СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Үй жиһаздары. Стол жасау»

Нажмите, чтобы узнать подробности

оқушыларға үй жиһаздары туралы түсінік беру. 

Просмотр содержимого документа
««Үй жиһаздары. Стол жасау»»



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК







Бекітемін :_________________

Колледж әдіскері:Оразбаев Р.А.

___________________________

Мектеп мұғалімі:

№ 8 мектеп кешені




Тақырыбы: «Үй жиһаздары. Стол жасау»






Өткізетін: Жарылқасынова Толқын

Сыныбы: 4 «А»

Дәрісхана : 21

Бағасы:














Семей қаласы

2018



Сабақ

Тақырыбы:

«Үй жиһаздары. Стол жасау»

Мектеп:№8 мектеп -кешені

Күні:

07.03.18

Мұғалімнің есімі: Жарылқасынова Толқын

Сынып: 4 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Оқушыларға үй жиһаздары туралы түсінік беру. Оқушыларды бейімді еңбекке баулып, қолөнер түрін терең меңгере отырып, үлгі бойынша жұмыс істей білуге, ой - өрісін кеңейту, эстетикалық талғамдарын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке тәрбиелеу.




Ресурстар:


Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті:


Оқушының әрекеті:

Психологиялық ахуал:

3 минут.

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Оқушылар орындарынан тұрады.


Үй тапсырмасын сұрау:

5 минут.

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

Оқушылар үй жұмысын айтады.

Жаңа сабақ:

15 минут.

 Мен бүгін мектепке келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу бар секілді. Қараңдаршы балалар мұнда хат бар екен. Хаттың ішінде жұмбақ жасырыпты.

Қорбан, қорбан етеді?

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып-ап

Қыста ұйқыға кетеді. (Аю)

Аю: — Сәлеметсіңдер ме?  Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?

—         Ал үйлерінде, бөлмелерінде не бар?

Мұғалім: бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.

—         Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: — Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ. Менде осындай ыңғайлы жиһазды қалаймын. Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

1. Мұғалім: — Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуға көмектесеміз бе? Жиһаздар дүкеніне барайық.

Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?

—         Қонжық саған бөлмең ұнады ма?

2. – Балалар, қонжық бұл жиһаз заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.  (үстел)

 

Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес-

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға, жатуға.(Диван)

 

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)

—         Аю, сен есіңе барлығын сақтап алдың ба?Жарайсың! Балалар да өте ақылды. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер.

 

Қонжықтар орманда тұрды,

Бастарымен бұлай бұрды

Қорбан, қорбан жүрді

Көлден су ішті

Қонжықтар бал іздеп

Ағашты шайқады

Былай-былай  шайқады

Кейін қолдарын көтеріп

Би биледі шаттана.

 

3. – Балалар, орманда қонжықтың  достары тұрады. («Үш аю» ертегісінің аюлар суретін көрсетеді). Сендер оларды таныдыңдар ма? Бұл қай ертегінің аюлары? Олардың үйлерінде бір жағымсыз жағдай болды. Біреу олардың үйлеріне кіріп, бүкіл жиһазды сындырып тастады. Бұл кім екен?

Ойын «Не жетпейді?»

Мұғалім

балаларға жиһаздың бір бөлшегі жетпейтін  суреттерді көрсетеді.

—         Балалар неліктен бұл жиһаздар сынып қалды?

—         Жиһазды қалай күту керек?

4. Ойын «Суретті жинап ал!»

 

—         Ал біздің тобымызда қандай жиһаз бар?

Схема бойынша жұмыс жасау.

—         Біз бүгін сабақта не жасадық?

—         Қонжық пен үш аюлар сендерге «рахмет» айтып жатыр. Сендер оларға өте көмектестіңдер. Олар енді біледі үйде қандай жиһаздар болу керек және  жиһаздарын қалай күту керек екенін.

Қонжық балалармен қоштасады. Сыйлықтарын таратады.


Оқушылар тақырыпты табады. Балалар дәптерлеріне жазады.












Сергіту сәті

Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.


Оқушылар орнынан тұрып орындайды.

Рефлексия:

5 минут.



Смайликке аттарын жазып үйге жабыстырады.

Үй жұмысын беру:

2 минут.

Жасап жатқан жұмыстарын аяқтау.

Үй жұмысын жазып алады.

Кері байланыс:

2 минут.









Балалар сұрақтарыма жауап береді.

Бағалау:

3 минут.

5 – өте жақсы

4 – жақсы

3 - қанағаттанарлық