СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Уатдуоа, щкулажлжлжь ждьажльцждль

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

ьвлжуцьль ьуюаь, ьюуь аюцьюмь. едь,ьпеь.  ьв сьв сьб в

Просмотр содержимого документа
«Уатдуоа, щкулажлжлжь ждьажльцждль»

Күні 4.09.14 ж


Сабақтың тақырыбы: Таным белестері

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы жағымды көзқарас қалыптастыра отырып,оларға өзін-өзі жетілдіріп,өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өмірлік бағытты дұрыс таңдау арқылы дамып, жетіліп отыратын қасиет екендігін ұғындыру;

  • оқушылардың өз бойларындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алуға үйрету;


Шаттық шеңбері:

Төле бидің мына нақыл сөзін оқып, өздерінің ойларын ортаға салады.

Біліп айтқан сөзге күн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.


Әңгімелесу.

Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

  • Жазғы демалысты қалай өткіздіңіздер?

  • Демалыс кезінде қандай пайдалы іс жасадыңыздар?

  • Өзін тану үшін адам не істеуі керек деп ойлайсыздар?


Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген Н.Р.Күнхожаевтың «Өмірлік бағыт» атты мақаласы талданады.

  • Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре біліңдер;

  • Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;

  • Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;

  • Адамнығ әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз, ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;

  • Өмірде жақсылық та, жамандықта та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз, алыңыз, ал жамандығына ренжімеңіз.

Өмірлік жолды, өмірлік бағытты таңдай отырып адамгершілік, әділдік, адалдық, ш ыншылдық. ар-ұят тәрізді адамдық асыл қасиеттерді басшылыққа алу керек.

  • Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыздар?

  • Сіз өмірлік жоолыңызды қалай таңдар едіңіз?




Оқу ақпараты

Адамның танымдық әрекеті оның өзін –өзі дамытып, өзін-өзі түсінісуінен басталады. Адамның таным жолындағы жетістіктері оның өзі тіршілік ететін ортаны жетік білуіне байланысты. Адам барлық дүниені, болмысты танып білуі үшін айналасымен жағымды қарым-қатынаста болуы шарт. Таным баспалдақтарымен жоғары өрлеп, таным белестерінен сүрінбей өту – әр адамның өмірлік нысанасы болып табылады. Адамның өзіндік ұстанымы, дүниеге деген көзқарасы, пікірі, іс-әрекеті және қоғамдық қызметінің пайдалы болуы оның таным тағылымдарын еркін игергендігін көрсетеді. Өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білген адам таным жолында өз мақсатына жетеді. Әр адам өз өмірлік ұстанымы, таным жолы да айқын болады.


Назар аудару

Сабақтың түйіні ретінде Б.Әлжақсыұлы жинастырған «Тоғыз жауығ тағы бар...» атты өміріне кері әсерін тигізіп, адамгершілік қасиеттердің құнын түсіретін төмендегідей жаман әдеттерді еске сақтау тапсырылады.


Шығармашылық тапсырма

Төменде берілген ой-тқжырымды жалғастырыңыздар:

  • Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді;

Шығармашылық жұмысты орындауда оқушылар өмірлік ұстаным, өмірлік мұрат, өмірлік бағыт туралы өз пікірлерін жазады.


Дәйексөз

Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани алаасың.

Иоганн Гете



Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.




Күні 11.09.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: Таным белестері

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы жағымды көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

  • адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өмірлік бағытты дұрыс таңдау арқылы дамып, жетіліп отыратын қасиет екендігін ұғындыру;

  • оқушылардың өз бойларындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алуға үйрету;


Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген Б.Үсеновтің «Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар» атты өлеңді талдай отырып, оқушылар адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударады.

«Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар» деген ойды қалай түсінесіздер?

Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп ойлайсыздар?

Сіз өз жолыңызды қалай таңдар едіңіз?


Оқу ақпараты

Адамның өзін-өзі бағалауы, әлеуметтік-мәдени құндылықтарға байланысты белсенді көзқарас ұстануы және осы арқылы өзінің өмір сүру мәнін анықтауы оның дүниетанымына жол ашады. Адам өзіне қажетті сапалық қасиеттерді өмірлік тәжірибе арқылы жинақтайды. Өмірге келген нәресте бірден қалыптаспайды. Ол ер жете келе өз орнын табуға ұмтылады. Адамның қалыптасуы мен кәмелетке жетуі, өмірге араласуы әр түрлі кезеңдерден тұрады. Соның ішінде ең қымбаттысы – балалық шақ пен жастық кез. Бұл уақытта адам алдына мақсат қойып, өмірден үйренуге тырысады. Көп білсем екен, көп көрсем екен деп талпынады. Сөйтіп, оның танымдық жолы басталады.


Назар аударыңыз

Өзіңді танығың келсе,

Адамдарға, олардың ісіне қара.

Өзгені таныңығ келсе,

Өзіңнің жүрегіңе үңіл.

Фридрих Шиллер

Тапсырма

«Мен және менің ішкі жан әлемін» тақырыбана ой-толғау жазыңдар. Жұмыс дәптерде орындалады.




Дәйексөз

Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңіздер.

Нағыз адамның өзі де танымы кең, рухы биік бола алмайды. Өйткені оны алып жүру оңай емес, оның жолы да ұзақ.

Конфуций


Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптеріне 1-тапсырманы орындату.


Үй тапсырмасы

Жазғы демалыста өзіне және өзгелерге қандай жақсылық жасап, көмек бере алғандары жайлы әңгіме жазып келуді тапсырады.


Жүректен жүрекке

Оқушыларға бір-біріне жақсы тілек айтып, А.Шамкеновтың «Әр адам» атты өлеңін оқиды.






























Күні 18.09.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: Ой-өріс кеңдігі және ақыл - парасат

Сабақтың мақсаты:

«ой-өріс», «ақыл», «дүниетаным» туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың міндеттері:

«ой-өріс», «ақыл», «дүниетаным» туралы білімдерін тереңдету;

  • ақыл-ойларын дамыту;

  • ақыл-ойын жақсылыққа жұмсауға тәрбиелеу.


Шаттық шеңбері

Берілген өлеңді оқып, оқушылар ой-өріс пен ақылдың адам ойының, дүиетанудағы қажетті құндылық екендігіне назар аударады.

Әңгімелесу

Өмірді танып білу дегенді қалай түсінесіздер?

Ой-өріс, дүниетаным және сана-сезімнің ақылға қандай қатысы бар деп

ойлайсыздар?

Ақылды және ақылсыз деп қандай жағдайда айтады?


Оқу ақпараты

Адам баласының ең басты құндылығы – өмір. Ал өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істерімен бағаланады Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді Өйткені оның бойында жігер,таоап, қайрат, өнер және болашаққа деген жарқын сенім мол болады. Ақылды адамдар іздену, ойлану, көп оқу және талмай еңбектену арқылы данышпандыққа, парасатқа жетеді. Ой-өрісі кең, білімдар адамның рухы биік, адамгершілігі жоғары болады.


Мәтінмен жұмыс

Берілген мәтінді оқи отырып, оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екендігіне назар аударады.

  • Бөлтірік шешеннің жауабынан нені байқауға болады?

  • Сіздерге осы мәндес сұрақ қойылса қалай жауап берер едіңіздер?

  • Ақыл-ойдың адамға қандай қажеттілігі бар?


Назар аударыңыз

Ақылды адам ерінбейді,

Білімді адам сүрінбейді.

Ақылды үйренуге құмар,

Ақымақ үйретуге құмар.

Халық мақалы


Сахналау

Өзін-өзі тану сабақтарында бұл тәсіл оқушылардың ішкі мүмкіндіктері мен табиғи дарынының ашыла түсіне ықпал етеді. Берілген мәтіндерді рөлдерге бөліп орындау арқылы балалар кейіпкердің сезімін, күйініш-сүйінішін өз қабылдауынан өткізеді. Сахналық тапсырманы орындау сонымен бірге оқушылардың топта, ұжымда бірлесе әрекет ете алу іскерліктерін де шыңдай түседі.

Ертегіні рөлдерге бөліп оқып, данышпанның сөзін өз ойларыңызбен жалғастырыңыздар.


Дәйексөз

Кімде – кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жинағаны бар адам. Ондай кісі жаңа естіп, көріп білгендерін сынап, орынды – орынсызын бағанағы жиған нәрселеріне қарай есеп кһқылады. Бұлай етіп қарекет еткен адамды ақылды дейміз.

Абай


Тапсырма

«Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған зор болар» тақырыбына пікірталас ұйымдастырып, өз көзқарастарыңды дәлелдеңдер.






Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.



















Күні 25.09.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: «Ой-өріс кеңдігі және ақыл - парасат»

Сабақтың мақсаты:

  • «ой-өріс», «ақыл», «дүниетаным» туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың міндеттері:

  • «ой-өріс», «ақыл», «дүниетаным» туралы білімдерін тереңдету;

  • ақыл-ойларын дамыту;

  • ақыл-ойын жақсылыққа жұмсауға тәрбиелеу.


Шаттық шеңбері

Берілген өлеңді оқып, оқушылар ой-өріс пен ақылдың адам ойының, дүиетанудағы қажетті құндылық екендігіне назар аударады.


Мәтінмен жұмыс

Берілген мәтінді оқуда барлық ғылым саласында із қалдырған Әл-Фарабидің ғұламаның білім жолындағы ізденістері оны әлемдегі ең ойшыл адам ретінде танытқанын оқушылар қызыға тыңдап, өздеріне сабақ алады. Мәтінмен жұмыс жасауда мұғалім түпсіз терең ой, ақиқат, парасат сияқты құндылықтардың танымдық мәнін түсіндіреді. Төмендегі сұрақтармен жұмыс жүргізіледі, «Мәшһүр» сөзіне түсінік беріледі.


Назар аударыңыз

Адамға тән алты қасиет:

  • Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің;

  • Сені өрге сүйрейтін өнер-өрісің;

  • Тек ілгері бастайтын талабың;

  • Ешқашан алдамайтын тапқырлығың;

  • Қиындықта сыналатын қайратың;

  • Бәрінен күшті ететін ақылың мен білімің.

Тайжан

Қалмағанбетұлы


Оқу ақпараты

Адам бойындағы ақылдылық пен білімпаздықтың зиялылық пен зерделіліктің, кемеңгерлік пен кішіпейілділіктің белгісі – парасат деп аталады. Парасатты адам ойын жүзеге асыру үшін алдымен істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін ақыл таразысынан өткізіп алады. Парасат – адамзат ақыл-ойының шығармашылық сипатын, танымдық қабілеттілігін білдіретін ұғым. Адамгершілігі мол, ой-өрісі кең адамның парасаты мен пайымы үндес келеді. Ондай адамдарға әдеп-инабат, салиқалық пен мейірімділік, ізгілік пен мінезділік және тағы толып жатқан кісілік келбетті көрсететін қасиеттер тән болады.


Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс оқушылардың даралық қабілеттерін дамытып, оларды ізденімпаздыққа жетелейді. Берілген шығармашылық тапсырмаларды орындауда әр оқушының өзіндік қабілеті, ішкі мүмкіндіктері ашыла түседі. Шығармашылық тапсырмаларды орындау өз бетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

«Ақыл-ой – жан қуаты» тақырыбына шығарма жазыңдар.


Дәйексөз

Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.


Ой деген – бір терең дария тұңғиық,

Ой қажытар бір қайғы, бір нұр құйып.

Ой деген – сел, онда құлан қағы жоқ,

Ой дегенің – таусылмайтын кермиық.

М.Жұмабаев



Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.


Жүректен жүрекке

Халық мақалының мазмұнына орай оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін қажетті қасиеттерді бір-біріне тілеп, сабақты қорытады.

Ой түбінде алтын бар,

Ойлай берсең табарсың.

Жолың ұзақ болғанмен,

Жүре берсең барарсың.













Күні 02.10.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: Ниет тазалығы – изгілік бастауы.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  • Жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру;

  • оқушыларды жақсы ойлауға, ізгі ниетті болуға үйрету;

  • адамгершілікке тәрбиелеу.


Шаттық шеңбері


Әңгімелесу





Мәтінмен жұмыс

Берілген мәтінді оқуда барлық ғылым саласында із қалдырған Әл-






























Күні 09.10.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: Ниет тазалығы – изгілік бастауы.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  • Жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру;

  • оқушыларды жақсы ойлауға, ізгі ниетті болуға үйрету;

  • адамгершілікке тәрбиелеу.


Шаттық шеңбері


Әңгімелесу





Мәтінмен жұмыс

Берілген мәтінді оқуда барлық ғылым саласында із қалдырған Әл-






























Күні 16.10.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: Рухани байлық – игілік көзі.

Сабақтың мақсаты:

  • оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • рухани байлық көздерін ұғындыру;

  • рухани байлықты бағалай білуге үйрету;

  • рухани байлыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері



Әңгімелесу





Мәтінмен жұмыс

Берілген мәтінді оқуда барлық ғылым саласында із қалдырған Әл-






























Күні 23.10.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: Рухани байлық – игілік көзі.

Сабақтың мақсаты:

  • оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • рухани байлық көздерін ұғындыру;

  • рухани байлықты бағалай білуге үйрету;

  • рухани байлыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері



Әңгімелесу







































Күні 30.10.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ.

Сабақтың мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып,олардың қабілеттеріне орай жағдай туғызу.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік : адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету;

2. Дамытушылық : әр оқушының өз мүмкіндігін танып дамытуына ықпал ету;

3.Тәрбиелік : өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, сұхбаттасу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.1.Амандасу,оқушыларды түгендеу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Дәйексөз

Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нірсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп айтуға болады.

Леонордо да Винчи

Әңгімелеу.

Сұрақтар:

1.Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма? Неліктен?

2.Қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыңдар?

3.Мақсатқа жетуге адамның өзгелердің алдындағы міндеттері мен парыздары кедергі бола ала ма?

Шығармашылық жұмыс.

Бір күндік,бір апталық бір айлық мақсатыңызды жоспарлаңыз,оларға жету жолдарын белгілеңіз.

Топпен ән айту.

Сөзі мен әні Е.Елгезековтікі «Ертегілер әні»

Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен.

Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық.Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.Жайлап көздеріңізді ашуға болады.






Күні 13.11.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ.

Сабақтың мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып,олардың қабілеттеріне орай жағдай туғызу.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік : адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету;

2.Дамытушылық : әр оқушының өз мүмкіндігін танып дамытуына ықпал ету;

3.Тәрбиелік : өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, сұхбаттасу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.1.Амандасу,оқушыларды түгендеу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Жаңа ақпарат

Егер адам шын ниеттенсе, қолынан көп іс келеді. Қазақ халқында «Алынбайтын асу жоқ» - деген қанатты сөзі бар. Бұл қанатты сөздің астында ізгі ниет, адал ой ойлап, талаптанып,еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі,алмайтын асуы жоқ деген ой бар.

Мәтінмен жұмыс.

Оқулықта Д.Алленнің шығармасы берілген. Шығарманы оқытуда жетістіктің адамға көп еңбекпен,парасатпен келетінін ұғындыру.

«Назары ідемінің ой – санасы әдемі келеді, ой – санасы әдемі адам өмірдің ләззатын көреді» деген оймен қаншалықты келісесіздер?

Сахналау.

«Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында шағын қойылым сахналау.

1.Талапты оқушы;

2.Жалқау оқушы;

3.Даукес оқушы;

4.Келісімге тез келетін оқушы;

5.Бәріне және барлығына көңілі толмайтын оқушы.

Топпен ән айту.

Сөзі Т.Молдағалиевтікі, әні Ә.Бейсеуовтікі «Адам» әні

Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен.

Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық.Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.Жайлап көздеріңізді ашуға болады.


Күні 20.11.14 ж.


Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты.

Сабақтың мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру.Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік : салуатты өмір салтының мәнін түсіндіру;

2. Дамытушылық : зиянды заттарды қолданудың алдын алу;

3.Тәрбиелік : салауатты өмір салтын ұсануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, сұхбаттасу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.1.Амандасу,оқушыларды түгендеу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.


Дәйексөз

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде !

Мақал

Әңгімелеу.

Сұрақтар:

  1. Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен?

  2. Адамдар неліктен темекі шнгеді деп ойлайсыз?

  3. Сізге түрлі іс – әрекетке барар алдында «қаламаймын ,бірақ осылай істеу керек,сондықтан да өз ойымнан бас тартуға тиіспін» деген ой келе ме?Әлде іске бірден кірісіп кетесіз бе?

  4. Ішімдіктің адам өміріне тигізетін зияны туралы баяндап беріңіз?


Топпен ән айту.

Сөзі Қ.Жұмағалиевтікі,әні И.Нүсіпбаевтікі «жастар» әні

Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен.

Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық.Осының барлыңын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.Жайлап көздеріңізді ашуға болады.