СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ұстаз- ұлағатты есім» атты мерекелік кеш.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ұстаз- ұлағатты есім" атты мерекелік кеш.

Просмотр содержимого документа
««Ұстаз- ұлағатты есім» атты мерекелік кеш.»

«Ұстаз- ұлағатты есім» атты мерекелік кеш.

Фанфары (выходят ведущие)

1-Жүргізуші  Армысыздар, құрметті , ардақты да аяулы ұстаздар!

Бүгін барша адамзат қауымы үшін ең қымбатты күн. Өйткені алғаш білім әлеміне қадам басқанда бізді күлімдеп қарсы алып, жүрегінің мейір нұрын төгіп, зердемізге білім гүлін еккен ол – ұстаздар. Өзінің бар уақытың аямай, шәкірттерінің бақытын аялай білген ұстаздар -  мәңгілікке аласармайтын Ұлы тұлға. Бүгінгі «Ұстаз- ұлағатты есім» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!


2-Ведущий.
Нам не сдержать волнения и радости,
Слушай нас, Родина! Слушай, Земля!
Наше приветствие! Здравствуйте!
Здравствуйте, дорогие учителя!

3-Жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, 
тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта 
бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

БІРГЕ.: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мелодия ойналады.

2-Ведущий Директор - верный страж порядка, 
Гарант, как нынче говорят, 
На все имеет строгий взгляд
И школе предан без остатка. 
Гроза обкуренных повес, 
Дамоклов меч девиц нескромных, 
Не замечает взглядов томных, 
С достоинством несет свой крест

1-Жүргізуші:1 Н Кұттықтау сөз мектебіміздің директоры Абишева Эльмира Абиловнага беріледі

фанфар

3- Жүргізуші : Нұрболат, бүгін бізде үлкен мереке.Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі.Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.Ұстаз-ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

1-Жүргізуші

Жүр: мұғалімдер күні – ол ерекше мереке. Бүгін барлық адамдар мерекені тойлауда, өйткені – ол кім болса да, президент болса да, теңізші болса да, жүргізуші, дәрігер, музыкант болса да, олар біреудің оқушысы болған.





2-Ведущий.
Знаний и мудрости школа наша обитель.
А сейчас рассказ о тебе пойдет —
Добрый и мудрый прекрасный учитель,
Слава тебе и почет!

Ән: 11 сынып 


3-жүргізуші: Наргиз, ушеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

3-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Динара , үшеуіміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Тақпақтар 6 оқушы._______________________ музыка ойналады

3-Жүргізуші:Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән – шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.


Би:_____11 «Г» _________


2-ВедущийПусть этот праздничный концерт
Вам скажет все за нас
О том, что столько лет
Мы очень любим вас
За честность, мудрость, ум, талант,
За ясность ваших глаз,
За вашу доброту,
Столь редкую сейчас.
И пусть поселятся в семье вашей навечно
Веселье, удача, друг к другу любовь,
Желаем вам счастья,
Здоровья, конечно,
И умных и добрых учеников


Примите музыкальное поздравление.

Ән:

1-Жүргізуші:Ұстаз - келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні - мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.


2-Вед:Не за горами и лесами
Живут кудесники сейчас.
Они приходят в школу с нами,
Вернее, чуть пораньше нас.
Метель ли, снег, шумит ли осень
В продрогших за ночь деревцах,
Они приходят и приносят
Нам солнце в трепетных руках.

Флешмоб

3-Жүргізуші Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Төгілген арай шуағым.

Арманым қонса, қолыма.

Арқаң деп сенің ұғамын.

Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды сізге бұл әнін.



Ән 11 Г

Игра: «Біздің әпкейлер!»

Алмаз: Сәлеметсіздер ме, құрметті біздің ұстаздар! Әр жылы біз сіздерге емтихан тапсырамыз, бұл әрқашан қорқынышты және қобалжулы сәт. Бүгін біз сіздерге емтихан тапсырушы оқушының орынында болып көруді ұсынамыз.

Вед: Здравствуйте, дорогие наши учителя! каждый год мы вам сдаем экзамены, это всегда очень волнительно, а порой и страшно. Сегодня мы предлагаем Вам побывать на месте экзаменующегося.

Алмаз ойын жургизеди

Жүр: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы-деп келесі мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің оқу үздігі , «Самұрық пікір сайыс» клубының президенті Бувабай Данаға беріледі.

Фанфар:

2-Ведущий.В прекрасную жизнь, в дорогу открытий
Готовит нас добрый и строгий учитель.
Учитель не только наш покровитель,
По совместительству он укротитель.
Бываем упрямы, дерзки, шаловливы,
Уроки не учим — бывает подчас.
Спасибо,
Спасибо, что так терпеливы,
Спасибо за то, что вы любите нас!

1-Жүргізуші: Ұстаз деген-жарық күні ғаламның ,

Ұстаз деген- анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың-деп келесі өнерімізді қабыл алыңыздар



Би:

3-Жүргізуші:Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік!


Ән:


Жүр: Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!

Ведущая: С праздником вашим мы вас поздравляем,
Не горевать никогда ни о чем.
Никогда не болеть, вам желаем.
Всегда быть счастливым, любимым.
Удачи вам всем! И во всем!

3 вед бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Сонгы ән: бәрі шыгады.

РАҚМЕТ!