СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Үй"

Нажмите, чтобы узнать подробности

БМ: балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету. ДМ:құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыруларын дамыту. ТМ: ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Үй"»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Топтың жас ерекшелігі: №1 І кіші топ

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Құрастыру»

Тақырыбы: «Үй»

Мақсаты: үй құрастыруға үйрету.

БМ: балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету.

ДМ:құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыруларын дамыту.

ТМ: ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қабырға.

Қолданатын құрал- жабдық: әр балаға құрылыс материалдары, матрешка.

Қостілділік компонент:үй – дом.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыра ды.

Сәлем алтын күн!

Сәлем көк аспан!

Сәлем жер ана!

Сәлем достарым!

Шеңберге тұрып, шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Есік қағылып матрешка келеді.

–Балалар, қараңдаршы бізге кім қонаққа келді?

-Дұрыс бұл матрешка. Қараңдаршы ол қандай әдемі, оның алжапқышы қандай керемет. -Сендерге матрешка ұнай ма?

-Біз оған үй жасап берейік.

- Мен үй құрастырамын, сендер мұқият қараңдар. Ең алдымен үйдің қабырғасын қоямыз. Ол төртбұрыш. Енді оның үстіне үйдің шатырын қоямыз. Ол үшбұрыш пішін. Қараңдаршы біздің үйіміз қандай әдемі.

-Қабырға қандай түсті?

-Дұрысүйдің қабырғасы қызыл түсті. Ал шатыры қандай түсті?

-Дұрыс шатыр көк түсті. Ал енді дәл осындай үй құрастырып көріңдер.

Ол үй жақсы шығу үшін саусақ жаттығуын жасайық.

«Достық» жаттығуын ұйымдастырады.

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз.

Тәрбиеші әр баланың жұмысын бақылап, көмектеседі..

Сөздік жұмыс: қабырға.

Қостілділік компонент: үй – дом.

Матрешка әр балаға алғыс білдіріп, қоштасады.

Матрешканың келгеніне қуанады.

-Матрешка.




-Иә.

Тәрбиешіге назар аударып, мұқият қарайды.







-Қабырға қызыл түсті.


-Шатыр көк түсті.



Саусақ жаттығуын жасайды.

жасайды.



Қолдарының саусақтарын өзара біріктіреді.


Екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізеді.

Шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізеді.


Саусақтарын санайды.


Қолдарын төмен түсіреді.


Балалар тәрбиешінің көрсеткен үй жасау тәсілдерін еске түсіріп, үй құрастырады.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

-Балалар бізге кім қонаққа келді?

-Біз матрешкаға не құрастырдық?


-Үйдің қабырғасын қандай пішіннен құрастырдық?

-Шатыр қандай түсті?


-Матрешка келді.

-Матрешкаға үй құрастыр-дық.

-Төртбұрыштан құрастыр-дық.

-Шатыр көк түсті.


Күтілген нәтиже:

Біледі: үй жайлы.

Игереді: үй жасау дағдыларын.

Меңгереді: геометриялық пішіндерден үй құрастыруды.