| Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. | Үнтаспа тыңдату. Үнтаспадан үй құстарының дауысын тыңдату. - Балалар, сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар? - Иә, балалар, үй құстарының дауысы екен? - Дұрыс, тауық, әтеш, балапан және т.б. Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атайды? Лепбукпен жұмыс. -Балалар, үй құстарының адамға пайдасы өте көп. Олардың жұмырткасы мен еті - тамақ. Бүгін үй құстарының бірі – әтеш тауық және оның балапанымен танысамыз. Тауық - ең көп тараған құстардың бірі. Оны «мекиен, әтеш», - деп екіге бөлеміз. Оның балаларын балапан деп атаймыз. Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз? - Балапанның түсі қандай? - Тауықтарға жем, су береміз. Тауықтар бидайды жақсы көреді. Міне, балалар, суреттен көріп тұрғандарыңдай, әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай: оның айдары бар, ал қауырсыны түрлі түсті болады. Тауықты жүні майда, айдары, тұмсығын, қанаты бар, ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар. Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді. Әтеш қалай дыбыстайды? Тауық қалай дыбыстайды? Балалар тауықтың балапандары қалай дыбыстайды? Сергіту сәті: Таң атты, күн шықты Аспанда бұлт ойнады Жел тұрды, жаңбыр жауды Найзағай сарт сарт етті Біз бұға қалдық. Балалар, жаңа біздер балапан туралы айттық, ендеше сол балапанды жапсырайық. «Балапан » құрастыру. Балалар желіммен ақ беттке сары балапан құрастыру. Биллингвальді компонент: әтеш – петух, тауық - курица, балапан - цыпленок, Ойын: «Кім зейінді?» Шарты: балалар ,үй құстарының нені жақсы көрет, қайда өмір сүрет, адамға пайдасы туралы табады. | Балалар тыңдайды Балалар құстардың атына атап, қайталайды. - Үйде күтіп-баптап өсіретін кұстарды үй кұстары деп атайды. - Балапан. - Сары (суретке қарап айту). Балалар қайталап айтады. Үй құстарының дауысын салады -Қыт-қыт. -Ку-ка-ре-ку. -Шиық-шиық-шиық. Балалар қимыл-қозғалыспен айтады. Балалар педагогтің көмегімен бірге орындайды. «Балапан» жапсырады. Желім алып сары балапан жапсырады. әтеш – петух, тауық - курица, балапан – цыпленок қайталау. |