СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұйымдастырылған оқу іс қызметті:Коммуникация Тақырыбы. «Ойыншықтар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды ойыншықтар туралы ұғымдармен таныстыру. Тустермен, көлемімен ажырату, Ұжымдвлыққа, сыйластыққа тәрбилеу

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу іс қызметті:Коммуникация Тақырыбы. «Ойыншықтар»»

Бекітемін: Исаева.Т

08.03.2016 ж

Тақырыбы: Менің сүйекті ойыншығым
Білім беру саласы:  Қатынас.
Білім бөлімі: Сөйлем дамыту
Мақсаты: өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан  түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға  үйрету .
Дамытушылық : Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік  қорларын  дамыту .
Тәрбиелік : Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .
Әдіс тәсілі: ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ .
Пән аралық байланыс : Қоршаған орта , көркем әдебиет .
Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері , машина,доп, қуыршақ ,слайт.
Балаларды  ұйымдастыру .                                            
Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар !
  -Балалар, бүгін ерекше күн  .
  -Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .

Балалар:Үлкенгеде сіз,
     Кішіге де сіз.
     Үлкендерді  құрметтеп ,
     Бас  иеміз  біз!
Тәрбиеші:  Балалар ,  қане ,  бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Балалар: Шаттық  шеңберге   тұрады .
                 Бәрі бірге қосылып айтады .
    Шаттық     шеңбері;
            Біз      ұқыпты     баламыз ,
                  Айтқан   тілді       аламыз.    
                  Ойыншықтарды   жинаймыз,    
                  Үлкендерді    сыйлаймыз.    
 Тәрбиеші:  Балалар   өткен   оқу  іс- әрекетті   еске түсірейікші   .    
Өткен  оқу іс- әрекетте   біз   « Қысқы киімдер  »   тақырыбын   өткенбіз.
Қысқы  киімдерге   тоқталып   ,балалардан сұрау  .
Балалар  бүгінгі    жаңа  оқу іс- әрекетіміз  «Қатынас» білім  саласы ,  тіл     
дамытудан  «Менің сүйікті  ойыншығым »  тақырыбын  өтеміз.
-Балалар қазір  қандай   мезгіл ?
Балалар:
 көктем мезгілі.
Тәрбиеші: дұрыс  айтасыңдар !
 -Көктем  мезгілінде   неше  ай  бар?
Балалар: үш   ай  бар .  

Наурыз  ,сәуір ,  мамыр .
Тәрбиеші :
Жарайсыңдар   балалар !
Сұрақ - жауап: 
Сүйікті  ойыншықтарың  бар  ма ?    
 -Қандай   ойыншықтарың    бар ?                                --Қандай   ойыншықты  жақсы   көресіңдер ?
- Ойыншықтарды  қалай   ұстау   керек?            
Балалар:   жауап   береді.   
Тәрбиеші:Балалар , мына үстел   үстінде  жатқан  заттар  не?
Балалар:   Олар   -    ойыншықтар  . 
Тәрбиеші: Ойыншықтармен    не    істейді?                                                       
Балалар: Ойыншықтармен  ойнайды .                     
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы  біздің  тобымызда

ойыншықтар  өте  көп,олар   қандай  әсем , әдемі  ойыншықтар. Балалар  мынау  қандай Ойыншық?                                                                                            
Балалар:  доп.  

Тәрбиеші:  доптың  пішіні  , түсі   қандай ?        
Балалар:  жауап  береді .                                                
Тәрбиеші:  Доптың  қимылы қандай ?                                    

-Қане бәріміз  допша  секірейікші ?                                

Кім доп туралы  тақпақ  біледі ?                                                                              

Балалар: Топ –топ добым  домалақ ,    
                    Қайда  кеттің   домалап .
                    Бір ,екі  деп екі  ұрдым ,                              

Шатырға  сен  секірдің .    
Тәрбиеші:Қыз  балалар  көбіне қандай  ойыншықпен  ойнайды ?
Балалар: Қуыршақпен .
Тәрбиеші:  Дұрыс    айтасыңдар. 

Қуыршақпен .

Балалар қуыршақтың   әдемі   шашы  ,   әдемі   көйлегі   бар  екен . Қуыршақтың   көйлегінің     түсі   қандай ?   
-Кім  қуыршақты  қалай  ұйықтататынын    көрсетеді ?
-Ал , ұлдар көбінесе  қандай ойыншықпен   ойнайды ? 
Балалар: Машинамен  ойнайды .         
Тәрбиеші:  Ал,  машинаның   түсі   қандай?
-Кім   машина   туралы  тақпақ  біледі ?
Балалар :Үлкенмін  ғой  міне  мен ,
     Ойыншықтарды  жинаймын  .
     Машинаға  мінер  ем  ,
    Кабинаға     сыймаймын .
Тәрбиеші:   Балалар  ойыншықтар  жасалуына  байланысты  бірнеше  түрге   бөлінеді . 
1. Матадан  жасалған .
2. Пластмассадан .
3. Резинадан жасалған  ойыншықтар .

4.Сипаттама  беру .

ЖҰМБАҚТАР  ШЕШУ ;
1.
 Аяғы  бар ,  жүрмейді ,
Аузы   бар  ,  күлмейді .
Айнымайды  бөпемнен ,
Тек   сөйлеуді   білмейді .(қуыршақ )
2. Суға   салсаң    батпайды ,
Түскен   жерге  жатпайды . (доп)          

Дидактикалық    ойын : «  Жалғасын  тап  » .    
Ойын шарты : Бастаушы  бала  сөйлемді  бастап  береді,  балалар аяқтайды .
-Менің  ойыншығым    ..../ әдемі/.
-Мен  қуыршақпен  ... /ойнаймын/.
-Допты   жоғары  ... / лақтырдым / .
Р.Тышқанбаевтың  «Қуыршақ »   өлеңін    оқып    беру .
Сөйлемейсің    сен  неге ,
Тілің  жоқ па, қуыршақ ?
 Жуынбайсың  сен   неге ,
 Кірің жоқ па ,қуыршақ ?
 Аяғың   бар , сен неге ,
 Жүре  алмайсың , қуыршақ ?
 Жұмсағанда  сен неге ,
 Тіл  алмайсың ,  қуыршақ?
 Біз  күлгенде  күлмейсің ,
Аңқаусың  ба ,  қуыршақ  ?
 Бізбен  бірге  жүрмейсің,
 Жалқаусың  ба  ,қуыршақ  ?
Сергіту   сәті:
 Ұзын құлақ  сұр қоян  ,
Естіп  қалып  сыбдырды .
Ойлы – қырлы жерлермен ,
Ытқып –ытқып жүгірді .
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан  томпаңдап ,
Көжегі екен өзінің  .
Ойын : « Ғажайып  қорапша ».  ( ішінде асық)           
Ойын  шарты:
 көздеріңді   жұмып  қоржыннан  кез  -келген  ойыншықты  аласыңдар .  Алған  ойыншықтарыңның  атын ,  түсін , қатты , жұмсақ  екенін айтып , жақсы мейірімді  тілек  білдіресің .

Мысалы:  мен асықты алдым, асық ойыны ұлттық ойын, асықтың түсі – қызыл, қатты және асықпен қалай ойнау керек екенін көрсеттім.
Мазмұнды  -рольді  ойын: «Ойыншықтар   дүкені ».

Мақсаты : Сөйлемді  толық  құрауға  үйрету  , ойлау  қабілеттерін  дамыту .
Мамандыққа  баулу,яғни  дүкенші  болуға  ынталандыру және сыпайы  

сөйлеуге  үйрету .

Ойын  шарты: 1- бала –сатушы , 2-бала – кассир ,3-бала –тексеріп ,

қарап алушы . Дүкенге барғанда тәртіп сақтауымыз  керек . «рахмет ! »,  

«қош  келдіңіз!»деген  сөздерді пайдалану ( 2 -3) рет балалардың  орындарын  ауыстырып  ойнату.

Қорытындылау.
Күтілетін  нәтиже:
Біледі: Ойыншықтардың   түрлерін   ,  түсін  ,     пішінін   білу .
Игереді: Толық  сөйлем  құрау .
Меңгереді: Ойыншықтарға  жанашырлықпен қарап , достарымен

бөлісіп ойнау .


































Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі









Ашық сабақ «Ойыншықтар»

Шағын орталық тобы: 3- жас


Тәрбиеші: Исмагулова.Г



















2016- 2017 жыл