Акпарова Зарина Мараткызы
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы
«Бэйби Бум» ЖШС-ң қарамағындағы
№36 «Аққу» балабақшасы
Тәрбиеші
«Ұлттық тәрбие»
Ашық ұйымдастырылған қаралым
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу
Мақсаты: Балалардың бойына ұлттық құндылықтарымызды ұялату, одан нәр алып өсуіне, қадір-қасиетін білуге баулу.
Керекті құралдар: интерактивтік тақта, ұлттық тағамдар липучкамен ойын, киіз үй суреті, фонарик.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңіл күйлерін қалай?
Балалар: Жақсы
Тәрбиеші: Балалар, мына суретке назар аударайық, суретте біз үй жануарларын көріп тұрмыз. Неліктен “үй жануары” деп атаймыз?
Балалар: Өйткені оларды үйде бағып өсіреміз.
Тәрбиеші: Қанеки балалар бұл ненің дыбысы, тыңдайықшы.
Балалар: Сиырдың
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Осы уақытта мөңіреген дауыспен сиыр кіреді.
Сиыр: Сәлеметсіңдерме балалар!
Мен мүйізді сиырмын,
Бұзауымды іздеймін,
Сүт пен қаймақ беремін
Балаларды сүзбеймін!
Тәрбиеші: Балалар онда қазір сиыр қандай өнім береді екенің көрейік.
Тапсырма: «Сиыр сау»
Мақсаты: Саусақ икемділігін дамыту.
Тәрбиеші: Қараңдаршы, балалар сиырдан не шықты? Бұл не екенін білесіңдерма?
Балалар: Сүт
Тәрбиеші: Сиыр төрт түліктің бірі. Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт, қаймақ, етінен тағам түрлері , терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Бұның бәрі біздің қазақ халқымыздың ұлттық тағамдары.
Тапсырма «Ұлттық тағамдардың көлеңкесін тап»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау,көру қабілетін дамыту.Тиянақтылыққа және ұқыптыллыққа үйрету.
Шарты: Суреттерде бейнеленген тағамдардың көлеңкелерін ажырату. Дұрыс екенін тексеріп, беттестіру.
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар! Енді бәріміз орнымыздан тұрып, сергіп алайық!
Сергіту сәті
Тапсырма «Киіз үйде не бар?» фонарик ойыны
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамытуға бағытталған.
Тәрбиеші: Өте тамаша, балалар жарайсыңдар!
Сиыр: Керемет! Сендер өте ақылды екенсіңдер, көп нәрсе біледі екенсіңдер. Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, мұны ауылдан әжелерің беріп жіберді, дәм татыңдар балалар. Жақсы сау болыңдар!
Тәрбиеші: Рахмет, сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Соу болыңыз!
Қорытынды:
Балалар, сонымен сиыр бізге кандай өнімдер береді екен?
Ұлттық тағамдарға не жатады?
Бүгінгі сабақ ұнадыма?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сиыр малының дауысын ажыратуды біледі;
Игереді: Сиыр малынан қандай өнім шығатынын игереді;
Меңгереді: Еркін жауап береді меңгереді.