Орал «Мақсат» медициналық колледжі
0306000 «Фармация» мамандығы
0306013 «Фармацевт» біліктілігі бойынша
«Органикалық химия» пәнінен
тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық

Орал қаласы,
2017-2018 оқу жылы
ББК 24.2 .73
УДК 547(075.8)
И. 87
Құрастырушы:
Исмагулова А.И. – жоғары санатты химия пәні оқытушысы
Рецензиялаушы:
Каримова А.С. Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің жоғары санатты оқытушысы
Мендалиева Д.К. БҚМУ химия кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының докторы, профессор
Бұл әдістемелік нұсқаулық «Органикалық химия» пәні бойынша 0306000 -«Фармация» мамандығы бойынша оқитын оқытушыларға арналған
Әдістемелік нұсқауда есептер, слайдтар тізімі, терминдер жиынтығы, тәжірибелер берілген. Ол медициналық мамандығын таңдаған оқушыларға органикалық химия пәні бойынша толық мағлұмат береді.
|
| «Органикалық химия» пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық Библиографиялық сипаттама /авт.-құрастырушы: Исмагулова А.Е. «Органикалық химия» пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық –Орал.,2017.-189 бет |
Колледж әдістемелік Кеңесінде ұсынылған 2017 жыл 17 ақпан №3 хаттама
©ОӘК, 2017
«Органикалық химия» пәніне арналған
Оқу – әдістемелік жиынтығының құрылымы
| БЛОК | Оқу – әдістемелік жиынтықтың құрылымдық тізімі |
| І ТӘЖІРИБЕЛІК БЛОК | Тәжірибелік сабақтарға арналған жоспар Пән бойынша жабдықтар тізімі |
| ІI БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ | 4.1Пәнді оқу барысындағы нәтижені бақылауға арналған әдістемелік материалдар 4.2 Аралық бақылауды өткізуге арналған бақылау құралдары 4.2.1 Бағалау құралдарының бақылау жинақтарының түрлері мен сипаттамалары Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі Аралық бақылау тесттері Саралау сынақты өткізуге арналған бақылау құралдары 4.3.1 Саралау сынаққа арналған сұрақтар тізімі 4.3.2 Саралау сынаққа арналған билеттер тізімі |
«Органикалық химия» пәні бойынша тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары мамандық 0306000 «Фармация»
| № | Тақырыптың (бөлімнің) атауы | Тәжірибе |
| 1 | Органикалық қосылыстардың кеңістік құрылымы (стереохимияның негізі). Органикалық қосылыстардың қышқылдылығы мен негізділігі. Бренстед-Льюис теориясы | 4 |
| 2 | Алкандар (қаныққан көмірсутектер, балауыздар). Циклді қосылыстар. | 4 |
| 3 | Бір атомды және көп атомды спирттер. Жай эфирлер. Тиоспирттер, тиоэфирлер, сульфоқышқылдар | 4 |
| 4 | Ароматты аминдер. Алифатты аминдер. Диазо- және азоқосылыстар | 4 |
| 5 | Алифатты бір негізді карбон қышқылдары және олардың туындылары. Ароматты монокарбон қышқылдары. Көпнегізді қышқылдар. | 4 |
| 6 | Гетерофункционалды органикалық қосылыстар | 4 |
| 7 | Гетероциклді қосылыстар. Көмірсулар. | 4 |
| 8 | Нуклеин қышқылдары | 4 |
| 9 | Сабынданатын липидтер. Сабынданбайтын липидтер | 4 |
| | Барлығы | 36 |
Тәжірибелік сабақ.
Тақырыбы: Органикалық қосылыстардың кеңістік құрылымы (стереохимияның негізі). Органикалық қосылыстардың қышқылдылығы мен негізділігі. Бренстед-Льюис теориясы
Мақсаты: Органикалық қосылыстардың кеңістік құрылымымен танысу. Бренстед-Льюис теориясы бойынша қышқыл мен негіздерге назар аудару.
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, өзіндік жұмыс жасау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер;Л.М.Пустовалова«Органическая химия» 2005
С.Э.Зурабян, А.П.Лузин «Органическая химия» 2014
Тапсырмалрды орындау
Тапсырма 1
1. Функционалдық тобында оттек, азот атомдары бар органикалық қосылыстардың құрылысын көрсет.
2. Мына қосылыстарды орынбасарлы номенкулатура бойынша ата:
а) СН3СН2СН2СООН б)СН3СН=О: в) СН3СН2ОН: г)СН3SH: д)СН3СН2NH2
3. Конформация және конфигурация ұғымдарының өзгешелігі неде? Қандай алкендер геометриялық изомерия көрсетеді: а )2-пентен; б) 1- бутен; в )4- метил-3-гептен; г) 2-бутен.
4. 2,4-диметил-2-пентен мен 2,2,4-үшметил-3-гексенді гидрлеу және озондау реакцияларын жазыңыз.
5. 3-метил-1-пентеннің 3-метил-2-пентенге ауысу сұлбасын жазыңыз және соңғысының НСI және НОСI-мен реакцияларын жазыңыз.
6. 4-метил-2-этил-1-пентен үшін электрофильдік қосылу реакцияларын жазыңыз.
7. 4-метил-2-пентен мен 4-метил-1-пентеннің концентрленген КMnO4 ерітіндісімен тотығу реакцияларын жазыңыз.
8.цис-полибутадиен мен цис-полиизопреннің құрылыс формулаларын жазаңыз.Табиғи және синтетикалық каучук дегеніміз не?
9.Кеклесі өзгерулерді жургізіңіз:а)1-бромбутан-1,3-бутадиен,б)3,4-дибром-1-бутен-1-бром-2-бутен,в)1,4-бутандиол-1,4дихлор-2-бутен,Вr2 KOH H2O+CI2 AIO
Тапсырма 2. Марковников ережесіне мысалдар жазыңыз:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Тапсырма 3.Сәйкестендіріңіз:
| Молекулалық формуласы | | Аталуы |
| С2Н6 | | Пентен |
| С3Н6 | | этан |
| С4Н10 | | Октен |
| С8Н16 | | Пропен |
| С7Н14 | | Бутан |
| С5Н10 | | Гептен |
Тапсырма4 . Химиялық диктант
1.Жалпы формуласы … сәйкес және құрамында тек … ... байланыс ғана бар қанықпаған қосылыстарды алкендер немес ... деп атайды.
2.Алкендердің атын, оларға сәйкес ... атауындағы ... және ... жалғауына ауыстыру арқылы құралады.
3 ... физикалық қасиеттері алкандарға ұқсас.
4 Этилен молекуласындағы көміртек атомдары ... - ... күйінде болады.
5.Алкендер ... байланыстың оңай үзіуіне байланысиы электрофильді қосып алу (АЕ) рекциясына оңай түседі.
6.Тапсырма Келтірілген көмірсутектердің формулаларының тұстарына атауларын, формулаларын жазып кестені толтырындар:
| Атауы | Формуласы |
| ........... | СН2-СН2-СН3 |
| Пентан | ............ |
| ........... | СН3СН(СН3)-СН2-СН3 |
| 2,3-диметилпентан | ............ |
| ........... | СН2=СН-СI |
| 2-метилбутаден-2,3 | ............ |
| .......... | Н2С=СН-СН2-СН3 |
| 1,3- диметилбензол | ............ |
2 тәжірибеліксабақ.
Тақырыбы: Алкандар
Мақсаты:Көмірсутектер изомерлерінің құрылымдық формулаларын құруда білімділік пен дағдыны қалыптастыру. Көмірсутектер және оның изомерлері туралы білімді жүйелеу, бекіту. Изомер, оның түрлері туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Изомерлердің құрылымдық формулаларын құру көмірсутектердің айырықша құрылысы туралы білімді қажет етеді, сондықтан да құрылымдық формулалар құру кезінде байланыс түрлері, реакция типтері, көмірсутектердің гомологтық қатарлары қажет. Бұл жинақта көмірсутектердің барлық түрлеріне арналған тапсырмалар енгізілген. Қаныққан көмірсутектер изомері радиалдың орналасуына байланысты болса, қанықпаған көмірсутектерде жоғарғы аталған изомер түрінен басқа, қос және үш байланысқа сәйкес құрылған, кеңістік (транс-изомер, цис-изомер) изомерлер түрлері бар. Сондықтан да құрылымдық формулалар құрар алдында берілген тапсырманы дұрыстап оқып, түсініп барып қана орындауға кірісіңдер.
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, өзіндік жұмыс жасау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер;Л.М.Пустовалова«Органическая химия» 2005
С.Э.Зурабян, А.П.Лузин «Органическая химия» 2014
Тапсырма №1.
Берілген алкандарды жүйелеу номенклатурасына сәйкес атаңдар:
а) СН3 – СН – СН2 – СН3 б) СН3 – СН – СН2 – СН – СН3
| | |
СН2 – СН3 СН3 СН3
в) СН3 – СН2 – СН – СН – СН2 – СН3
| |
СН3 С2Н5
СН
|
г) СН3 – С – СН2 – СН2 – СН3
|
СН3 СН3
|
д) СН3 – СН – СН2 – СН – СН2 – С – СН2 – СН2 – СН3
| | |
СН3 СН С2Н5
/ \
СН3 СН3
Тапсырма №2
Берілген қосылыстардың аттары бойынша құрылымдық формулаларын жазыңдар:
а) 3,3 – диэтилгептан; б) 2 – метилгексан;
в) 2-метил – 4-изопропилнонан; г) 1,4 – диметилциклогексан
Тапсырма №3.
Берілген формулаларда қанша алкандар кескінделген, соны атаңдар:
а) СН3 – СН – СН – СН2 – СН3 б) СН3 СН3

| | СН – СН
СН3 СН3 СН3 СН3


в) СН3 – СН2 – СН – СН3 г) СН3
| СН – СН – СН2
СН СН3 | |
/ \ СН3 СН3
СН3 СН3
Ациклды қатардың қаныққан және қанықпаған көмірсутектері туралы түсінік. Гомологтық қатарлар, гомологтық өзгешілік.Органикалық қосылыстар изомериясының түрлері: құрылымдық, функционалдық, кеңістіктік.
Біріншілік, екіншілік, үшіншілік және төртіншілік көміртек атомдары туралы түсінік. Органикалық қосылыстардың номенклатурасы: травиалдық, рационалдық, халықаралық (ИЮПАК). Карбоциклды қатар көмірсуктектерінің атауын құрастырудың ер
Тапсырма №.4
Жаттығуларды орындаңыз:
1. Құрамы С3Н7, -С4Н9, -С3Н5 болатын радикалдардың құрылымдық формулаларын жазыңыз және оларды атаңыз.
2. 2-метилпентан мен 3-метилпентанға сәйкес келетін үшіншілік радикалдардың құрылымдық формулаларын жазыңыз және оларды атаңыз.
3. Келесі көмірсутектердің құрылымдық формулаларын жазыңыз: а)метилэтилизобутилметан; б) симм – метилизопропилэтилен ;в) изопропилаллен; г )неопентилацетилен ;д) метил- екіншілік- бутилацетилен ;е) 3-этил-1-циклогексанол ;ж) изопропилбензол.
4. Негізгі тізбегі бес көміртек атомынан тұратын құрамы С6Н14, С6Н12, С6Н10 болатын изомерлік көмірсутектердің құрылымдық формулаларын жазыңыз. Көмірсутектерді атаңыз.
5. Үшметилпентанға изомер болатын барлық көмірсутектердің, гидрлеген кезде 2,2-диметилгексан түзетін ацетилендік көмірсутектердің құрылымдық формулаларын жазыңыз.
6. Алты мүшелі, бес мүшелі және төрт мүшелі сақинасы бар құрамы С6Н12 болатын изомерлік циклоалкандардың,құрамы С8Н10 болатын бензол қатарының көмірсутектерін жазыңыз.
Тапсырма №5.
Метанның құрылысы. –байланыстың табиғаты, sp3 -гибридтену.Қаныққан көмірсуктердің конформациясы. Ньюмен формуласы. Қаныққан көмірсутектердің қатарындағы радикалдық орын басу реакциялары:галогендеу, сульфахлорлау, нитрлеу, тотығу және крекинг. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік көміртек атомы С-Н байланыстарының реакцияға түскіштігі. Бос радикалдардың құрылысы мен стабильділігі.
Тапсырма №6.
1. Мына ұғымдарға анықтама беріңіз: молекула, катион, анион, радикал.
2. қ-Бутанның С2-С3 байланысы бойынша конформациясы үшін Ньюмен проекциясын келтіріңіз.
3. Өнеркәсіпте гексахлорэтанды метанды хлорлау арқылы алады. Осы реакцияның механизмін жазыңыз.
4. Газ фазасында бутанды нитрлеу реакциясын жазыңыз.
5. 2,2,3-үшметилпентанды алу сұлбасы мен оның хлор және азот қынқылымен (Коновалов бойынша ) реакцияларын жазыңыз. Осы реакцияның механизмін жазыңыз.
6. Жоғарғы температуралардың гексан мен 2-метилпентанға әсерін көрсетіңіз. Осы кезде жүретін реакцияларды жазыңыз.
7. Егер хлорлау кезінде басым түрде үшіншілік хлортуынды, ал нитрлеу кезінде үшіншілік нитрокосылыс алынатыны белгілі болса, құрамы С5Н12 болатын органикалық заттың құрылымдық формуласын жазыңыз. Неліктен орын басудың үшіншілік көміртек атомында оңай болатының түсіндіріңіз?
Тапсырма №7.
Сәйкестендіріңіз:
1) С2Н6 A) БУТАН
2) С3Н8 B) ГЕКСАН
3) С4Н10 C) ЭТАН
4) С5Н12 D)ПЕНТАН
5) С6Н14 E) ПРОПАН
Тапсырма №8.
Есептерді шығарыңыз:
1.массасы 32г метанды термиялық айырғанда зат шығымын 75%болған жағдайда тузілетін күйенің массасын есептендер?
2.3г этан жағанда оттектің қандай көлемі(қ.ж)жұмсалады?
3.массасы 352гпропаннын зат мөлшерін анықтандар?
4. Метан газы жанған кезде 72 г су түзілген. Жанған метанның массасы (г)?
5. 2,8 г этан бромсутекпен әрекеттескенде түзілетін бромэтанның массасы (г) ?
Тапсырма №9.
Есеп №1.(үлгі)
80% көміртегінен, 20% сутегінен тұратын заттың қарапайым формуласын табыңдар.
Салыстырмалы тығыздығы сутегі бойынша 15 тең.
Шешуі:
1) СхНу затының сутегі (Н2) бойынша тығыздығын пайдаланып, молекулалық массасын табамыз.
Mr (CxHy) = Д зат· М(Н2)=15·2 =30
2) Кесте құрамыз:
Хим.белгі Э
ω% (Э)
Аr (Э)
υ(э)
Қатынас құру
Қарапайым формуласы
3) СН3 молекулалық массасы
Мr (CH3)= 12+1 · 3= 15.
Mr (CxHy)
Mr (C H3)
4) Қатынас: = 30/15 = 2
5) СН3 · 2 = С2Н6.
6) Массасын тексереміз
Мr(C2H6) = 12*2+1 · 6=30
Жауабы: этан С2Н6.
Есеп №1
Газдың сутек бойынша тығыздығы 13 тең. Егер газ құрамындағы көміртегінің массалық үлесі – 92,3%, сутегінікі – 7,7 % тең болса, оның салыстырмалы молекулалық массасын, формуласын табу керек.
Есеп №2.
Құрамы 82,8% көміртегі, 17,2% сутегі болатын көмірсутегінің молекулалық формуласын табу керек. Заттың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2 тең.
Есеп №3.
Берілген зат құрамы: С – 76,6%, Н – 6,4 %, О – 17%. Осы қосылыстың молекулалық формуласын тауып, қай класқа жататынын анықта.
Есеп №4.
Құрамы көміртегінен (массалық үлесі 85,7%) және сутегінен (массалық үлесі 14,3%) тұратын заттың молекулалық формуласын табу. Буының тығыздығы сутегі бойынша 21 тең.
Есеп №5 .
Құрамы көміртегінен (массалық үлесі 83,72%) және сутегінен (массалық үлесі 16,28%) тұратын заттың молекулалық формуласын табу. Заттың молекулалық массасы 86 тең.
3 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Бір атомды және көп атомды спирттер
Мақсаты:Спирттердің құрылысы мен қасиеттерімен танысу
Әдістемелік нұсқаулар: Изомерлердің құрылымдық формулаларын құру көмірсутектердің айырықша құрылысы туралы білімді қажет етеді, сондықтан да құрылымдық формулалар құру кезінде байланыс түрлері, реакция типтері, көмірсутектердің гомологтық қатарлары қажет. Бұл жинақта көмірсутектердің барлық түрлеріне арналған тапсырмалар енгізілген. Қаныққан көмірсутектер изомері радиалдың орналасуына байланысты болса, қанықпаған көмірсутектерде жоғарғы аталған изомер түрінен басқа, қос және үш байланысқа сәйкес құрылған, кеңістік (транс-изомер, цис-изомер) изомерлер түрлері бар. Сондықтан да құрылымдық формулалар құрар алдында берілген тапсырманы дұрыстап оқып, түсініп барып қана орындауға кірісіңдер.
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер;Л.М.Пустовалова«Органическая химия» 2005
С.Э.Зурабян, А.П.Лузин «Органическая химия» 2014
Спирттер мен фенолдардың реакциялық қабілеттері.
Тәжірибе 1. Спирттің құрамындағы суды анықтау
Реактивтер: этил спирті (ректификат спирт), күкірт қышқыл мыс тұзы (құрғақ).
Жұмыс барысы: Фарфор тостағанша 1,5-2 г. күкірт қышқыл мыс тұзын салып, ақ түске дейін қатты қыздырып, салқындатып, құрғақ пробиркаға салып, үстіне 3-4 мл. спирт құяды. Пробирканы тығындап, 20 мин. штативке қояды. Спирттің құрамында су болса, күкірт қышқыл мыс тұзының түсі СuSО4 5H2O – ге тән түске өзгереді.
Тәжірибе 2. Натрий алкоголятының түзілуі және гидролизі
Реактивтер: сусыз этил спирті, натрий металы, фенолфталеин.
Жұмыс бырысы: Пробиркаға 1-2 мл этил спиртін құйып, үстіне натрий металының кішкентай түйіршігін салып, пробирканы газ өткізгіш түтікшесі бар тығынмен жабады, сутек бөлінеді. Сутекті ауаны ығыстыру арқылы жинайды. Натрий түгел әрекеттесіп болғаннан кейін, пробирканы сумен салқындатқанда алкоголяттың тұнбасы түскені байқалады. Түзілген алкоголятқа 5 мл су құйып, фенолфталеин ерітіндісін құяды. Не байқалды? Реакция теңдеулерін жазып, қорытынды жасаңыз.
Тәжірибе 3. Диэтил эфирінің түзілуі
Реактивтер: этил спирті (ректификат), күкірт қышқылы (концентрленген).
Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 мл спирт құйып, үстіне 1 мл концентрленген күкірт қышқылын қосады. Пробирканы газ өткізгіш түтігі бар тығынмен жабады. Пробирканы штативке вертикаль орналастырып, қайнағанға дейін қыздырады. Қыздырылған қоспаға 5-10 мл. спиртті пробирканың бойымен қосып, тағы да қыздырады. Сонда эфирге тән иіс пайда болады. Бөлініп жатырған эфирдің буын жаққанда, ашық жалынмен жанады.
C2H5OH + HO – SO2OH C2H5O – SO2OH + H2O
C2H5O – SO2OH + HO – C2H5 C2H5 – O – C2H5 + H2O
Тәжірибе 4. Метил спирттін мыс оксидімен тотықтыруы
Реактивтер: метил спирті, мыс сымы.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2-3 мл метил спиртін құйып, қатты қыздырылған мыс сымын 2-3 рет батырады. Сол жағдайда спирт мыс сымының бетінде пайда болған мыс оксиді мен құмырсқа альдегидіне дейін тотыққанын формалинге тән иісінен анықтауға болады.
2Cu + O2 2Cu
CH3 – OH + CuO H – CHO + Cu + H2O
Тәжірибе 5. Хром қоспасының әсерінен этил спиртінің тотығуы
Реактивтер: этил спирті (ректификат), күкірт қышқылы (1:5) қос хром қышқыл калий тұзы 5% - судағы ерітіндісі.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 мл қос хром қышқыл калий тұзының ерітіндісін және 1 мл күкірт қышқылын құяды. Қоспаны шайқап, үстіне 0,5 мл этил спиртін қосып, қыздырады. Ерітіндінің қызғылт сары түсінің жасыл түске өзгеруі және жанып қалған алманың иісіне тән иістің пайда болуы спирттің сірке альдегидіне дейін тотыққанын дәлелдейді.
3CH3 – C-1H+2OH-1 + K2Cr2+6O7-2+4H2SO4 3CH3 – C+1O-2H+1 + K2SO4 + Cr2+3 ( SO4 )3 + 7H2O
C-1 – 2е │ 3 тотығады тотықсыздандырғыш
Cr+6 +3е │ 2 тотықсызданады тотықтырғыш
Тәжірибе 6. Мыстың глицератын алу
Реактивтер: глицерин, 5% күйдіргіш натр ерітіндісі 5% мыс купорасы ерітіндісі.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 мл күйдіргіш натр ерітіндісін құйып, үстіне бірнеше тамшы мыс купоросының ерітіндісін көгілдір тұнба болғанша қосылады. Пайда болған тұнбаға 2-3 тамшы глицерин тамызады. Қоспаны араластырғанда тұнба еріп, қою көк түсті мыс глицератының ерітіндісі түзіледі.
CuSO4 + 2NaOH Cu (OH)2 + Na2SO4
CH2OH CH2 – O
│ │ Cu
CH – OH + Cu ( OH )2 CH – O +2H2O
│ │
CH2 – OH CH2 – OH
Тәжірибе 7. Феноляттардың түзілуі және олардың айырылуы
Реактивтер: фенол (кристалл), күйдіргіш натр (5-7% судағы ерітіндісі), күкірт қышқылы
(1:5 сұйылтылған).
Жұмыстың барысы: Пробиркаға 0,3-0,5 г фенол салып, үстіне 1 мл су құяды, қоспа толық ерігенше сілті ерітіндісі құйылады. Суда еритін натрий феноляты түзіледі. Осы ерітіндіге күкірт заттарға дейін айырылады.
Тәжірибе 8. Фенолдың судағы ерітіндісіне бромның әсері
Реактивтер: фенол (судағы ерітіндісі), бром суы (қаныққан ерітіндісі).
Жұмыстың барысы: 1 мл фенолдың ерітіндісі құйылған пробиркаға шайқап тұрып, бром суын тамызғанда үшбромфенолдың ақ тұнбасы пайда болады. Егер бром суының артық мөлшерін құйса, тетрабромциклогексадиснонның сары тұнбасы пайда болады.
Тәжірибе 9. Фенолдың тотығуы
Реактивтер: фенол (судағы ерітіндісі), марганец, қышқыл калий тұзының
(0,5% ерітіндісі ), көмір қышқыл натрий тұзы (0,5% ерітіндісі).
Жұмыстың барысы: Пробиркаға 1 мл фенол ерітіндісі мен сондай көлемде сода ерітіндісін құйып, үстіне тамшылатып калий перманганатының ерітіндісін шайқап тұрып қосады. Ерітінді түссізденеді және марганец (IV) оксиді түзіледі.
Тәжірибе 10. Фенолдың темір ( ІІІ ) хлоридімен әрекет
Реактивтер: фенол (судағы ерітіндісі), темір (ІІІ) хлориді (1% ерітіндісі).
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2-3 мл фенол ерітіндісін құйып, 3-5 тамшы темір ( ІІІ ) хлоридінің ерітіндісін тамызады. Сұйық ашық күлгін түске боялады, себебі, ерітіндіде темір фенолятының комплексті ионы пайда болады.
6C6H5OH + FeCl3 [ Fe ( C6H5O )4 ]3- 3H+3HCl
Есептер шығару
1-есеп. Метанол, бензол және қажетті бейорганикалық заттардың көмегімен мотилфенил эфирін алудың реакция теңдеулерін жазыңдар.
Шешуі:
FeCI3 Br
О + Br2 O
Br —Hbr OH
O + MaOH O + MaBr
фенол
СН3ОН + HBr СН3Br + Н2О
OH NaOH OCH3
O + Br — СН3 O
СН3
2-есеп. СН2 = СН — С — С2Н5 қосылысы спирттердің қай класына
ОН
жатады? Гидроксил тобының орналасу жағдайына қарай қосылыстың атын карбинолдық және ИЮПАК номенклатурасымен атаңдар.
Шешуі: үшіншілік спирт. Карбинолдық номенклатура бойынша аты метилэтилвинилкабинол, ИЮПАК ережесіне сай аты 3-метил – 3-ол-пентен-1 /немесе 3-метилпентен-1-ОЛ-3/.
тәжірибелік сабақ
-
Тақырыбы: Ароматты аминдер. Алифатты аминдер. Диазо- және азоқосылыстар
Мақсаты: Аминдердің құрылысымен танысу
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер;Л.М.Пустовалова«Органическая химия» 2005
С.Э.Зурабян, А.П.Лузин «Органическая химия» 2014
Тәжірибе 1
Анилиннің суда және тұзда ерігіштігін анықтау
Бірінші пробиркаға 1 тамшы анилин және 6 тамшы су құямыз. Пробирканы жақсылап араластырамыз. Пробиркадағы анилин сумен эмульмия түзеді, себебі анилин суда нашар ериді. Пробиркадағы эмульсияның жартысын екінші пробиркаға аударып үстіне 2 тамшы хлорсутек қышқылын қосамыз. Эмульсия еріп нағыз ерітіндіге айналады. Ал бірінші пробиркаға 1 тамшы күкірт қышқылын қосамыз. Пробирканы шайқаймыз, нәтижесінде анилиннің гидросульфатының кристалды тұнбасы түзіледі.
Анилин қышқылмен қандай қасиет көрсетеді?
Анилиннің хлорсутек және күкірт қышқылымен реакция теңдеуін жазып қорытынды жаса.
Алынған қосылысты ата.
Тәжірибе 2
Анилинді бромдау
Пробиркаға 1 тамшы анилин құйып үстіне 15 тамшы су қосамыз. Пробирканы жақсылап араластырып түзілген эмульсияға ақ түсті тұнба түзілгенше бірнеше тамшы бром суын қосамыз.
Анилиннің бромдау реакциясын жаз.
Қандай қосылыс түзіледі?
Анилинді бромдау реакциясы бензолға қарағанда неге оңай жүреді?
Тәжірибе 3
Анилинді диазоттау реакциясы
Пробиркаға 1 тамшы анилин және 6 тамшы хлорсутек қышқылын қосып салқын сумен салқындатамыз. Салқындатылған ерітіндіге шайқап отырып біртіндеп үстіне 6-8 тамшы натрий нитратының ерітіндісін және мұз қосамыз. Алынған ерітінің бір тамшысын иодкрахмал қағазына тамызамыз. Егер қағаз көгермесе 1-2 тамшы натрий нитратын көгергенше қосамыз. Иодкрахмал қағазының көгеруі бензолдиазоний хлоридінің түзілгенің көрсетеді.
Реакция теңдеуін жазып қорытынды жаса.
Түзілген қосылысыты ата.
Тәжірибе 4
Пробиркаға 3-4 тамшы сағыш фенолды құйып үстіне 4-5 тамшы натрий гироксидін фенол ерігенше қосамыз. Алынған ерітіндінің бір тамшысын бензолдиазоний хлорид ерітіндісіне қосамыз. ҚКірпіш -қызыл түс пайда болады.
Реакция теңдеуін жазып қорытынды жаса.
Түзілген қосылысыты ата.
Тапсырма1
1.Радикалды-функционалды номенкулатура бойынша мына аминдерді ата:
СН3(СН2)5NH2, C2H5NHC2H5, C2H5NHCH3
2.М-нитрохлорбензолдың тотықсыздандыру реакциясын жазып, түзілген өнімді ата.
Тапсырма2
1.Үшіншілік аминдер неге ассоциаттар түзеді?
2.2-фенилэтанаминді қандай альдегидтен алуға болады? Реакция теңдеуін жаз
Тапсырма3
1.БензолA
BD
Реакция механизмін жазып қандай қосылыс түзілетіндігін ата
5 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Алифатты бір негізді карбон қышқылдары және олардың туындылары. Ароматты монокарбон қышқылдары. Көпнегізді қышқылдар.
Мақсаты:Карбон қышқылдарының қасиеттерімен танысу
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер;Л.М.Пустовалова«Органическая химия» 2005
С.Э.Зурабян, А.П.Лузин «Органическая химия» 2014
Оқушылардың жұмыс алгоритмі
Қауіпсіздік техникасы: қышқылдармен, сілтінің артық мөлшерімен, спирт шамымен істегенде қауіпсіздігін сақтау.
Жұмыс орнын дайындау
Тәжірибе алдында берілген нұсқауды орындап, жұмыстың орындалуына көңіл аудару.
Берілген тапсырманы дәптерге жазу
Осы реакцияңға қажетті реактивті таңдау
Қауіпсіздік техникасын сақтап тәжірибені орындау
Жұмысты дәптерге жазу
Істелген жұмысқа қорытынды жазу
Лабораториялық ыдыстарын жуу
Жұмыс орнын жинау
Істелген жұмысқа есеп беру
Н–СООН құмырсқа қышқылы, метан қышқылы
СН3–СООН сірке қышқылы, этан қышқылы
СН3–СН2–СООН пропион қышқылы, пропан қышқылы
СН3–СН2–СН2–СООН май қышқылы, бутан қышқылы
СН3–СН2–СН2–СН2–СООН валериан қышқылы, пентан қышқылы
СН3–(СН2)4–СООН капрон қышқылы
СН3–(СН2)5–СООН энант қышқылы
СН3–(СН2)10–СООН лаурин қышқылы
СН3–(СН2)14–СООН пальмитин қышқылы
СН3–(СН2)16–СООН стеарин қышқылы
Тәжірибе 1
Сірке бензой қышқылдарының қышқылдық қасиеттері
Бірінші пробиркаға 1 тамшы сірке қышқылын, екінші пробиркаға бірнеше кристалл бензой қышқылын саламыз. Екі пробиркаға да 3-5 тамшы су құямыз. Бензой қышқылының ерігіштігін тездету үшін сәл ғана қыздырамыз. Екі пробиркадағы ерітіндіден 1 ташыдан көк лакмус қағазына тамызамыз. Екі жағдайда да көк лакмус қағазы қызарады.
Сірке қышқылы мен бензой қышқылдарының диссоциациясын жаз.
Қай қышқыл күшті?
Лакмус неге түсін өзгертеді?
Тәжірибе 2
Құмырсқа қышқылының күміс диаминімен тотығуы
Таза жуылған пробиркаға 1 тамшы күміс нитратын үстіне тамшылатып аммиак ерітіндсін түзілген тұнба ерігенше құямыз. Мөлдір алынған ерітіндіге 1-2 тамшы құмырсқа қышқылын тамызып сәл ғана қыздырамыз. Күміс пробирканың жақтаунда жиналады.
Реакция теңдеуін жазып түсіндір
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықта
Тәжірибе3
Қымыздық қышқылының кальций тұзын ашу
Пробиркаға 1 қасық қымыздық қышқылын салып үстіне ерігенше 4-5 тамшы су құямыз, содан соң тамшылатып кальций хлоридін қосамыз. Кальций оксалатының ақ түсті тұнбасы түзіледі. Түзілген тұнбаны екі пробиркаға бөліп біріншісіне 5-10 тамшы хлорсутек қышқылын, ал екінші пробиркаға 5-10 тамшы сірке қышқылын қосамыз. Бірінші пробиркадағы тұнба ериді, ал екінші пробиркадағы тұнба сол күйінде қалады.
1) Кальций оксалатының түзілу сызбанұсқасын жаз.
2) Кальций оксалаты неге хлорсутек қышқылында ериді, ал сірке қышқылында ерімейді?
Тәжірибе 4
Қымыздық қышқылының тотығуы
Газ жүретің түтікпен жабдықталған пробиркаға 1 қасық қымыздық қышқылын салып үстіне 3 тамшы күкірт қышқылын және 2-3 тамшы калий перманганатын қосамыз. Келесі пробиркаға барий гидроксидінің 5-7 тамшысын құямыз. Бірінші пробирканың газ жүретін түтігін барий гидроксиді бар пробиркаға салып, пробирканы сәл қыздырамыз. Бірінші пробиркадағы ерітінді түссізденеді, ал екінші пробиркада ақ түсті тұнба түзіледі.
1) Қымыздық қышқылының тотығу реакциясын жаз
2) Тотықтырғыш ретінде қандай реагент қолданылады?
3) Пробиркада түзілген өнімді ата. Реакция теңдеуін жаз.
Тәжірибе 5
Қымыздық қышқылын декарбоксилдеу
Құрғақ газ жүретін түтікпен жабдықталған пробиркаға 2-3 қасық қымыздық қышқылын саламыз. Екінші пробиркаға 5-7 тамшы барий гидроксидін құямыз. Бірінші пробиркадағы газ жүретін түтікті екінші пробиркадағы барит суына батырып ақ тұнба түзілгенше пробирканы сәл қыздырамыз. Газ жүретін түтікті суырып алып, ұшына жанған шырпыны жақындатамыз. Бөлінген газ көк түс беріп жанады.
1) Қымыздық қышқылының декарбоксилдеу реакциясын жаз.
2) Бөлініп жатқан газды анықтап оның жанғыштығын тексер.
Тәжірибе 6
Этилацетаттың түзілуі
Пробиркаға 4 тамышы этанол және 5 тамшы сірке қышқылын тамызамыз. Үстіне 3 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып ептеп қайнағанға дейін қыздырамыз. Бірнеше секундтан кейін этилацетатының хош иісі білінеді.
1) Этилацетаттың түзілу реакциясын жаз. Реакция қандай тип бойынша жүреді?
2) Күкірт қышқылы бұл реакцияда қандай қызмет атқарады?
Тәжірибе 7
Мочевинаның гидролизі
Пробиркаға 1 қасық мочевина саламыз. Пробирканы тік ұстап үстіне 4-6 тамшы барий гидроксидін пробирканың жақтауына тигізбей тамызамыз. Пробирканың жақтауына қызыл лакмус қағазын орнатамыз. Пробирканы сәл қыздырғанда лакмус қағазы көгереді, ал түбінде ақ түсті тұнба пайда болады.
Мочевина гидролизінің реакция теңдеуін жаз.
Реакция нәтижесінде пайда болған өнімді анықта.
6 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Гетерофункционалды органикалық қосылыстар
Мақсаты: гетерофункционалды органикалық қосылыстарды анықтап қасиеттерін зерттеу
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер;Л.М.Пустовалова«Органическая химия» 2005
С.Э.Зурабян, А.П.Лузин «Органическая химия» 2014
Тәжірибе 1
Калий тартраты гидротартратын алу
Пробиркаға 2 тамшы вин қышқылын және 2 тамшы калий гидроксидін тамызып жақсылап араластырамыз. Біртіндеп суда ерімейтін вин қышқылының ақ кристалдық тұнба пайда болады (калий гидротартраты).Егер тұнба түзілмесе пробирканы крандағы салқын сумен салқындатып ішкі жақтауын шыны таяқшамен үйкелеміз. Үстіне тағы да 4-5 тамшы калий гидроксидін қосамыз. Кристалдық тұнба ери бастайды, себебі суда еритің орта вин қышқылының калий тұзы түзіледі (калий тартраты). Алынған калий тартратын келесі тәжірибеге сақтап қоямыз.
Калий гидротартратының, тартратының түзілу реакция теңдеулерін жаз.
Реакция нәтижесінде қандай функционалды топ бар екендігін дәлелдедік.
Тәжірибе 2
Вин қышқылындағы гидроксил тобын анықтау
Пробиркаға 2 тамшы мыс сульфатын және 2 тамшы натрий гидроксидін тамызамыз. Көгілдір түсті мыс гидроксидінің тұнбасы пайда болады. Осы тұнбаның үстіне бірінші тәжірибеде алынған калий тартратын қосамыз. Көгілдір түсті тұнба еріп ашық көк түске айналады.
Осы тәжірибе арқылы қандай функционалдық топ бар екенің дәлелдедік?
Тәжірибе 3
Салицил қышқылының ерігіштігі
3 пробиркаға 1 қасық салицил қышқылынан саламыз. Бірінші пробиркаға 5 тамшы су, екінші пробиркаға 2-5 тамшы этанол, үшінші пробиркаға салицил қышқылы ерігенше 5-10 тамшы натрий гидроксидін қосамыз. 3 пробиркаға 5-10 тамшы хлорсутек қышқылын қосамыз. Кристалды тұнба түзіледі.
Салицил қышқылының суда, этанолда, натрий гидроксидінің судағы ерітіндісінде еритіндігін дәлелде. Реакция теңдеуін жазындар.
Неге үшінші пробиркада хлор сутек қышқылын қосқада тұнба түзіледі?
Тәжірибе 4
Салицил қышқылының түсті реакциялары, оның эфирлерінің темір хлоридімен (III) реакциясы.
Үш пробиркаға бірнеше түйір біріншісіне салицил қышқылын, екіншісіне фенилсалицилат және үшіншісіне ацетилсалицил қышқылын саламыз. Бірінші пробиркаға 2 тамшы этанол, екінші үшінші пробиркаға 3-4 тамшы су құйып үстіне 1 тамшы темір хлоридін (III) қосамыз. Бірінші және екінші прпобиркадағы ерітінді сия-көк түске боялады.
Сия-көк түстін п.б. немен түсіндіресіндер?
Неге үшінші пробиркадағы ерітінді түсін өзгертпейд
Тәжірибе 5
Салицил қышқылын декарбоксилдеу
Құрғақ пробиркаға бірнеше түйір салицил қышқылын салып пробирканың түбін ептеп қыздырамыз. Салицил қышқылы еріп пробирканың жоғарғы салқын жақтауында ақ түсті болып жинала бастайды. Қыздыруды жалғастыра берсе пробирканың ұзына бойына салицил қышқылының декарбоксилденуі жүріп фенол түзіледі. Фенолды иісі бойынша анықтауға болады.
Салицил қышқылының декарбоксидеу реакциясын жаз.
Декарбоксилдеу нәтижесінде пайда болған өнімді қалай анықтайды?
Тәжірибе 6
Ацетилсалицил қышқылының гидролизі
Пробиркаға бірнеше түйір ацетисалицил қышқылын салып үстіне 5-6 тамшы су қосамыз. Үстіне1-2 тамшы темір хлоридін (III) қосып қоспаны қайнағанша қыздырамыз. Сия-көк түс пайда болады.
Ацетисалицил қышқылының гидролиз реакциясын жаз.
Темір хлоридін (III) қосқанда сия-көк түстің пайда болуын түсіндір.
Тәжірибе 7
Фенилсалицилаттың гидролизі
Пробиркаға 1 қасық фенисалицилат салып үстіне 5-6 тамшы натрий гидроксидін қосамыз. Ерітіндіні 3 мин. Қыздырып, содан соң салқындатып 6-8 тамшы хлорсутек қышқылын тамызамыз. Тұнба түзіледі және фенолдың иісі сезіледі.
Фенилсалицилаттың сілтілік гидролиз реакциясын жаз.
Хлорсутек қышқылын қосқанда түзілетін өнімді ата.
7.Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Гетероциклді қосылыстар. Көмірсулар.
Мақсаты: гетерофункционалды органикалық қосылыстарды анықтап қасиеттерін зерттеу
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер;Л.М.Пустовалова«Органическая химия» 2005
С.Э.Зурабян, А.П.Лузин «Органическая химия» 2014
Сабақтың жүру барысы
Оқушылардың өз бетімен жұмысы
Қауіпсіздік техникасы: қышқылдармен, сілтінің артық мөлшерімен, спирт шамымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын сақтау.
Жұмыс орнын дайындау.
Тәжірибе алдында берілген нұсқауды оқып, жұмыстың орындалу тәртібіне көңіл аудару.
Берілген тапсырманы дәптерге жазу.
Осы реакцияға қажетті реактивтерді таңдау.
Қауіпсіздік техниканы сақтап тәжірибені орындау.
Жұмысты дәптерге жазу.
Істелген жұмысқа қорытынды жазу
Лабораториялық ыдыстарды жуу.
Жұмыс орнын жинау.
Істелген жұмысқа есеп беру.
Тәжірибе 1
Пиридиннің негіздік қасиеттері
Пробиркаға 2 тамшы пиридин құйып үстіне 2 мл. су құямыз. Ерітіндіні келесе тәжірибелерде пайдаланамыз.
Шыны таяқша көмегімен 1 тамшы әзірленген ерітіндіні универсилды индикатор қағазына тамызамыз. Түстің өзгеруін байқаймыз.
Пробиркаға 5 тамшы пиридин және темір хлоридін (III) қосамыз. Түзілген тұнбаның түсі қандай?
Пиридиннің ерітіндісі индикатордың түсін неге өзгертеді?
Пиридиннің қасиетін дәлелдейтін фрагмент.
Тәжірибе 2
Пиридиннің тотығуға тұрақтылығы
Пробиркаға 3 тамшы пиридин ерітіндісін, калий перманганатын, натрий карбонатын құямыз. Пробирканы араластырып қанағанға дейін қыздырамыз. Калий перманганаты түсін өзгерте ме?
Пиридиннің тотығуға тұрақтылығын түсіндір.
Тәжірибе 3
Мыс сахаратын алу
Пробиркаға екі тамшы мыс сульфатының (II) ерітіндісін құйып үстіне 4 тамшы күйдіргіш натр қосамыз.
Реакция теңдеуін жаз. Қандай тұба түзіледі?
Осы прбиркаға 1 тамшы глюкоза қосып жақсылап араластырамыз.
Тұнба қандай өзгеріске ұшырады?
Түсі өзгердіме?
Реакция теңдеуін жаз.
Дәл осындай реакцияны этил спиртімен жаса.
5.Қандай өзгерісті байқайсындар?
Тәжірибе 4
«Күміс айна реакциясы»
Пробиркаға 2 тамшы күміс нитраты ерітіндісін үстіне 1 тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін содан соң 2 тамшы формалин қосамыз. Алынған қоспаны спирт шамымен қайнағанға дейін қыздырамыз. Пробирканың жақтауында күміс жылтыры пайда болған жағдайда қыздыруды тоқтатамыз.
Қандай реакция жүреді?
Реакция теңдеуін жаз және түсіндір.
Тәжірибе №5
Мыс гидроксидімен тотықсыздану (Томмер реакциясы)
Пробиркаға 5 тамшы формалин ерітіндісін үстіне 2 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін және 5 тамшы 10% күйдіргіш натр ерітідісін қосып, алдымен сары содан соң қызғылт тұнба пайда болғанша тездетіп қыздырамыз.
Қандай реакция жүрді?
Мыс гидроксиді тотықсызданады? Ол қалай пайда болды?
Реакция теңдеуін жаз.
Тұнбаның сары болу себебі неде?
Тұнба неге қызарады?
Глюкоза неге айналады?
Тәжірибе 6
Сахарозаның гидролизі
Алдымен сахарозаның мыс гидроксидін мыс оксидіне дейін тотықсыздандырмайтынын дәлелдеу. Ол үшін 2 тамшы 5% сахароза ерітіндісіне 2 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін және 5 тамшы 10% күйдіргіш натр ерітіндісін қосып қыздырамыз.
1.Мыс оксиді (I) түзіле ме?Ол нені көрсетеді?Енді сахарозаның гидролизін жасаймыз. Пробиркаға 10 тамшы 5% сахароза ерітіндісін құйып үстіне 1 тамшы сұйытылған күкірт қышқылын тамызамызып спирт шамымен 2-3 мин. қыздырамыз. Содан соң оның тотықсыздандырғыш қасиетін тексереміз. Капилярлы пипеткамен 3 тамшы қайнатқаннан кейінгі ерітіндіні таза пробиркаға енгізіп үстіне 3 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін (II), 7-8 тамшы 10% күйдіргіш натр ерітіндісін құйып тездетіп қыздыру керек.
Қандай өзгеріс пайда болады? Түсіндір.
Қызыл түстің пайда болуы нені көрсетеді?
Реакция теңдеуін жаз.
Бұл реакцияға қандай катализатор қажет?
Тәжірибе 7
Крахмалдың суда еруі
Пробиркаға азғана крахмал салып , үстіне 2мл. дист. су қосып жақсылап араластырамыз.
Крахмал суда ери ме?
Шыны стаканға 6-7 мл. дист. су құйып қыздырамыз да үстіне пробиркадағы крахмалды құямыз.
Крахмал ери ме?
Қандай ерітінді алдыңдар?
Тақырыптық жаттығулар.
1-кезең.Теориялық сұрақтар.Қөмірсулар қандай процесс нәтижесінде түзіледі?Көмірсулардың жалпы формуласы?Көмірсулар қалай жіктеледі?Глюкозаның тұйық формасы қалай түзіледі?Сахароза табиғатта қайда кездеседі?Қазақстанда қай жерлерде қант өндіріледі?Жүгеріде қанша пайыз крахмал бар?Целлюлозадан қандай маталар алынады?
2-кезең.Химиялық эрудит.Тендеуді аяқта. 1-топ. С6Н12 О6→........+ ............
.С12Н22О11 + Н2О →........... +.............
2-топ. ( С6 Н10 О5) →..............→...............→............. С6 Н12О6 + О2.. →.. .-----------.............+.............+..............
3–кезең.Химиялық диктант.1-топ.Моносахаридтер ..................... қарапайым қантты заттар.Қантты заттарды, ең алғаш рет .............. 1861ж. кальций гидрооксиді қатысында .................... гидролиздеп алды.Ашытқы ферменті әсерінен ашып, ............. этанол түзіледі.
.............. –жеміс қанты деп атайды.
2-топ. Дисахаридтер ............... , моносахаридтердің .... молекуласына ыдырайды. ..........-сүт қантты. Сахарозаны балқытып қатырса ............ мөлдір масса түзіледі. Глюкоза артық мөлшерде ............. айналып, ........... қор болып жиналады. Целлюлозаны .................. деп те айтады.
4-кезең.Эксперименттік есеп.
| РЕАКТИВ/ЗАТТАР | ГЛЮКОЗА | САХАРОЗА | КРАХМАЛ |
| Сu(он)2 | | | |
| ЙОД | | | |
| Н2 О | | | |
| Ag O(NH 3) | | | |
5-кезең
1 топ. 400 гр 20%-тік ерітінді дайындау үшін қажетті фруктозамен су мөлшерін анықтаңдар.
2топ. 160 гр суда 42 гр қант ерітілген. Алынған ерітіндінің проценттік концентрациясы қандай?
Жалпы есеп: Фотосинтез процессі кезінде168 л (қ.ж.) көмір қышқылы бөлінді. Глюкозаның қандай массасы бөлінді? Неше литр оттегі түзілді?
8 тәжірибеліксабақ
Тақырыбы: Нуклеин қышқылдары
Мақсаты: нуклеин қышқылдарының құрылысын анықтап қасиеттерін зерттеу
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер;Л.М.Пустовалова«Органическая химия» 2005
С.Э.Зурабян, А.П.Лузин «Органическая химия» 2014
Сабақтың жүру барысы
Оқушылардың өз бетімен жұмысы
Қауіпсіздік техникасы: қышқылдармен, сілтінің артық мөлшерімен, спирт шамымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын сақтау.
Жұмыс орнын дайындау.
Тәжірибе алдында берілген нұсқауды оқып, жұмыстың орындалу тәртібіне көңіл аудару.
Берілген тапсырманы дәптерге жазу.
Осы реакцияға қажетті реактивтерді таңдау.
Қауіпсіздік техниканы сақтап тәжірибені орындау.
Жұмысты дәптерге жазу.
Істелген жұмысқа қорытынды жазу
Лабораториялық ыдыстарды жуу.
Жұмыс орнын жинау.
Істелген жұмысқа есеп беру.
1.Тапсырма нуклеин қышқылдарын ашу тарихы. Кестені толтыр.
| 1) Тақырыпқа сай суреттер тарату, осы суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері ашады. Френсис Крик Джеймс Уотсон Морис Хью Уилкинс 2.Мағынаны ашу. Кесте толтыру ДНҚ | | |
2 Тапсырма Ой қозғау. «Мен-саған, сен-маған»
1. Нуклеин қышқылдары дегеніміз не?
2. Нуклеин қышқылдарын алғаш тапқан кім, қай жылы неден алды?
3. ДНҚ құрамындағы мономерлерді ашқан кім олар қалай аталады?
4. Пуриндік негізбен пиримидиндік негіздерді атап, олардың сәйкестігін сипатта?
5. ДНҚ-ны зерттеуде М.Уилкинс пен Р. Франклин еңбектері қандай, ДНҚ-кұрылысын қалай сипаттаған?
6. Дж. Уотсон мен Ф.Крик зерттеулері бойынша ДНҚ молекуласын сипатта.
3 тапсырма
4 тапсырма
5тапсырма
Нуклеин қышқылдарының құрылысын сипатта
9 тәжірибнлік сабақ
Тақырыбы: Сабынданатын липидтер
Мақсаты: сабынданатын липидтердің анықтап қасиеттерін зерттеу
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер;Л.М.Пустовалова«Органическая химия» 2005
С.Э.Зурабян, А.П.Лузин «Органическая химия» 2014
Оқушылардың өз бетімен жұмысы
Қауіпсіздік техникасы: қышқылдармен, сілтінің артық мөлшерімен, спирт шамымен істегенде қауіпсіздігін сақтау.
Жұмыс орнын дайындау
Тәжірибе алдында берілген нұсқауды орындап, жұмыстың орындалуына көңіл аудару.
Берілген тапсырманы дәптерге жазу
Осы реакцияға қажетті реактивті таңдау
Қауіпсіздік техникасын сақтап тәжірибені орындау
Жұмысты дәптерге жазу
Істелген жұмысқа қорытынды жазу
Лабораториялық ыдыстарын жуу
Жұмыс орнын жинау
Істелген жұмысқа есеп беру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Липидтер. Биологиялық ролі. Сабындалатын липидтер.
2. Триацилглицириндер мен фосфоглицериндердің құрылыс принциптері
3. Жоғары қатты майлар сабындалатын липидтердің құрылымдық компоненттері ретінде.
4. Қатты майлар мен майлардың гидролизі.
5. Қатты майлар мен майлардың аналитикалық сипаттамасы (йод саны, сабындану саны).
6. Талшықтар. Құрылысы. Жоғары бір атомды (цетил, мирицил). Араның талшығы. Спермацет.
7. Фосфолипидтер (фосфатидилколаминдер, фосфатидилхолиндер).
8. Сабындалмайтын липидтер.
9. Изопреноидтар. Изопрен терпеноидтардың құрамдық бөлігінің негізі ретінде. Изопренді ереже.
10. Изопренді тізбек саны мен циклдер саны бойынша жіктелуі.
Тәжірибе №1 Сабындалу (майлар гидролизі)
Пробиркаға 10 тамшы өсімдіктің майын, 4-5 тамшы 40%-тік КОН-тың спирттегі ерітіндісін тамызып, ауызын ұзын шыны түтігі (суытқыш) бар тығынмен жауып, су моншасында қайнатындар. Сабының бір текті ерітіндісі (гидролизат) түзілгеннен кейін, үстіне 2 мл. су қосып, жақсылап шайқандар. Май гидролизденіп глицерин және жоғары май қышқылдарының тұздарын түзеді.
Гидролизат келесі тәжірибеде қолданылады
Тәжірибе №2 Гидролизаттағы майдың құрам бөліктерін ашу
Жоғарғыда дайындалған гидролизаттың үстіне 10%-тік күкірт қышқылының ерітіндісін біртіндеп тамызып, араластырғанда бетіне май қышқылдары қалқып шығады:
2С17Н33-СООК + H2SO4→2С17Н33-СООН + К2SO4
Пробиркадағы қоспаны қағаздан сүзгіш жасап, сүзу керек. Қышқылдар сүзгіште қалады, ал фильтратқа глицерин мен тұз өтеді; фильтрақа лакмус бойынша 10 %-тік NаОН ерітіндісін қосып, нейтралдау керек. Түзілген ерітіндіге 1-2 тамшы 5%-тік СuSО4 қосқанда, ерітінді көкшіл түске боялады.
2NaOH + CuSO4→Cu(OH)2 ¯ + Na2SO4
Тәжірибе №3 .Майлардың сумен сілті қатысында сабындануы.
Майлар – глицеридтер қоспасы.
Глицеридтер – глицерин мен жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирі.
Күрделі эфирлер минерал қышқылдар мен сілтілер қатысында сабындалады. Сілтілік сабындану реакциясының нәтижесінде глицерин мен жоғарғы май қышқылдарының тұздар қоспасы тұзіледі.
O
CH2O - C __ (CH2)16 - CH3
O
+ 3 NaOH
CHO - C – (CH2)14 - CH3
O
CH2O - C – (CH2)7 - CH = CH - (CH2)7 - CH3
O
CH2OH CH3 - (CH2)16 - C - ONa
O
CHOH + CH3 - (CH2)14 - C - ONa
O
CH2OH CH3 - (CH2)7 - CH = CH - (CH2)7 - C - ONa
Реактивтер: жануар немесе өсімдік майы, күйдіргіш натрий
(30-40% - тік судағы ерітіндісі), натрий хлориді (қанық ерітінді).
Құралдар: су жылытқыш, фарфор тостағанша, шыны таяқша, пробиркалар.
Жұмыс барысы: Фарфор тостағанша 3 г. май, 6-7 мл. сілті ерітіндісін құяды. Шыны таяқшамен араластыра отырып, 20-30 мин. су жылытқышында қайнатады.
Көлемі азайғанда бастапқы көлеміне дейін дистилденген су қосылады.
20-25 мин. кейін сабынданудың толық жүргенін тексереді. Ол үшін 5 мл. ыстық су құйылған пробирқаға 3-5 тамшы қоспаны тостағаншадан алып қоса да, спирт шамының жалынында қыздырады. Үлгінің толық еруі, сабындану реакциясының аяқталғанын көрсетеді.
Тостағаншаға 10-15 мл. натрий хлоридінің ыстық қаныққан ерітіндісін қосады. Сонда ерітінді бетіне қатты сабын қалқып шығады. Оны бөліп, келесі тәжірибеге қолдануға болады.
Тәжірибе №4. Сабынның құрамынын май қышқылдарын бөлу.
Сабын ерітіндісін минерал қышқылдардың қатысында қыздырғанда, май қышқылдарының қоспасы бөлініп, ерітіндінің бетіне қалқып шығады.
Сабын – жоғары молекулалы май қышқылдарының тұздарының қоспасы. Олар минерал қышқылдармен әрекеттесіп, минерал қышқылдарының тұздарын түзіп, жоғары май қышқылдарын ығыстырып шығарады.
CH3 - (CH2)16 - COONa CH3 - (CH2)16 - COOH
│ + 2H2SO42Na2SO4 │
CH3 - (CH2)14 - COONa CH3 - (CH2)14 - COOH
Реактивтер: сабын, күқірт қышқылы (1:5 сұйтылған).
Құралдар: су жылытқыш, пробиркалар.
Жұмыс барысы: 1 г. сабынды 5 мл. дистилденген суда ерітіп, алынған ерітіндіге 3 мл. күкірт қышқылын қосып, шайқап су қыздырғышына қосып, шайқап су қыздырғышына қойып, 5-10 мин. қайнатады. Бөлінген май қышқылдары ерітіндінің бетіне қалқып шығады, егер сабын қатты майлардан жасалған болса, салқындағанда қатаяды.
Тәжірибе 3. Майдың құрамындағы қанықпаған қышқылдарды анықтау.
Майдың құрамындағы қанықпаған қышқылдарды анықтау үшін бром суын қолданады. Бром қос байланыс бойынша қосылып, түссізденеді.
Реактивтер: олеин қышқылы, күнбағыс майы, бром суы.
Құралдар: су жылытқыш, пробиркалар.
Жұмыс барысы: 1-2 мл. олеин қышқылы және сондай көлемдегі күнбағыс майына тең көлемде бром суын қосып, шайқайды, сонда бром суы түссізденеді, себебі қос байланыстар бойынша бром қосылады.