СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"ҰСТАЗДАР - ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ! " ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шараның сценарий

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету мақсатында жасалған мерекелік іс-шараның сценарий

Просмотр содержимого документа
«"ҰСТАЗДАР - ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ! " ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шараның сценарий»






































Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар!Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар.Бүгінгі «Ұстаздар-ұлы тұлғалар»

атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: 

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің директоры Сейткожаев Қайсар Күнтуғанұлын шақырамыз.

Мусаева Ақботаның орындауында «Ардақты ұстазым » әні , қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: 

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

Ән. « Ұстазым менің » орындайтын 7 «А» сыныбының оқушысы Болатхан Меруерт

Жүргізуші: 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән, ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Жүргізуші: 

Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

ӘН : «Ұстазым » орындайтын 7 «А» сыныбының оқушысы Қуанышбай Зарина

Жүргізуші: 

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

«Қызғалдақ» тобының орындауында «ҚАЗАҚ БИІ» тамашалаңыздар.


Жүргізуші:

О, ұстаздар, басымды ием сіздерге,

Бүгінгідей мұғалімдер күнінде

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,

Жетсе деймін ұстазымның жүрегінің түбіне.

Барлық мектеп оқушыларының атынан ұстаздарымызды мерекесімен құттықтау үшін сөз мектептің «ЖасҰлан » ұйымының президенті Кеңес Аружанға беріледі.

ӘН : «Ұстазым менің» орындайтын 4 «А» сыныбының оқушысы Сағындыкова Аделя

Жүргізуші:

Ақыл, білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім

Сенде өсіп көктедім,

Сенсің өмір көктемім.

Алғыстарым көп менің

Асыл анам –мектебім!

ӘН : «Мектебім» орындайтын 2 «А» сыныбының оқушысы Мусаева Ақбота

Жүргізуші:

Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

«Гүлдер » тобының орындауында «ӨЗБЕК БИІ » тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Білімнің кәусәр бұлағын,

Жүресің құйып санама,

Біз үшін сенсің-мұғалім,

Ұстаз да,ғылым дана да.

Нурманова Айдана мен Шоқпарова Анеляның орындауында «Ұстазға 1000 тағзым» әні қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Мұғалім,ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін.

Әсем ән орындалады

ӘН : « Ұстазым » орындайтын 5 «А» сыныбының оқушысы Мұхамеджан Арсен

Жүргізуші:

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаздар-ұлы тұлғалар»

атты мерекелік концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!