Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОП САҒАТЫ
Тақырыбы: «Ұлттық құндылық – ұлы даланың жеті қыры»
Дайындаған: 20 ЕТ
тобының топ жетекшісі
А.С.Ихсанова
2020-2021 оқу жылы
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралды
№___ «___»___________2021 ж.
Циклдық комиссия төрайымы_______________Мукушева Л.А.
Тақырыбы: Ұлттық құндылық – ұлы даланың жеті қыры
Мақсаты:
Білімділік: Студенттердің білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу.
Дамытушылық: алған білімдерін толықтыру, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізу, оқытушының сұрақтарына нақты жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту. Қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Әдісі: Талдау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Презентация, бейнежазба
Топ сағатының өткізілу уақыты: 11.03.21 ж.
Қатысушылар: 20 ЕТ топ студенттері
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, студенттердің сабаққа даярлықтарын тексеру.
ІІ. Сұрақ-жауап: Студенттердің білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Ұлттық байлық дегеніміз не?
Ұлттық байлықты алғаш рет кім есептеп шығарған?
Ұлттық байлық қандай салалардан тұрады ?
Ұлттық байлықтың құны бар ма?
Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма?
Антиквариаттық заттар ұлттық байлыққа жата ма?
Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма?
Сөз тіркестерін, сөйлемдерін құру.
Ұлттық байлық тақырыбы бойынша: «Ұлттық» деген сөзбен сөз тіркесін жасап, жай сөйлем құрып, дәптерге жазу.
«Байлық туралы» мақал-мәтелдерді жазу. Мақал-мәтелдерді оқиық.
ІІІ. Оқытушының сөзі:
Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:
Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған мұрасы.
Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз деп айтқандай, біздің еліміздің жер асты пайдалы қазбаларға өте бай.
Қазақстанның пайдалы қазбалары
(Слайд бойынша оқытушы Қазақстанның пайдалы қазбалары жайлы түсінік береді)
Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі кездеседі.
Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.
Қаныш Сәтбаев бүкіл өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы табиғи қазба байлықтарын минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады.
Мәтінмен жұмыс
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ
Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі.
Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарында Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы табылған. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б.
Қазба байлықтары мен түсті металдары күнделікті тұрмыста қолдануға қажетті түрлі тұрмыстық заттар мен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.
Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста мұнай, газ өндірсе, шығыста фосфор, орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді.
Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалары екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі.
«Арселор Миттал» компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығарылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады.
Соңғы жылдары «Қазақстанда Жасалған» деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.
Аудиомәтін тыңдаймыз. (Қосымша-1)
Мәтінді студенттер мәнерлеп оқып, аударады, таныс емес сөздерді аударып, дәптерлеріне жазады. (Қосымша-2)
Мәтін бойынша сұрақтар қойылады. (Қосымша-3)
Сұрақтарға жауапты студенттер дәптерлеріне жазып отырады.
Ұлы даланың жеті қыры:
Атқа міну мәдениеті
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты.
3.Аң стилі Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.
4. Алтын адам
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».
5. Түркі әлемінің бесігі
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.
6. Ұлы Жібек жолы Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады.
Қорытынды:
Міне біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.
Сабақта танытқан белсенділіктеріңізге рахмет.
Топ жетекшісі: А.С.Ихсанова