СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үйдегі кауіпсіздік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы қарапайым ережелермен таныстыру, заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету

Просмотр содержимого документа
«Үйдегі кауіпсіздік»

Екінші кіші «Айналайын» тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:19.10.2017 жыл.

Тәрбиеші: Әлімханова А.Қ

Білім беру саласы: «Коммуникация»- Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мен жалғыз үйде қалғанда, көшедегі қауіпсіздігім»

Мақсаты: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы қарапайым ережелермен таныстыру, заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету

Сөздік жұмыс:электр құралдары,химиялық заттар

Қажетті құралдар:Қауіпсіздік тақырыбында суреттер, ойыншық телефондар.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші оқу қызметіне «Қауіпсіздік мектебінің» оқушысы Тазша бала (қуыршақ) қонаққа келгенін айтады. Тазша бала балалармен амандасып, өзін таныстырады.

  Балалар қуыршаққа қызыға қарап, онымен амандасып, танысады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тазша бала ұстазы Алдар көсе қауіпсіздік туралы көп нәрсе үйреткенін айтады. Балалардан қауіпсіздік туралы не білетіндерін сұрайды? -Бір қарағанда өзің күнде кіріп-шығып жүрген балабақшада және үйде еш қауіп-қатер жоқ сияқты. Бірақ та , мүлдем олай емес.Мен сендерге суреттер көрсете отырып, балабақшадағы және үйдегі қауіпті жерлерді айтып беремін. Ал сендер арасында менің сұрағыма жауап беріп көмектесіп отырыңдар. 1. Балабақшада және үйде қалай ойнау керек? Доппен ойнауға бола ма? 2.Балабақшада және үйде сіріңкемен ойнауға бола ма? 3. Газ плитасын ересектердің көмегінсіз қосуға бола ма? 4.Электр құралдарын пайдаланғанда қандай сақтық ережесін сақтаймыз? 5.Жуынатын бөлмеде өзіңе таныс емес заттарды ұстауға бола ма? 6.Химиялық заттар қандай зиян келтіреді? 7. «Жеті лақ» ертегісіндегі лақтардың орнында болсаң не істер едің?

    Балалар өз ойларын айтады.     Балалар тәрбиешінің көмегімен және суреттерге қарай отырып, сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау. Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы қарапайым ережелерді, заттардың бөлшектерін ажырату және атау, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстау

 Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы қарапайым ережелерін , заттардың бөлшектерін ажыратып және атау, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстайды

 

Күтілетін нәтиже

Ұғынады: Көшедегі және үйдегі қауіпсіздікті

Түсінеді: заттардың бөлшектерін ажыратуды және атауды

Қолданады: дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауды