СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үлкен Жарылыс теориясы.Әлемнің ұлғаюы.Хаблл заңы. Өмір және Әлем туралы ойлар. Адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әлемнің ұлғаюы.Хаблл заңы. Өмір және Әлем туралы ойлар. Адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру түсінік беру  Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«Үлкен Жарылыс теориясы.Әлемнің ұлғаюы.Хаблл заңы. Өмір және Әлем туралы ойлар. Адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру»

БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Үлкен Жарылыс теориясы.Әлемнің ұлғаюы.Хаблл заңы. Өмір және Әлем туралы ойлар. Адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру

Пән атауы: Физика

Дайындаған педагог Кайырлиева Кенжегул Тлегеновна

   2021 жылғы "__" мамыр

1.Жалпы мәліметтер

 Курс, оқу жылы, топ СТ-211.1к

Сабақ типі практика

2. Оқыту мақсаты: 11.10.1.1– Әлемнің ұлғаюы.Хаблл заңы. Өмір және Әлем туралы ойлар. Адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру түсінік беру Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру.

Сабақ мақсаты: - Хаблл заңын түсіну ,Әлем, Әлемнің бір бөлігі Метагалактика және оның қасиеттері, адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру туралы түсінік беру.

Барлық студенттер: Хаббл заңының көмегімен бақыланатын Ғаламның радиусын анықтай алады. адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру туралы түсінік бере алады.

Тәрбиелік: Шыншылдыққа, ізденімпаздылыққа, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа баулу

Дамытушылық: Ой өрісін дамыту. Ойлау қабілетін арттыру. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері:
- Хаббл заңының формуласын қолдана есептер шығара алады, Әлемнің бір бөлігі Метагалактика және оның қасиеттері, адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру туралы түсінік бере алады.
 2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: білу қолдану, анализ.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар оқулық : Физика.11сынып. 2 –бөлім Сабақты түсіндіру барысында презентация қолданылады және студенттер jamboard тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланады

 3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар:құрал-жабдықтар:

  Сабақтың басы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Жұмысқа оң психологиялық көңіл-күй жасау.

1.Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақ-жауап

1. Грек сөзінен шыққан «жұлдыз тәрізді» деген мағынаны білдіретін кіші планеталар (астероидтар)

2.Жұлдыздардың түсі неге тәуелді? (температурасына)

3.Грек сөзінен шыққан «құйрықты жұлдыз» деген мағынаны білдіретін аспан денесі? (комета)

4.Астрофизика дегеніміз не? (астрономия нысандарын физикалық әдістермен зерттейтін физиканың саласы)

5. Галактика деген не? (Галактика – жұлдыздар мен жұлдыздардың шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және түнек материясынан құралған алып, гравитациялық-байланысқан жүйе.)

6. Грек сөзінен шыққан «жұлдыз тәрізді» деген мағынаны білдіретін кіші планеталар (астероидтар)

2.Видео көрсетіледі. Жаңа сабақтың такырыбы мақсаты айтылады.

Төңкерілген сабақ: Бүгінгі жаңа сабақ бойынша студенттер түсіндіреді

Берілген сұрақтар тақырыбы :

1.Әлемнің ұлғаюы.Хаблл заңы. Өмір және Әлем туралы ойларСтудент

2.Қызыл ығысу деген не?

3.Адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру

3.Жаңа сабақ бойынша есеп шығарылады,(жетелеу әдісі арқылы)

Есеп шығару.

  1. 1,5 * 104 км/с алшақтау жылдамдығы бар галактика бізден қандай қашықтықта?

студенттер jamboard тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланап есеп шығарады.

Дескриптор: Хаббл Заңының көмегімен қашықтықты анықтай алады.

Адасқан әріптер ойыны

1.ЛКТААКИГА ГАЛАКТИКА

2.ДЫЖЛҰЗҒШОРЫЫ ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЫ

3.ГГЛАИККТАМАЕА МЕГАГАЛАКТИКА

4.ҢОАЗТ ТОЗАҢ

5.ЫЖҰҚСЛО ҚҰС ЖОЛЫ

 Дескриптор:адаскан әріптерді орнына қоя алады

Тест

1.Үлкен жарылыс қашан болды?

A – 65 миллион жыл бұрын

+B – 13,7 миллиард жыл бұрын

C – 46 миллиард жыл бұрын

2.Алғаш құрылған газдар жиынтығы қалай аталады?

A – кластерлер

+B – жұлдыздар шоғыры

C – галактикалар

3.Шамамен Үлкен жарылыстан қанша уақыттан кейін Құс Жолы пайда болды?

A – жүздеген миллион жыл

+ B – 1 миллиард жыл

C – 5 миллиард жыл

4.Ғаламның ұлғаюы алғаш болып қашан табылды?

A – 1750 ж.

B – 1810 ж

+. C – 1929 ж.

5.Галактикалардың барлығына дерлік тән нәрсе?

A – бір-біріне жақындайды

B – бір-бірінен алшақтайды

+ C – өседі

6.Үлкен жарылыстан қанша уақыттан кейін Жер пайда болды?

A – 1 миллиард жыл

B – 5 миллиард жыл

+ C – 9 миллиард жыл

7. Ғаламның ұлғаюын алғаш болып кім тапты?

A – Эдмунд Галлей

+B – Эдвин Хаббл

C – Фред Хойл

8. Ауыр элементтер қашан пайда болды?

A – Үлкен жарылыста

+B – жеңіл элементтер газ жиынтықтарына соқтығысқан кезде

C – жұлдыздар пайда болғаннан кейін

9. Сәулеленудің қандай түрі Үлкен жарылысқа дәлел болады?

+A – микротолқындар

B – инфрақызыл

C – ультракүлгін

10. Үлкен жарылыс теориясы ғаламның пайда болуы туралы не айтады?

A – Ғалам әрқашан қазіргі күйіндегідей болған

B – материалдар тоқтаусыз пайда болады

+C – Ғалам миллиардтаған жылдар бұрын бір нүктеден ұлғайған

Дескриптор: нақты анықтамаларды біледі

тақырыпты меңгере алады студенттерді бағалау

Бағалау кестесі бойынша студенттерді бағалау.

Сабақтың соңы:

Рефлексия: Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Үйге тапсырма: § 75-76 Үлкен Жарылыс теориясы. Әлемнің ұлғаюы.Хаблл заңы. Өмір және Әлем туралы ойлар. Адамзаттың ғарыштық болашағы және ғарышты игеру .

Үйден есеп шығарып келу.

1.Галактиканың ең жоғары жылдамдығы жарық жылдамдығынан артық болмауы мүмкін екенін ескере отырып, Хаббл Заңының көмегімен бақыланатын Ғаламның радиусын анықтаңдар.

Әдебиеттер: Кронгарт Б.А, А,С.Тұяқбаев,Ш.Б.Насохова,М.Е.Әбішев. Физика.11сынып. 2 –бөлім, Алматы: Мектеп, 2020ж


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!