СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?стаз - ?лы т?л?а

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Сынып  са?атыны?  та?ырыбы:?стаз - ?лы т?л?а

               Ма?саты:О?ушыларды ?стазды ??рметтеуге,сыйлау?а ?йрету;?стаз маманды?ыны? ?ыры мен сырларын т?сіндіру;?стаз е?бегін ?р?ашан ба?алай  білуге  ?йрету.

                                                     Ж?рісі:

   М??алім:?стаз...?андай ?асиетті с?з!?р адамны?  ж?регіне ерекше жылулы?  н?рын  себетін аяулы т?л?а  бейнесімен ?зектес ??ым.Адам  баласыны? ж?регіндегі ?адір т?тып ??рметтейтін екі  ??ым  болса,соны?  бірі-?стаз."?стаз"деген с?з ?аза?  баласы  ?шін  ?ашан да  ?асиетті,?адірлі  бол?ан."?стаздан т?рбие ал?ан"немесе "?стаз  алдын  к?рген"деген с?здер ??ла??а "Ана т?рбиесін ал?ан"деген с?здермен  ?штасып  жатады.Ендеше «?стаз-?лы т?л?а»атты сынып  са?атымызды бастаймыз.

Мират:?стаз – ?ла?атты есім. Ш?кірттерін білім н?рімен сусындатып, т?лім-т?рбие беру, жа?сы ?асиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта ба?ыт-ба?дар беруде ?стазды? е?бегі зор. Сонды?тан да ол ?рдайым ?асиетті т?л?а ретінде ерекшеленеді.Білім к?шін жылжытып келе жат?ан ?стаздар ?ауымына ??рмет арта бермек.

Г?лімай:Данышпан да, дана да о?ып сенен,

                Ата?-да??ын асырды бар ?лемнен.

               “?стаз” деген аяулы, асыл жанды,

               Жа?сы к?рем, арнаймын жа?сы ?ле?!

 Н?рдаулет:?стаз деген – жары? к?ні ?аламны?,

                      ?стаз деген – анасы ол адамны?.

                      Б?кіл ?лем мойындайды е?бегін,

                     Сен де одан адам болып жаралды?.

                       ?стазы?ды т?сінген сен тере?нен

                      Бар ?лемге е?бегімен еленген.

                     Сені? ба?ы? ?рге ?арай ?рлесе,

                      Ол да бірге ?уаныш?а кенелген.

                    Сол ар?ылы сен де ?мірді жал?ады?,

                     Ізгі іс ?ой, ?стаз тілін ал?аны?.

                     Ма?тау алса? ?стаздарды? алдында,

                   Ол ?зі?ні? орындал?ан арманы?.

                    ?стаз с?зін айтып ж?рдік ?н ?ылып,

                   Одан бас?а ж?рген кім бар жанды ??ып.

                   ?стаз деген – ?лыларды? ?лысы,

                    ?асиеті бас иелік м??гілік!

-Айсауле, Б?гін бізде ?лкен мереке. Б?гін ?стаздар ?ауымыны? т?л мерекесі. Олай болса б?гінгі к?н ?стаздар?а арналма?. ?стаз -?ла?атты есім. К?н с?улесі ?мірге ?андай жары? берсе, ?стаз есімі де ш?кірттерге к?ндей жары? береді.

А?ырын ж?ріп аны? бас.

Е?бегі? кетпес дала?а

?стазды? еткен жалы?пас,

?йретуден бала?а, – деп Абай атамыз айт?андай, ш?кірттеріні? ?зінен оз?анын кала?ан ?стаздар ?ауымы, мерекелері?із ??тты болсын!

Жанел:М??алімдер ?сте ?ртіс, жазушы, сот, басты?, сыла?шы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. ?йткені:

1) -?р м??алімні? ж?мыс б?лмесі, отыратын ж?мыс ?стелі, ?арама?ында 3-4 о?ушысы бар, кішігірім басты? емес пе? Ашса ала?анында, ж?мса ж?дыры?ында, – дегендей ?рыс, т?белес ж?ніндегі бала мен ата-ана дауын да бір ?зі шешіп отырады.

2) -?р м??алім ?з саба?ыны? шебері, я?ни режиссері, к?бінесе басты р?лде де ?зі ойнайды. ?ртіс демей к?р, к?не. К?пшілік к?рініске де ?зі ?атысады.

 3) -Бір тыным жо?. Кабинет тазалы?ы да ?з мойнында. Демек, майлаушы да ?зі, сылаушы да ?зі. Безендіруші де ?зі.

 4) -Жазушылар?а келер болса?, тіпті кейбір жазушылары?ыз да, м??алім ??сап к?нде жазу?а отырмас.Я?ни,жазушы да ?зі.

 5) -Со??ы кезде бухгалтер мен кассир де ?здері.

Аружан:?стаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

               Т?ла бой?а ?уат болып таралар

               К?п жаса?дар б?л ?мірде шуа? боп,

              Айналайын білім берген ?стаздар.

 С?лтанбек:?ылым иесі ?алым да, ел ?ор?а?ан батыр да, тілінен бал там?ан а?ын да, тегеуріні темір бал?ыт?ан ж?мысшы да, егін сал?ан ди?ан да, мал ба?ып терін т?ккен шопан да, к?к к?мбезінен ?рі ?ткен ?арышкер де б?рі-б?рі ?стаздан білім, т?лім ал?ан, сонды?тан ?ла?атты ?стаздар сіздерге б?кіл адам баласы ??рметпен бас иеді.

Т?уелсіз ел атанып, т?бемізге ту тігіп, тілімізді? м?ртебесі артып, ?лемге атымызды танытып жат?ан кезе?де ?лтты?, елді? болаша?ы – жас ?рпа? т?рбиесіне де мы?ты к??іл б?лінуі ?ажет.

Осы егеменді, т?уелсіз ?аза?станда ?ркениетке бастар жолды? бастауы – мектеп десек, мектепті? басты т?л?асы, ж?регі – М??АЛІМ.

Адамны? адам болып ?алыптасуына ата-аналармен ?атар, м??алімні? де р?лі зор.

?рпа? болаша?ы, хал?ымызды? келешегі ?азіргі ?стаздарды? ?олында.

?стаз болу – ж?ректі? батырлы?ы,

?стаз болу – сезімні? а?ынды?ы,

?стаз болу – мінезді? к?н шуа?ы,

Азбайт??ын адамны? алтынды?ы –

деп а?ын ?.?айырбеков жырла?андай, с?зі маржан, ?ні ?н ?стаздарды? бар бол?анын ма?таныш етемін. ?рине, ?стаз ж?гі – ауыр ж?к. ?стаздарды? ?серлі ?нмен, асы?пай м?нерлеп с?йлеген с?зінен ?рбір о?ушы?а деген ?ам?орлы?ты?, аналы?, ?келік сезімні? дана ойды? ысты? лебі есіп т?р?андай. И?, адамны? жан д?ниесін т?сініп, ренжітпей, ?ателігін сездіре білу – б?л на?ыз шеберлік емес пе?!

Осы ?стаздар жайында хал?ымызды? ?лы батыры Бауыржан Момыш?лы “?стазды? - ?лы ??рмет. Себебі, ?рпа?тарды ?стаз т?рбиелейді. Болаша?ты? басшысын да, данасын да, ?алымын да, е?бек?ор егіншісін де, кеншісін де ?стаз ?сіреді... ?мірге ?рпа? берген аналарды ?андай арда?таса?, сол ?рпа?ты т?рбиелейтін ?стаздарды да сондай арда?тау?а міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі а?ыл-ой, адамгершілік, ?дептілік, ар-?ят, ?лтты? сана-сезімді сі?іруші адам – М??алім.

Ендеше ?з ісіне берілген, жа?алы?ты жатсынбай ?абылдайтын, ш?кіртіні? жанына н?р ??йып, ?мірге ?зі де ба?ытты болып, ?згелерді де ба?ыт?а жеткізсем деп ж?ретін ?стаздарды? ж?ні де, жолы да б?лек.

“?стазды? еткен жалы?пас, ?йретуден бала?а” деп Абай атамыз айт?андай, ?стаз е?бегіні? ?ыр-сыры мол, ?иын да жауапты, шы?армашылы? е?бек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Н?ртілеу:?стаз!Осынау с?зде ?аншама м?н-ма?ына жатыр десе?ізші! ?ла?атты ой иелері де, арман оты ж?регінде алаула?ан жеткіншектер де, парасатты ?о?ам ?айраткерлері де бір адам?а ?арыздар. Ол – ?стаз! Ал?аш “?ліппені?” бетін ашып, ?ріп таныт?ан, ?мірді? ?ыр-сырын білуге, сан ?илы ??былыстарды тере? т?сінуге м?рынды? болып, жан д?ние?е н?рлы шуа? т?сіріп, адамгершілікке баулы?ан м??алімні? бейнесі к??іл т?рінен орын алады ?ой.?стаз да ди?ан сия?ты. Ол ?р адамны? жанына білім д?нін себеді. ?р ш?кіртін аялап ?сіріп, ?мір атты шексіз ?алам?а топшысын ?атайтып ?шырады. Д?лірек айтса?, адамды ?мір с?ре білуге т?рбиелейді. Сол ?шін бойында?ы асыл ?асиеттерін ш?кірттеріне сі?іріп, тер т?геді.

 

Просмотр содержимого документа
«?стаз - ?лы т?л?а»



Сынып сағатының тақырыбы:Ұстаз - ұлы тұлға

Мақсаты:Оқушыларды ұстазды құрметтеуге,сыйлауға үйрету;ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру;ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Жүрісі:

Мұғалім:Ұстаз...Қандай қасиетті сөз!Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса,соның бірі-ұстаз."Ұстаз"деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті,қадірлі болған."Ұстаздан тәрбие алған"немесе "Ұстаз алдын көрген"деген сөздер құлаққа "Ана тәрбиесін алған"деген сөздермен ұштасып жатады.Ендеше «Ұстаз-ұлы тұлға»атты сынып сағатымызды бастаймыз.

Мират:Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек.

Гүлімай:Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Нұрдаулет:Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

-Айсауле, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Жанел:Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

1) -Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 3-4 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

2) -Әр мұғалім өз сабағының шебері, яғни режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

3) -Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

4) -Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.Яғни,жазушы да өзі.

5) -Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Аружан:Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

Сұлтанбек:Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Нұртілеу:Ұстаз!Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!