СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үлгі бойынша дорба жасау

Категория: Технология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ Үлгі бойынша дорба жасау 4 класс

Просмотр содержимого документа
«Үлгі бойынша дорба жасау»

тақырыбы: Көркем құрастыру.Үлгі бойынша дорба тігу.

Сабақтың мақсаты: Үлгі бойынша дорба тігу тәсілдерімен таныстыру.

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру,практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтау: картон. түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды түгендеу

- Құрал-жабдықтарын тексеру

- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Жаңа сабақты түсіндіру

Дорбаны құрастырудың және тігудің ретін еске түсірейік.

1.Үлгі пішімін дайындаймыз. Тік төртбұыштың пішінін негізгі сызықпен белгілейміз. Өлшем сызықтарды негізгі сызықтан үш есе жіңішке етіп сызамыз (1-сурет)

2.Матаға белгі саламыз (2-сурет). Пішілген үлгіні матаның теріс жағына түйреуішпен қадайтынымыз сендерге белгілі. Арнаулы қаламмен, бормен, сабынмен салынған белгінің таңбасы матаның өң жағына өтіп кетпейтіндей болуы керек. Жиегін айналдыра кесеміз. Түйреуішті қыстырған кезде еңбек қауіпсіздігі ережесін қадағалаңдар.

3. Дорбаның теріс жағынан (шетінен 10 мм-дей кеңдеу етіп алып) көктеп тігеміз.










4. 3-суретке қара. Дорба дұрыс тігілмесе, ол пайдалану кезінде тез сөгіледі. Егер жиегін жөрмеп тіксек, дорба өте әдемі және тігістері мықты болады (4-5 суреттер).

5.Дорбаның жоғарғы жиегін өңдеу.

Дорбаның жоғарғы жиегі әдемі және сәнді болуын ойланыңдар. Жоғарғы жиегіне кесте таспасын, шілтер (6-7 суреттер), матаның үшкіл қиықтарын тігуге болады. Біз кестемен жиек салуды да білеміз.

6. Дорбаны сәндеу.

Алдымен қағазға композиция сызып алыңдар. Сол бойынша тігуге, жапсырма жасауға болады.

Дорбаны түрлендіріп сәндеңдер.









3-сурет 4-сурет 5-сурет











6-сурет 7-сурет 8-сурет



Дорбаға өзгеше сәнді бау тағыңдар (8-сурет).

Дорба дайын. Ол-пайдалы,ыңғайлы әрі әдемі. Сендер өздерің жасаған бұйымның дизайшысы болып табыласыңдар.

Дизайншы-бұйымның сыртқы көрінісін әсем, көрікті, әшекейлерін тартымды және пайдалануға ыңғайлы етіп жасайтын адам. Дизайншы көркем құрастырумен шұғылданады.

Сендердің дорбаларыңа балабақша балалары, 1сынып оқушылары, сіңлі, іні-қарындастарың қандай қуанған болар еді!


Жаңа сабақты бекіту

1.Дизайншының міндеті не?

2. Дорбаны мұғалімнің көрсетуінсіз, схемасыз жобалап, тіге аласың ба?

3. Қиылған жерді не үшін торлап тігеді?

Бағалау: Сабаққа белсене араласқан оқушыларды атап,бағалау

Үйге тапсырма: 130-132 беттер










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!