығарып тастау керек.
Диагностика
- Анамнез
- Бронхоскопиялық зерттеу
- Рентгенологиялық әдіс
- Рентгенография
- Томография
- КТ
Ажырату диагностикасы:
- Өкпеден кеткен қан әрдайым жөтелген кезде бөлінеді
- Бронх артериясынан кеткен қан алқызыл түсті, өкпе артериясынан кеткен қан қара қоңыр түсті болады
- Өкпе артериясынан кеткен қанның реакциясы нейтралды немесе сілтілі, ал ас қорыту жолдарынан бөлінген қан реакциясы қышқылды болады
- Кейде өкпеден қан кету кезінде бөлінген қақырықты ТМБ анықталады
Жедел жәрдем шаралары:
-кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендету;
-протеолизді тежеу және қанның ұюын жоғарылату;
-тамыр қабырғасы өткізгіштігін төмендету;
-өкпеден көп қан кеткенде айналымджағы қан көлемін қалпына келтіру.
Науқасқа толық тыныштық жағдай, жартылай отыру қалпындағы төсектік тәртіп тағайындау, сөйлеуге, қозғалуға қатаң тыйым салу;
-қан түкіруде ас тұзы ерітіндісін (1 ас қасық тұзды 1 стакан суға ерітіп) әр 30 минут сайын 1 ас қасықтан ішке қабылдау, көкірегіне мұз қою.
Кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендету:
- эуфиллин 2,4% 10мл к/т; папаверин гидрохлориді 2% 1-2 мл к/т немесе но-шпа 2мл б/е;
Күрт ұстама тәрізді жөтелде:
- кодеин 0,01-0,03 г күніне 3 рет немесе либексин;
Фибринолиз ингибитоларының ішінен мыналарды енгіземіз:
- дицинон 12,5% 1-2 мл к/т;
- викасол 1% 1-2 мл б/е;
Тамыр қабырғасы өткізгіштігін төмендету үшін:
- кальций глюканаты 10% 10мл к/т;
- аскорбин қышқылы 5-10% 5 мл к/т.