Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні / Дата проведения: 24.01.2020ж.
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Қысқы қызықтар
Тақырыбы / Тема: «Тып-тынық қысқы түн»
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік – воспитательная: Қысқы табиғаттың әсемділігін көре білуге тәрбиелеу.Қоршаған ортаның әдемілігін сезімталдықпен түсіне білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Көркемдік қабілеттерін дамыту.
Пейзаждың ерекшелігімен таныстыруды жалғастыру.Қиялдау, алған әсерлерін сөзбен жеткізе жткізе білу қабілеттерін дамыту
3. Оқыту – обучающая: Бейнені қағаз бетіне әдемі орналастыруға үйрету.суретке қарап,әр түрлі түстерді байқауға,қысқы сық бояуларды көз алдарына лестете білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, видео ролик,
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Көп тілділік полиязычие: қыс-зима-, ағаш-деревя-, орман-лес,
Жеке жұмыс:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалармен шеңберге отырып,қыс мезгілінде табиғатта болатын өзгешеліктер жайлы әңгімелесемін. Қысқы пейзаж көріністері бейнеленген суреттерді көрсетіп, балалардың назарларын ағаштардың түрлеріне, олардың құрылысына аударамын. Ағашатардың патшасы – емен. Ол құдыретті әрі күшті. Патшайымы – қарағай. Қарағай биік және әдемі. Ал, ақ қайың талдырмаш, сонымен бірге, нәзік.
Балаларға бейнелеу құралдарын қолдану ережелерін еске түсіруді ұсынамын.
Тосын сәт: «Жұлдызшы» келеді.
Жұлдызшы : Амансыңдар ма, балаларым? Мен сендерге аспан әлемінен қонаққа келдім. Менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақтар шешу.
1.Алтын кетті,күміс келді.(Ай)
2.Тақиям толған сөк,ерте тұрсам жоқ.(жұлдыз)
Билингвалдық компонент: ай-луна, жұлдыз-звезда, аспан-небо
-Балалар бұл екеуі де,қай мезгілде шығады?
-Түнде.
Жарайсыңдар, мен сендерге ай мен жұлдыз туралы түсінік берейін.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
- Аспан әлемінде Ай, Күн, жұлдыздар мен әртүрлі ғаламшарлар бар. Біздің ағаларымыз ғарышқа ұшып, ғаламшарларға саяхат жасайды.
Балалардың білімдерін тереңдету мақсатында аспан әлемі жайында бейнетаспадан үзінді көрсетіп, жалпы түсінік беру.
Жұлдыз –түнде жарқырап ,көкте нүктедей болып көрінетін аспан денесі.
Жұлдыздар ыстық шарлар деп аталады.Ең ыстықтары көк түсті.Ал,суықтары ақ,сары,қызыл түсті болады.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде түнгі аспанды бейнелеп саламыз.
Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме? Сендерге ұнай ма? Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан.
-Түнде аспанда нелер болады?
-Жұлдыздар қандай түсті?
-Айдың түсі қандай?
-Түнде аспан қандай түске енеді?
Жарайсыңдар балалар,енді түнгі аспанның суретін салайық.
Көрсету және түсіндіру.
1. Қара түсті картонды алып, парақтың сол жағына айды саламыз.
2.Жұлдыздардың суретін қара картон бетіне сары түспен нүктелер арқылы шашыратып саламыз.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Жерге қарап жер көрдім.
Оңға бұрылып, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Амирханға жұлдыздарды шашыраңқы етіп орналастыруды үйрету.
Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар түнгі аспанды бейнелеу үшін қандай түсті қағазды алдық?
-Түнде ай мен жұлдыз қандай түсті болады?
Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Мадақтау.