Сауықтыру жұмысы
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Кешен № 1
Керуеттегі жаттығулар
Оянайық бәріміз.
Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер,
Іштеріңді тартыңдар,
Көңіл күй көтерілді,
Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар,
Жұдырықты қысыңдар,
Енді біраз ашыңдар,
Керіліңдер, созылыңдар,
Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.
Кешен №2.
Керует жанындағы жаттығулар
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық
Жаттығулар жасайық,
Ұйқымызды ашайық.
- Б. қ .қол белде: басты оңға, солға, алға, артқа бұру.
- Б. қ. кезекпен оң қолды және сол қолды кезекпен көтеру.
- Б. қ. оң жаққа және сол жаққа бұрылу.
- Б. қ.: қолды аяқ ұшына жеткізу, бастапқы қалыпқа келу.
Бір орында жүру, ұйқы бөлмеден аяқ ұшымен шығады.
Кешен № 3.
Шынықтыру шарасы.
Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап
Тастан-тасқа секіріп
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі
Массаж жасау білеміз.
Арнайы жолдармен жүру.
Кешен №4.
Демалуды қалыпқа келтіру
Демді қалыпқа келтіру.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!.
Сауықтыру жұмысы
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Кешен №5
Керуеттегі жаттығулар
Балалар ұйқыдан оянады.
- Балалар төсекте, арқаға жатып, қолын жанына созу, демдерін бірнеше секунд іште ұстап, еркін шығару.
- Балалар төсекте, арқаға жатып қолды екі жаққа созу, жұдырықтарын жұму, қолдарын алға созып айқастыру, демалу.
- Балалар төсекте, арқаға жатып қолдарын бастарына қойып кезекпен сол аяқтарын, он аяқтарын көтеру, екеуін бірге ұстап, жайлап түсіру.
- Балалар төсекте, арқаға жатып шынтақтарын тіреп иілу, кеуделерін жоғары көтеру, басты тік ұстау 3 - 5 секунд.
- Балалар төсекте, ішке жатып, қолдарын жанына қою, аяқтарын көтеріп, велосипед тебу.
Кешен №6
Керует жанындағы жаттығулар
"Құстар"
1. "Құстар оянды" - Б.қ.: аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды жан-жаққа созу, былғау – «құстар қанат қағып жатыр».
2. «Құстар достарын шақырып жатыр» - Б.қ.: тұрып, қол белде, аяқ сәл алшақ. Оң жаққа, сол жаққа бұрылу, «Шиқ-шиқ» деп айту.
3. «Құстар жем шұқып жатыр» - Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол төменде. Отыру, саусақпен еденді соғу, бастапқы қалыпқа келу.
4. "Құстар көңілденіп жатыр" - Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол түсірілген. Жүріспен кезектесіп, бір орында секіру.
Кешен №7
Шынықтыру шарасы.
«Денсаулық» жолымен жүру.
Арнайы жолдармен,
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі,
Массаж жасау білеміз.
Кешен №8
Демалуды қалыпқа келтіру
Бәріміз бірге еңкейейік.
Бірге секірейік.
Бірге созылайық.
Бірге қолымызды созайық.
Бірге еңбектейік.
Бірге тіземізді ұстайық.
Бір орында секіру.
Тыныс алу.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»
Сауықтыру жұмысы
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Кешен №9
Керуеттегі жаттығулар
Ояну жаттығу.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым! (құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)
- «Күн оянады» - арқада жатып. Шынтаққа көтерілу, басты оңға –солға бұру.
- «Күн оянады» - арқада жатып. Тізені қолмен құшақтау, оңға солға бұралу.
- «Күншуақты жаттығу» - арқада жатып. Алдымен қолды, содан соң аяқты жоғары –төмен көтереді.
- «Күн көтеріледі» - іште жатып, қолдары шынтағынан бүгілген. Аяқты төсектен көтермей, түзу қолдарына көтерілу.
- «Мен – үлкен күнмін» - төсек жанында тұрып. Қолдарын айналдырып көтеру, керілу, өкшеге тұру.
Кешен №10
«Зообақта» ұйқыдан ояну
гимнастикасы.
Мақсаты: Ұйқыдан сергек оянып, ағзаны өсіп келе жатқан
физикалық күшке әзірлеу. Балалардың көңіл – күйін сергіту және тыныс алуын
шынықтыру, газалмасуды жақсарту, бұлшық еттерін, сүйектерін, буындарын
шынықтыру.
Жүргізуші: Күн
шуақты!
Күн сәулесін әлемге таратып, шуағын төгіп тұр.
Күн сәулесі зообақтағы жануарларды да ұйқыдан оятты.
Кешен №11
«Жануарлар оянды»
Б.қ. шалқасынан жатып, қолды төмен ұстау
Есінеп, қолды жоғары көтеріп, аяқты созып керілу.