Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Таным»
Бөлігі: Құрастыру
Тақырыбы: «Ұзын поезд»
Мақсаты: Бір бөлікті басқа бір бөлікке ауыстыра отырып,құрылымдарды өзгерту және құруды үйрету. Балаларға құрылыс материалды таңдауға,бөлшектерді ауыстыру арқылы құрылысын өзгерту. Іскерліктерін дамыту.
Билингвалдық компонент: үлкен-большой.
Сөздік жұмыс: поезд.
| Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің басқарымдық қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Балалармен амандасу. Жұмбақ жасырамын: Бас аяғы теп-тегіс болып біткен, Селкілдесе денесі дір-дір еткен. | Тәрбиешімен жақсы көңіл-күйде амандасу. Балалар жұмбақты шешеді. Поезд. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Біз бүгін поезд жасаймыз. Поезд қандай бөлшектерден тұрады? Қанша вагон болады? Балалар екі топқа бөлініп,тәрбиешімен бірге поезд құрастырады. Сергіту сәті: Жұмыстарын аяқтайды. Жеке көмек көрсету. | -Балалар назарларын тәрбиешіге аударады. -Балалар жауап беруге тырысады. - Вагондар. -Көп. -Балалар қызығушылықпен поезд құрастыруды бастайды. Балалар саусақ жаттығу жасайды. Қуыр,қуыр,қуырмаш Балапанға бидай шаш Бас бармақ, балан үйрек Ортан терек, шылдыр шүмек Кішкене бөбек. Балалар қызығушылықпен жұмыстарын аяқтайды. |
| Рефлексивті-коррекциялау | Жақсы құрастырған балаларды мадақтау. | Балалар сабаққа өте риза болды. |
Күтілетін нәтиже:
Үлкен бөлшек туралы ұғынады
Құрылыс материалдары туралы түсінеді
Құрастыру материалдарынан поезд жасау қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 02.12.2016 Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Таным» , Құрастыру
Тақырыбы: «Шырша»
Мақсаты: Жасыл түсті шаршы пішінді қағазды диагональ бойынша бүктеп
үйрету. Бүктеген қағаздардан шырша құрастыру. Билингвалдық компонент: шырша - елка
Сөздік жұмыс:диагналь бойынша бүктеу.
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекет қызметі |
| Мотивациялық қозғаушы | Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста қандай мерекелер болады? Жаңа жыл мерекесінде қандай ағаш қонаққа келеді? | |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалар бүгін біз шыршаны құрастырамыз. Шыршаның түсі қандай? Қазір біз шаршы пішінді қағазды диагнал бойынша бүктейміз. Бүктелген қағаздардан шырша құрастырамыз. Тәрбиешінің жұмыс ретін түсіндіруі – көрсетуі. Балалардың өздерінің жеке жұмыстары. Сергіту сәтін орындату. Қиналған балаларға көмек ұсыну. Д /о «Шыршаны безендір» | Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар тәрбиешіні түсініп - тыңдайды. Балалар өздері жеке жұмысқа кіріседі. Сергіту сәтін орындайды. Қиналған балалар көмек сұрайды. Балалар ойынға қатысады. |
| Рефлексивті-коррекциялау | Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Балаларды мақтап, мадақтау. | Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырылады. |
Күтілетін нәтиже:
Шыршаның не екенін ұғынады Жасыл түсті шаршы пішінді қағазды диагональ бойынша бүктеу туралы түсінеді
Бүктелген қағаздардан шырша құрастыруды қолданаалуы
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 13.01.2017 Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Таным» , Құрастыру
Тақырыбы: «Балабақша айналасындағы қоршау»
Мақсаты Құрылыс жасау дағдыларын әрі қарай дамыту, кірпіштерді төртбұрыш бойына арақашықтықты сақтай отырып орналастыру тәсілін қолдану.
Сөздік жұмыс: кірпіш, арақашықтық
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Шеңберге тұрады. Есіктің тарсылы естіледі. Әтеш қонаққа келіп өзінің балапандарын жоғалтып алғанын айтады. | Есіктің тарсылы балаларды таң қалдырады. Балалар мұқият тыңдайды. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Қыт-қыт балапандарымды көрген жоқсындар ма? Балалар тауыққа көмектесеміз бе? Ол үшін балабақша айналасын қоршау жасауымыз керек. Билингвалдық компонент: балабақша-садик, қоршау-забор Тақпақ оқу. Балабақша есігін Үшке тола ашқанбыз. Балапандай өсіріп, Мәпелейді бақшамыз. Бұл-екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Қоршауды неден жасаймыз? Қандай кірпіштерден жасаймыз? Кірпіштерді алып, қырынан бір-біріне жақын қоямыз. Бұндай қоршаудан балапандар шыға алмайды. Қоршауды жасайды.. Д/о «Не артық» | Тауықтың келгеніне қуанады. Иә , көмектесеміз. Тақпақты тыңдайды. Кірпіштерден. Түрлі-түсті. Тәрбиешінің айтқан нұсқауымен қоршауды жасауды бастайды Ойынды қызыға ойнайды. Балалар алдарында жатқан үлестірмелі материалдардағы суреттерді мұқият қарайды Артық суретті қарындашпен сызып тастайды Тәрбиешіге көресетеді |
| Рефлексивті-коррекциялау | Құрастырған қоршауларына риза болады. Бір-біріне көрсетеді, өз деңгейлеріне сай салыстырадығ әңгімелейді | Шаттана,қуанады құрастырғандарына |
Күтілетін нәтиже:
Қоршаудың не екенін ұғынады
Балабақша туралы түсінеді
Қоршауды құрастыруды қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 10.02.2017 Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Таным» , Құрастыру
Тақырыбы:«Орман алаңы»
Мақсаты: Қағазды жіңішке жолақшалар қылып жырту, оны ширатып үйрету
Көрнекіліктер:суреттер, қағаздар, орман макеті, жануарлар
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің басқарымдық қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Орман арасынан аңдардың дыбыстары естіледі.
- Балалар бұл ненің дыбысы? | Есіктің тарсылы балаларды таң қалдырады. Балалар мұқият тыңдайды. - Аю,қасқыр,қоян |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Бір кезде қоян келеді. - Сәлеметсіңдер ме? балалар - Мен сендерге қонаққа келдім - Мен жай келген жоқпын сендерге тапсырмалар ала келдім. Қане бірге орындайық.
Жұмбақ жасырады Күн жылынса киінеді, Суытса шешті киімді. Жел соқса тербеледі, Желге күш береді. Балалар енді біз осы жерде көп ағаштан тұратын қысқы орман жасайық Мына жерге қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
Сергіту сәті Көк қарағай, Көк қарағай, Көкке қарай қолыңды соз қарағай Оңға қарай көлеңкеңді соз қарағай Солға қарай көлеңкеңді соз қарағай Көк қарағай, Көк қарағай, Орман жасау үшін балалар мен сендерге мақта мен қағаз беремін. Содан ағаштар жасайсыңдар. Қағазды жыртып, ширату керек. Қоян қалай жасау керектігін көрсетеді. | Балалар қоянмен амандасады -Сәлеметсіңбе Қоянды тыңдайды Тапсырмаға қызығушылық танытады Балалар тапсырманы орындауға келіседі. Балалар жұмбақты тыңдайды Жауабы: -Ағаш Балалар келіседі Суретке мұқият қарайды Ағаштарды зерттейді Балалар қайталайды, қимыл – қозғалыспен көрсетеді Балалар мақта мен қағазды қарайды Әрқайсысы қолдарына алып, қысқы орман жасай бастайды |
| Рефлексивті-коррекциялау | Балалар жұмыстарыңды қараңдаршы кімде қандай жұмыс? | Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарайды Бір-бірімен сөйлесіп кімде қандай екенін айтады |
Күтілетін нәтиже:
Балалар орман туралы ұғынады
Орман аңдарының түрлері жайлы түсінеді
Көрсетілген үлгі бойынша жасау қолданады
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
ІІ кіші тобы « Көбелек»
Білім саласы: «Таным», Құрастыру тәрбиеші: Садвокасова В.А.
Тақырыбы: «Үй»
Мақсаты:Дайын құрастыру бөлшектері мен пішіндерден қарапайым
құрылыстар жасау дағдыларын дамыту.
Билингвалдық компонент:кірпіш-кирпич,құрлысшы –строитель,жол-дорога..
Сөздік жұмыс:кірпіш,пластиналар,суреттер.
| Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің қызыметі | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Балалар, әр балалның өз үйлері бар. Ал сендер айтыңдаршы сендер қандай үйде тұрасыңдар? | Балалар өзара пікірлесіп,қандай үйде тұратындарын айтады. Мен көп қабатты үйде тұрамын. Мен жер үйде тұрамын. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Ал ендеше өзіміз тұратын үйді құрастырып көрелік. Үйді саларда қазақ халқы асарлату жасайды,ол дегеніміз көмекке адамдар шақырады.Сондықтан біз екі топқа бөлініп үй құрастыра мыз Ал енді үйді құрастырмас бұрын бізге не қажет? Сезім не керек екен? Ал ең алдымен үйдің ірге тасын қалаймыз.Үйдің ірге тасы мықты болса,оған қаланған үйдің қабырғасы да мықты болады. Балалардың құрастырған үйлерін бағалау,екі жақты салыстырып,бағалау. Билингвалдық компонент: кірпіш-кирпич,құрлысшы –строитель,жол-дорога.. Сергіту сәтін орындату. Д /о «Өз үйіңді тап» | Балалар өз үйлерін құрастыруға бекінеді. Балалар екі топқа бөлінеді. Бізге кірпіш,пластиналар қажет. Сезім: үйге кірпіштер керек Балалар үйдің ірге тасын мықтап бекітеді. Балалар біреуі кірпіш тасып,біреулері оны құрастырып көмектеседі. Сергіту сәтін орындайды. Балалар ойынға қатысады. Дамир: кірпіш- кирпич Қайрат: құрылысшы- строитель Анель: жол-дорога |
| Рефлексивті-коррекциялау | - Біз не құрастырдық? Неден құрастырдық? Балаларды мақтап – мадақтау. | -Үй. Кірпіш, пластиналардан құрастырдық. Балалар қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
«Ұзын», «қысқа» ұғымдары туралы ұғынады
Қарапайым құрылыстар жасау жайлы түсінеді
Үйді құрастырудықолдана алады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 03.03.2017 Тәрбиеші:Садвокасова В.А.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Таным» , Құрастыру
Тақырыбы:«Бұтақтағы торғайлар»
Мақсаты:Қызыл түсті ылғалды қағаз парақтарын дөңгелек көлемінде құру қабілетін қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: үштік, үлпілдек. Көрнекіліктер: суреттер. Құрал жабдықтар: желім, сүлгі, қылқалам, дайындалған бөлшектер.
| Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық-қозғаушы | Дауысын естірту. Балалар бұл ненің дауысы? Торғайды көрсету. Балалар, торғайдың қандай? Түсі қандай? Неше көзі бар? Аяғы нешеу?Тұмсығы қандай? Қанаттары бар ма? Торғай дала құсына жатады. Ал мынау не? Ал мынау жанындағы нелері?Дұрыс айтасыңдар! | Қызығушылықтары артады. Бұл-торғайдың дауысы. Жұмсақ ,үлпілдек. Түсі қызыл. Тұмсығы үштік, қанаттары бар. Бұл –торғай. Бұл үйректің балапандары. |
| Ұйымдастырушылық- ізденіс | Ендеше қазір сендермен балапанды жасаймыз. Мен көрсетейін сендер мұқият тыңдап алыңдар. Ең алдымен мен сары түсті қағазды умаждаймын, содан соң тұмсығын жапсырамын,кейін көзін фламастермен саламын. Содан кейін ол жүзеді. Сергіту сәті:
Ал енді жұмысымызға кірісейік. Балаларға құрал –жабдықтардың не үшін керектігін естеріне салып өтемін. Жұмыстарын қалай орындап жатқандарын қадағалаймын. | Балалар мұқият тыңдап отырады.
Кәне,құсқа ұқсайық, Қанатымызды қағайық Оңға ұшып, Солға ұшып Дөңгеленіп айналып Орнымызды табайық. Балалар жұмыс жасауға кіріседі. Ең алдымен олар сары түсті қағазды умаждайды, содан соң тұмсығын жабыстырады, кейін көздерін салады. Балалар ұқыпты жасауға тырысады. |
| Рефлексивті-түзету | Балалар біз бүгін не жасадық? Қандай түстен жасадық? Тұмсығы қандай? Олар не істеп жүр? Маған сендердің жасаған балапандарың ұнады ! Рахмет сендерге! | Біз бүгін балапан жасадық. Сары түсті қағаздан жасадық. Онің тұмсығы үштік. Олар суда жүзеді жүр. |
Күтілетін нәтиже:
Балапан жайлы ұғынады Балапанның дене бөліктерін түсінеді
Қағазды умаждау дағдыларын қолданады
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
Күні,число: 31.03.2017Тәрбиеші, воспитатель:Садвокасова В.А.
ІІ кіші тобы, 2 младшая группа«Көбелек»
Білім саласы, образовательная область: «Таным» ҚМҰҚ
Тақырыбы, тема:«Көктемдегі бақбақтар» (ұжымдық жұмыс)Мақсаты, цель:: Дымқыл сары түсті қағазды умаждап гүл жасату. Оны үлкен жасыл түсті қағазға жапсырту. Ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,қиялын көркемдік талғамын дамыту. Сөздік жұмыс, словарная работа: бақбақ Көрнекіліктер, наглядный материал: суреттер, салфетка,желім,түрлі-түсті қағаз
| Іс-әрекет кезеңдері. Этапы действий | Тәрбиешінің қызметі Действия воспитателя | Балалардың іс-әрекеті Действия детей |
| Мотивациялық-қозғаушы Мотивационно- | Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс айтасыңдар! Ал көктем мезгілінде қандай гүлдер өседі? Ғажайып сәт: Балалар қараңдаршы бізге бүгін Айгерім қуыршақ гүлдер алып келіпті танысамыз ба? Балалар, бұл не? Қандай гүл? Гүлдің пішіні қандай пішінге ұқсайды? Ал түсі қандай? Билингвальдық компонент, билигвальный компонент: гүлдер - цветы | Қазір жылдың көктем мезгілі. Мұқият тыңдайды. Бақбақтар,қызғалдақтар. Айгерім қуыршақтың келгеніне қуанады -Ия танысайық Бұл – гүл. Дөңгелекке ұқсайды. Сары түсті. |
| Ұйымдастырушылық- ізденіс Организационно-поисковая | Балалар, ендеше біз сендермен қазір бақбақ гүлін жасаймыз. Ең алдымен мен айтып, көрсетейін сендер мұқият тыңдаңдар. Менің қолымда дымқыл сары түсті қағаз мен оны екі қолдың көмегімен умаждаймын. Умаждалған қағаз қандай фигураға ұқсайды? Ендеше оны жасыл түсті қағазға жапсырамын. Бұл бізде қандай гүл болды? Жұмысқа кіріспес бұрын серігіп алайық. Сергіту сәті:
Ал ендеше гүл жасауға кірісейік. Сендер қандай пішінге ұқсас етіп умаждап жатсыңдар? Гүлдің түсі қандай? Өте жақсы балалар! Жарайсыңдар! Сендердің жасаған гүлдерің қандай керемет! Өте ұқыпты жасапсыңдар. |
Мұқият тыңдап отырады.
Дөңгелек пішінге ұқсайды. Жасыл түсті қағаға жапсырдық. Бақбақ гүлі болды.
Сергіту сәтін жасайды, қайталайды.Балалар серігіп қалады. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі. Балалардың қызығушылықтары артады, ойланады және дұрыс жасауға тырысады. Гүлдің түсі сары.Дөңгелек пішінге ұқсатып жасадық.
Мадақтағанға қуанады. Жақсы жасауға тырысады. |
| Рефлексивті-түзету Рефлексивно-корректирующий | Балалар, сендер бүгін не жапсырдыңдар? Дұрыс айтасыңдар! Балаларға өз алғысымды білдіремін. | Бақбақ гүлін жапсырдық. Балалар өз білгендерін айтады.Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже, ожидаемый результат:
Бақбақ гүлі жайлы ұғынады воспроизводитБақбақ гүлінің пішінін түсінеді понимаетБақбақ гүлін жапсыру дағдыларын қолданады применяет
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
Күні,число: 31.03.2017 Тәрбиеші, воспитатель:Садвокасова В.А.
ІІ кіші тобы, 2 младшая группа«Көбелек»
Білім саласы, образовательная область: «Таным» ҚМҰҚ
Тақырыбы, тема:«Қысқа трамвай» (ұжымдық жұмыс)
Мақсаты, цель:Түрлі-түсті бөлшектер мен пішіндерден қарапайым құрылыстар жасауды, бөлшектерді қатарласып қосу тәсілдерін қолдану Сөздік жұмыс, словарная работа:трамвай, көлік Көрнекіліктер, наглядный материал: суреттер, көлік макеттері, түрлі пішіндер
| Іс-әрекет кезеңдері Этапы деятельности | Тәрбиешінің қызметі Действия воспитателя | Балалардың іс-әрекеті Деятельность детей |
| Мотивациялық қозғаушы Мотивационно - побудительный | Балалар сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? | Балалар өздері білетін көлік түрлерін атайды. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс Организационно – поисковый | Тақтаға қарайық? Бұл ненің суреті? Жоқ балалар,бұл поезд емес,бұл поездың бір түрі- трамвай. Трамвай немен жүреді? Трамвай ұзын ба?әлде қысқама? Ал түсі қандай? Трамвайдың пішіні қандай? Ал енді балалар, қазір біз трамвай құрастырамыз. Трамвайды біз мына жерде жатқан түрлі пішіндерден жасаймыз мен сендерге қалай жасалатынын көрсетемін Тәрбиешінің жұмыс ретін түсіндіруі - көрсетуі. Балалардың өздік жұмыстары. Сергіту сәтін орындату. Барлық балалардың құрастыруын қадағалау. Балалар біз трамвай жасадық. Балалар айтыңдаршы трамвайды кім жүргізеді? Билингвальдық компонент, билингвальный компонент: жүргізуші – водитель, қысқа - короткий | -Балалар назарларын тақтаға аударады. - Поезд. Балалар трамвай деп қайталайды. -Рельспен жүреді. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. -Ұзын. -Көк. -Трамвайдың пішіні төртбұрыш Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар өздері трамвай құрастыруға кіріседі. Сергіту сәтін орындайды.Сыңғыр, сыңғыр сыңғырлар, Құлағымда ырғалар. Оң қолымда білезік, Саусақтарда сақина, Санап көрші кәнекей 1,2,3 Дем аламыз жинап күш. Барлық балалар жұмыс жасайды.
-Трамвайды жүргізуші жүргізеді. |
| Рефлексивті-коррекциялау Рефлексивно-коррегирующий | Балалар бүгін біз не құрастырдық? Трамвай қандай болды? | -Трамвай құрастырдық. -Қысқа |
Күтілетін нәтиже, ожидаемый результат:
Түрлі-түсті бөлшектер мен пішіндерден қарапайым құрылыстар жасауды ұғынадывоспроизводит
Трамвай туралы түсінеді понимает
Трамвай құрастыруды қолданады применяет