СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұрықжолдасты сүтқоректілердің дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Млекопита́ющие (лат. Mammalia) — класс позвоночных животных, основной отличительной особенностью которых является вскармливание детёнышей молоком[1]. Класс входит в кладуSynapsidomorpha надкласса четвероногих. По оценкам биологов, известно до 5500 современных видов млекопитающих[2], среди которых — и вид Человек разумный (лат. Homo sapiens); общее же число видов млекопитающих, включая вымершие, превышает 20 000[3]. На территории России(2002) обитает примерно 380 видов[4].

Млекопитающие распространены почти повсеместно. Произошли от высокоразвитых синапсид в конце триаса. К млекопитающим относят ныне живущих однопроходныхсумчатых и плацентарных, а также большое число вымерших групп. Современные виды, входящие в класс млекопитающих, объединяют в 26—29 отрядов.

Просмотр содержимого документа
«Ұрықжолдасты сүтқоректілердің дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.»

Күні: 31.01.2017 ж Сынып: 11 А

Сабақтың тақырыбы: Ұрықжолдасты сүтқоректілердің дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқулықтағы мәтінді оқыту, мазмұнын меңгерту. Аңдар мен малдарды ажырата алып, үй хайуанаттарына не жататынын білдіру. Олардың сүтқоректілер аталу себебін ұғындыру. Үй жануарлары мен аңдар арасындағы байланысты байқату.

Дамытушылық: Аңдар мен жануарлар, үй хайуанаттары пайдасын ұғынып, төлдерін атай білу. Тіл, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жануарлардың маңызын түсініп, оларға деген жағымды көзқарас қалыптастыру. Үй жануарлары мен үй хайуанаттарына күтім жасауға баулу, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірме
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сүтқоректілер класы немесе аңдар. Кластың жалпы сипаттамасы.
а) сұрақ - жауап
1) Қазіргі кезде сүтқоректілердің қанша түрі белгілі?
2) Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы?
3) Сүтқоректілер қандай табиғи орта жағдайларында тіршілік
етеді?
4) Класс неліктен сүтқоректілер деп аталады?
«ББҮ» сызба әдісі
Білемін Білгім келеді Үйрендім
III. Жаңа сабақ.
Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық жолдасы» (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян - 45 - 51 күн, бұғылар - 8 - 9 ай, жылқы - 10 ай, түйе 12 - 13 айда төлдейді.
Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбірлерінікі соқыр және жәрдемсіз болып туады. 
Барлық жануарларда анасы сүтінен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Жүйке жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген.
Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:
Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді.
Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерге көртышқандар, соқыртышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді.
Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, киттер жатады.
Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар(жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2 - 5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.
IV. Жаңа сабақты бекіту
а)«Бортты журнал»әдісі
Жүк журналы
Болжам Жаңа ақпарат
Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?
ә)« Іздеу ұйымы»
Екі оқушыға жеке конверт беріледі. Конверт ішінде екі жануардың суреті бар. Осы жануардың мүшелерін дұрыс құрастырып, жануардың атын, құрылысын, маңызын айтады. б)«Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу
Құрлықты мекендейді--------------Құндыз, кит, ондатр
Жер астында тіршілік етеді-------Суыр, саршұнақ
Суда тіршілік етеді------------------Көртышқан, соқыртышқан
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
Ұрықжолдасты cүтқоректілердің дамуы. Аңдардың шығуы.























Сабақтың тақырыбы:  Отбасы — өмір  аясы

Мақсаты:

Білімділік:«Отбасы» құндылығы туралы  түсініктерді отбасы туралы   ұғымдарды кеңейту, оны  сүйе білуге, отбасы игілігі  үшін   талмай еңбек етуге үйрету.

Дамытушылық:отбасының негізі өмірдің ұйтқысы, киелі қасиетке ие болу  сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

Тәрбиелік:отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып,  ұлттық салтты, дәстүрді түсініп құрметтеуге баулу, алдағы  өмірге даярлау.

Көрнекі құралдар:   Отбасылық фотосуреттер,  нақыл сөздер, интерактивті  тақта,  жүрекше, шарлар, үнтаспа

Сабақтың түрі: Аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық

жұмыс

С а б а қ т ы ң     б а р ы с ы :

І. Шаттық шеңбері.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Барлығымыз ортаға шығып, «шаттық шеңберін» құрайық. Біз бір – бірімізге  күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын сезіне  отырып, амандасалық.  Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға  жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отыырып, Ғ.Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айталық..

Ана туралы жыр

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым                                                                                                            

Өзіңе арнаған.

Әлдилеп, аялап

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.


Өтеуге борышым,

Анашым жан сырым.

Іздедім сен үшін

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін

Қолыма түспеді.

,,,,,,,,Міне көңіліміз бір серпіліп қалды. Ал енді мен сіздерді ыңғайланып отыруға шақырамын.

ІІ.  Әңгімелесейік

1.Осы «Ана туралы жыр» әнін айтқан, естіген кезде қандай сзімде болдыңыздар?

2.Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер?

3.Отау дегеніміз не?

4.Отағасы деген кім?

5.Отанасы деген кім?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)


Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отбасы — өмір аясы» деп аталады. Біз бүгінгі сабақта  отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығы туралы әңгімелейміз.

Отбасы бұл тәрбие бесігі.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-  сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның  ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш  шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын  сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

Ш.Айтматовтың «Мұрап» әңгімесінен алынған үзіндіні  оқып танысалық.

«Мұрап» әңгімесіндегі кейіпкер Қаратайдың отбасына қандай сипаттама берер едіңдер?

Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?

Олардың тату – тәтті тіршілігіне не себеп?


ІҮ. Дәйексөз

Шаңырақ сәні – сыйластық.    (Халық мақалы)

(нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру, толық мағлұмат беру)

Ү. Жаңа ақпарат

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай, үй болу қиын»дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен  әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады.Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне  берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады.Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады.

Отбасы діңгегі –бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі.

Отбасылық өнеге махаббатта, сыйластықта, береке мен бірлікте.

Елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі.


ҮІ. Сергіту сәті

«Ана мен бала махаббаты» бейнеклип көрсетіледі.

ҮІІ. Шығармашылық жұмыс

Оқушылар «Менің отбасым» тақырыбына шығарма жазады.

ҮІІІ. Әңгімелесу

Оқушылардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қойылады.

Сен отбасын құруға дайынсың ба?

Қандай адаммен отбасын құрғың келеді?

Отбасын құру үшін ата-ананың пікірі керек пе?


ІХ. Сабақты қорытындылау