ТЖ ошағында зақымдалушыға жасалатын реанимациялық іс шаралар.
Жүрек-өкпе реанимациясы
Әдеби жазбалардан дүниежүзінде реаниматологиялық шаралар АВС-алгоритмі бойынша орындалатынын көруге болады. АВС ережесін 1983 жылы П.Сафар әзірлеген, онда алгоритмді біртіндеп тірілту кезеңдері көрсетілген:
Жалпы АВС – алгоритміне жатады:
• Airway – тыныс жолдары өткізгіштігінің қалыпқа келуі;
• Breathing – тыныстың қалыпқа келуі;
• Circulation – қанайналымын қалпына келтіру;
Тыныс жолдарының бұзылуы орын алады:
• науқас есінен танғанда, көмекейдің артқы қабырғасына қарай тілдің ығысуында;
• ауыз қуысында қан, сілекей, құсықтың жиналуында;
• тыныс жолдарының (жоғарғы) ісінуінде, бөгде заттың болуында;
Тыныс алу жолдарының жартылай бітелуі де өмірге қауіпті. Әсіресе осы кезде науқастың басын биік жастыққа орналастыру – өлімнің басты себебі болуы мүмкін.
Тыныс алу өткізгіштігін қалпына келтіру үшін науқасты тегіс, қатты жерге жатқызып, Сафардың үштік әдісін жасауға кіріседі:
Зардап шегушінің басын барынша шайқалту. Бастың осындай қалпында 80% жағдайда есін жоғалтқан зардап шегушілерде тыныс алу жолдарының өткізгіштігі қалпына келеді, оның басты себебі көмекеймен төменгі жақтың арасындағы тіндер созылады,тілдің түбі алға қарай жылжуы болып табылады. Егер зардап шегушінің мойын омыртқалары зақымданса,осындай амалды орындаудан бас тарту керек.
Төменгі жақты алға қарай жылжыту. Ауыз қуысында және жұтқыншақта қан, сілекей, құсық болса оны саусақпен шұғыл түрде тазалайды. Осы амалды орындаған кезде зардап шегушінің басын бір жағына қарай бұрады.
Жоғарыдағы амалдарды жасауға бір минуттан аз уақыт жұмсалады.
Осыдан кейін келесі В кезеңге көшеді – breathing, тыныс алудың қалыпқа келуі;
Егер тыныс алу жолдары ашық болса және үрлегенде ауа өкпеге енсе, өкпені жасанды желдетуді бастайды. Ал егер үрлегенде өкпеге ауа өтпесе,тыныс алу жолдарында бөгде заттың болуын болжау керек.Осы кезде орындалады.
Сұқ саусақпен немесе 2-3 саусақтарды жұтқыншаққа енгізіп, бөгде затты алып тастауға тырысады (саусақты пинцет тәрізді ұстау керек.)
Ессіз жатқан зардап шегушіні бір жанына жатқызып, екі жауырыны ортасынан алақанның проксимальдық бөлігімен 4-5 рет қатты соғады немесе зардап шегушіні шалқасынан жатқызып, іштің жоғарғы бөлігін екі қолмен итеру (толчок) арқылы басады (бұл Хайлик амалы).
Бұл екі амал тыныс жолдарындағы қысымды жоғарылатып, бөгде затты «итеріп шығарады»
Егер науқастың есі сақталса, осы екі амалды тік тұрған қалпында орындайды. S – тәрізді ауа өткізгіш түтікті орнату тіл түбін тұрақтандырады, оның обтурациясын болдырмайды. Түтікті білек өсі бойымен бұрай отырып енгізеді, түтік болған кезде реанимациялық шаралар тиімді орындалады.
Егер тыныс алу жолдарын қалпына келтіргеннен кейін зардап шегушінің тыныс алуы байқалмаса, экспираторлық әдіспен – «ауыздан-ауызға» немесе «ауыздан-мұрынға» амалдары арқылы өкпені жасанды желдетуге (ӨЖЖ) көшу керек.
Құтқарушы өз қауіпсіздігі үшін масканы немесе қол орамалын қолдануға болады. Құтқарушы ауаны өзіне терең тартып, науқастың мұрнын екі саусағымен жапқан соң, өз ернімен зардап шегушінің ауызын тығыз жабады да ауаны оның өкпесіне үрлейді. Жасанды желдету кезінде науқастың кеудесі көтеріледі, содан кейін пассивті (енжарлы) төмен түседі.
«Ауыздан-мұрынға» амалымен жасанды желдету әдісі зардап шегуші ауызын аша алмағанда (ауыз қуысының жарақатында) орындалады. Осы кезде зардап шегушінің ауызы тығыз жабылған, құтқарушы ерінімен зардап шегушінің мұрнын қамтып толық тыныс береді. Алайда оның тиімділігі біршама төмен. Ол амал жаңа туған нәрестелерде қолданылмайды.
Дәрігерлік көмек кезінде ӨЖЖ Амбу қапшығы қолданылады. Амбу қапшығын қолданғанда ӨЖЖ физиологиялық негізі жақсартады, себебі өкпеге оттегімен қаныққан ауа үрленеді. Сонымен қатар ол гигиеналық тұрғында ұтымды. Қапшықтың маскасын бетке орналастыру үшін дәрігер үлкен саусағымен мұрнының аймағына, сұқ саусағын иегіне орналастырады ал қалған саусақтарымен төменгі иекті жоғары қарай тартады (зардап шегушінің ауызын маскамен толық тығыз жабу үшін).
С кезеңі – circulation, қанайналымын қалпына келтіру (жүрек реанимациясы)
Зардап шегушінің ұйқы жіне сан артериясында пульсация анықталмаса, шұғыл түрде жүрекке жасанды массаж жасауға кірісу керек.
Жүрекке жабық массажды орындау тәртібі:
• Зардап шегушінің шалқасынан қатты жерге жатқызады (жерге немесе тақтайға);
• Құтқарушы бір алақаның негізін екінші алақанын үстіне қойып төстің семсер тәрізді өскінінен екі елі жоғары жерде орналастырады. Кеудеге саусақтарды тигізбеу үшін саусақтарды барынша жазу керек;
• Білекті тік ұстап денемен қималдауға талпынады, шынтақ буынын бүкпеуге тырысу керек;
• Кеудені тік бағытта басып төсті 4-5 см-ге төмен қарай ығыстырған жеткілікті, содан кейін қолды кеудеден алмай босатады;
Жүрек төс пен омыртқа жотасы арасында қысылып, қан жүректің қарыншаларынан аорта мен өкпе артериясына қарай айдалады. Жүрек камералары қанға енжарлы (пассивті) толады. Массаждың нәтижесі перефириядағы тамырларда пульстің пайда болумен бағаланады.
Жүрекке жабық массаж барысында қабырғалар мен төстің сынуы, кейде өкпе тінің жарақаттануы, гемопневматоракс орын алуы мүмкін. Ол кеуде қабырғаларының майысқақ қасиеті төмен, егде жастағы адамдарда байқалады. Алайда осындай асқынулар жүрек реанимациясы кері көрсетілім бола алмайды.
Реанимация шараларын екі адам орындағанда оның тиімділігі артады, осы мақсатта бірі жүрекке массаж жасаса, екіншісі өкпеге жасанды желдетуді жүргізеді, массаж бен ӨЖЖ қатнасы 5:1 болу керек.
Егер бір адам көмек көрсетсе онда желдету жылдамдығы мен массаж қатынасы 2/15 болады (2 тыныс беру 15 интервал жасау)
Реанимациялық шаралардың тиімділігі көз қарашығының тарылуы және оның жарыққа реакциясы пайда болумен бағаланады. Жүрек функциясының қалпына келуін ұйқы және сан артериясында пульстің пайда болумен анықтайды.
Реанимация жетістіктері науқастарды динамикада бақылауды қажет етеді, себебі кейбір жағдайда клиникалық өлім қайталауы мүмкін. Егер 30-40 минутта көз қарашығы кеңейген, науқастың тынысы анықталмай және жүрек қызметі қалпына келмесе реанимациялық шараларды тоқтатады.