СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үй жануарлары.Сиыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың үй жануарлары туралы білімін толықтыру.Оларға күтім жасау туралы түсінігін байыту.Ойлау қабілеттерін дамыту.Жануарларға қамқорлық жасау,оларға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Үй жануарлары.Сиыр»

«Айгөлек» IІ- кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлім: Жаратылыстану

Мерзімі: 26 .11.2019 ж

Тақырыбы: Үй жануарлары. Сиыр

Мақсаты: балалардың үй жануарлары туралы білімін толықтыру.

Міндеттері: оларға күтім жасау туралы түсінігін байыту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау, оларға мейірімді болуға тəрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: үй жануарларының макеті,сиырдың суреті.

Сөздік жұмыстар: жем, құрт

Әдіс –тәсілдері: жылулық шеңбері, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, өздік жұмыс, сергіту сәті, ойын.

Билингвальдық компонент: үй жануарлары, сиыр- корова, бұзау – теленок.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Қуанасың сенде,

Қуанамын менде,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Радуешься ты,

Радуюсь я

Радоваться вместе

Давайте друзья!

I werru

Ю уерри

Уерри тугезе френдс

Литс хав

Балалар шеңберге тұрып «Жылулық шеңберін» бірге айтады

Іздену ұйымдастыру

шылық

Жұмбақ жасыру:

Қорада тұратын,

Жем -шөпті корек ететін,

Адамға пайда әкелетін,

Қандай жануарлар екен ол?

  • Осы жануарлардың бəрін бір сөзбен қалай атауға болады?

- «Үй жануарлары». Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?

- Иә, біз үй жануарларына не береміз?

- Олар немен қоректенеді екен?

-Оларға біз жем,су,шөп береміз.

Біз бүгінгі оқу қызметімізде үй жануарларының ішінде сиырмен жақынырақ танысамыз.

Сиыр

Төрт түліктің біріміз,

Сиыр деген түріміз.

Желеп – жебеп жүретін.

Сүтін ішіп тұтынған,

Сиырға сол мақтаныш.

Халыққа өте керегі.

Біз атқарған жұмыстар.

«Сиыр, бұзау» жаңғырық әдісімен айту.

Макетті ашып, балаларға көрсетемін.

  • Сиырдың төлі - бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді.

  • Сиыр бізге не береді?

  • Иә, сиыр бізге сүт, ет береді екен.

  • Сүттен қандай тағамдар жасалады.

  • Сүттен айран құрт ірімшік жасайды.

-Малды теппейді, ұрмайды.

-Сүтті төкпейді.


Сөздік жұмысы: жем, құрт

Билингвальдық компонент: сиыр – корова- cow, бұзау – теленок - calf.

«Дауысынан таны» дидактикалық ойыны

-Үй жануарлары қалай

дыбыстайды екен?

Балалар үй жануарларының дыбысын қызығушылықпен салады:

Ит үрді – (əуп-əуп).

Сиыр мөңіреді – (мө-мө).

Жылқы кісінеді – (ио-ио).

Ешкі маңырайды – (ме-ме).

Қой маңырайды – (мə-ə-ə).

Ал мысық оларға қарап мияулады – (мяу - мяу).



Сергіту сәті:

Сиырды сауайық,

Одан сүт алайық.

Сүтті біз ішеміз,

Көбейер күшіміз.

«Не артық» дидактикалық ойыны

Шарты: үй жануарларының ішінде тұрған артық жабайы жануарларды тауып алып тастайды.

«Төлдер» әнін орындау.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?



Секең-секең, ей, лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ.

Тыным тапсаң болмай ма,

Секірмей-ақ кей уақ.

Жұмбақты мұқият тыңдап, жауабын айтады.







Қойылған сұрақтарға жауап береді.








Тәрбиеші оқып берген өлеңді мұқият тыңдайды.











Сұрақтарға жауап беруге тырысады.








Жаңа сөздерді қайталайды.




Балалар бірге қайталайды.




Ойынды қызығушылықпен ойнайды.










Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды.



Балалар ойынды бірге ойнайды.






Әнді бірге орындайды.

Рефлексивті түзетушілік

-Балалар біз бүгін қандай үй жануарымен таныстық?

-Сиырдың төлін қалай атаймыз?

-Біз сиырға не береміз?

Біз үй жануарларына қамқорлық жасауымыз керек, жем,шөп беру керекпіз. Малды теппейді.

Бүгінгі оқу қызметіміз осымен аяқталды.

Сиырмен таныстық.


Сиырдың төлі – бұзау.

Біз жем,шөп,су береміз.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.