Просмотр содержимого документа
«Үйренсе білім менен сан өмірің, Білер еді-ау өнердің не берерін.»
Үйренсе білім менен сан өмірің,
Білер еді-ау өнердің не берерін.
Шәкерім Құдайбердіұлы
Қазіргі кезде жасөспірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің ықпалы зор екендігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп берді.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеті, есте сақтау шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық сезімдері дамиды, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан - жақты дамуына негіз болары сөзсіз. Оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке бейімдейді.
Мұғалімнің ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы танымдық, эстетикалық тәрбие оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады.
Бейнелеу өнері сабақтарында дәстүрлі бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен бірге дизайн, оригами, коллаж, жапсырмалау жұмыстары да қарастырылады. Бұл жұмыстар оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін дамытумен қатар, олардың санасында бейнелеу өнерінің адам тіршілігінде, қоршаған ортада үлкен орын алатындығын дәлелдейді.Түрлі материалдардың көркемдік қасиеттерімен танысып, оларды өндеу тәсілдерін меңгереді. Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп ұлтты Қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен танысып, жекелеген белгілі бейнелеу өнері туындыларының композициялық шешімін, түс ерекшеліктерін талдап өз түсінігін, пікірін әңгімелейді. Соның ішінде, әрине көп ұлтты қазақ бейнелеу өнері, ұлттық қолөнер кеңінен орын алған. Ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін талдап, танып, отансүйгіштік сезімге бөленуіне мүмкіндік жасайды.
Мичурин ОМ
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Сартаева Алуа Олеговна
Қостанай районы