СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: 1. Ұлттық салт - дәстүрдің, ата салтының ұрпаққа мұра ретіндегі маңызын түсіндіру. 2. Студенттерді ата салтына адал болуға, қастерлеуге, сақтауға, жасампаздықпен дамытуға үйрету. 3. Ұлтжандылыққа, ата салтына беріктікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.  

Просмотр содержимого документа
«Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту»

АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МҚКК





КЕЛІСІЛДІ

Топ жетекшілері бірлестігінің

жетекшісі_______ М. Қазығулова


БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

__________Н. Махметова



ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ


Тақырыбы: «Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту»












Оқытушы: М. Мусаева











Сабақтың тақырыбы: Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Құрмет көрсету, сүйіспеншілік, адамгершілік.

Сабақтың мақсаты:
1. Ұлттық салт - дәстүрдің, ата салтының ұрпаққа мұра ретіндегі маңызын түсіндіру.
2. Студенттерді ата салтына адал болуға, қастерлеуге, сақтауға, жасампаздықпен дамытуға үйрету.
3. Ұлтжандылыққа, ата салтына беріктікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:
1.«Ата салтының» ұлттық құндылық ретіндегі мәнін ашу;
2. Ата салтын жіті біліп, оны құрметтеудің перзенттік борышы екенін түсіндіру;


Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікір-талас, шығармашылық т.б.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: слайд, техникалық құралдар, қабырға газеттері, бүктемелер.

Сабақтың жоспары:
І. Кіріспе

«Атадан қалған жоралғы»

«Шешендік сөз» сұрақ-жауап

ІІ. Негізгі бөлім

*«Тіл өнері»

* «Жалғасын тап»

*«Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы
ІІІ. Қорытынды бөлім
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Сабақтың барысы:

Жүргізуші

Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың рухани байлығын бойымызға сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алуымыз қажет. «Өткенді білмей келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын ұғады» - деген болатын атақты жазушы

Ғ. Мүсірепов.


Танысқыңыз келсе қазақ жұртымен,

Салт – дәстүрі, тарихы, әдет – ғұрпымен.

Нағыз қазақ қалада емес, ауылда,

Танылатын ұлттық мінез- құлқымен.

Жақсы дәстүр – сақтар елдің елдігін,

Екендігін ұғынасың сен бүгін.

Танытады қалпымен – ақ қонақжай


Нағыз қазақ жүрегінің кеңдігін дей келе бүгінгі «Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту» - атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысымызға екі топ қатысып отыр.

1-топ. Аманат. 2-топ. Шаңырақ


Енді сіздерді сарапшылармен таныстырып өтейік:

Ахметова Жарқынай

Кивашева Жазира


Құрметті сайысқа қатысушылар енді сайыстың шартымен таныстырамыз.

«Атадан қалған жоралғы» (команда мүшелерін таныстыру)

Шешендік сөз (сұрақ-жауап)

Тіл өнері (жұмбақтың шешуін қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде жауап беру)

Жалғасын тап (мақал-мәтелдің жалғасын табу)

«Өнер-халық қазынасы» (сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді)

«Ақылдың алты қалпағы» стартегиясы. Топтық жұмыс.


Шаттық шеңбері

Топтағы бір студент «Білім мен өнерді сүй, сусында» атты өлеңді мәнерлеп оқиды. Әр студент құрмет көрсету, сүйіспеншілік, адамгершілік туралы өз түсінігін қысқаша айтып шығады.


І кезең: «Атадан қалған жоралғы»

Екі топ өздерін таныстырады.
1-топ: Біз тобымызды «Аманат» деп атадық. Себебі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай келе жатқан салт-дәстүрімізді бабаларымыз бірге аманат етіп қалдырған. Аманатқа қиянат жасамай, келер ұрпаққа жеткізу-біздің басты парызымыз.
2-топ: Ал біздің тобымызға «Шаңырақ» деп ат қойдық.
Өйткені шаңырақ-қазақ ұғымындағы қасиетті дүние. Егеменді еліміздің шыңарағы биік болған жағдайда ғана салт-дәстүріміз де жаңғыра бермек.

ІІ кезең: «Шешендік сөз» сұрақ-жауап

Ұлттық бас киімді ата? (сәукеле, тақия, бөрік)

Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

Малдың сүтінен алынып ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам (құрт)

Шілдехана тойы қай кезде тойланады? (кішкене нәресте дүниеге келгенде)

Көрімдік сұрау дегеніміз не? ( бұрын көрмеген адамды біреуге көрсеткен кезде)

Қойдың басы қандай қонақтарға беріледі?(үлкен,жасы келген қарияларға)

Тұсау кесерді қалай түсінесің? (жаңа тәй –тәй басқан баланың тұсауын кесу)

Наурыз көже қай мезгілде дайындалады? (наурызда)

Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады (7 түрлі)

Түйе сүтінен не алынады? ( шұбат)

Қазақтың ұлттық тағамы? (ет)

Жармадан қандай тағам түрлері жасалады? (жент)

Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын? ( қымыз)

Оңынан да, солынан да оқысаң өзгерісі жоқ ұлттың атауы? (қазақ)

Қандай қаланың атауын білесіңдер басы сан, ортасы адам мүшесі, аяғы астың дәмін келтіретін дәмнің бір түрі? (Екібастұз)


Жүргізуші:

Осыменен бірінші және екінші кезеңіміздің ұпай сандарын есептеуді сарапшылардан сұраймыз.


ІІІ кезең: «Тіл өнері» жұмбақтың шешуін үш тілде жауап беру керек.

Тау-тау ақ қар ерімейді ыстыққа

(мақта, вата, cotton)

Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің барын кезді

(Ине, иголка, needle)

Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды

(алжапқыш, фартук, apron)

Тұмсығы мықты, қырмен ойды тегістеп шықты

(үтік, утюг, iron)

Біреуге кейін дейді, ал өзі кейінбейді

(тігін машинасы, швейная машина, sewing machine)

Кіруге адам батпайды, аман – есен сақтайды

(сандық, сундук, trunk)

Келесі сайысымызды бастамас бұрын, сарапшылардан «Тіл – өнер» жарысының бағасын есептеуіңізді сұраймыз.


ІV кезең: «Жалғасын тап»

Сайыстың бұл кезеңінде бірінші топ мүшелері мақалдардың бастапқы бөлігін айтады, ал екінші топ мүшесі жалғасын табады.

Шақырған жерден қалма,

Шақырмаған жерге барма.

Келіншектің бетін кім бұрын ашса сол ыстық.

Келгенше қонақ ұялар,

Келіп болған соң үй іші ұялар.

Тойдың болғанынан, боладысы қызық.

Тойға барсаң бұрын бар,

Бұрын барсаң орын бар.

Тойға барсаң, тойып бар.

Қолыңмен істегеңді,

Мойныңмен көтер.


Келесі сайысымызды бастамас бұрын, сарапшылардан «Жалғасын тап» жарысының бағасын есептеуіңізді сарапшылардан сұраймыз.


V кезең: «Өнер-халық қазынасы»

Сайыскерлеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Күй. Орындайтын: Ерланова Жанбота, Ильясова Анар

Сарапшылардан «Өнер-халық қазынасы» жарысының бағасын есептеуіңізді сұраймыз.


VІ кезең: «Ақылдың алты қалпағы» стартегиясы

Түрлі ленталар арқылы алты топқа бөлу. Топтарға тапсырмалар берілгеннен, топтасып дайындалуға 3 мин уақыт беріледі. Әр топ өзіне берілген тапсырмаға орай өзара ақылдасып, топтық жұмыс жасайды. Топтық қорғау. Топтар дайындалып болғасын, топтар өз жұмыстарын қорғайды. 2 мин
"Ақ қалпақ" тобы қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы толық мәліметтер келтірді. Қонақжайлылық әдет-ғұрыптары, әдептілік пен сыпайылылық, отбасы мен некеге байланысты қазақтың салт - дәстүрлерін жан - жақты ашып береді. Өздері білетін өмірден мысалдар келтіреді.
"Қызыл қалпақ" тобы қазақтың салт - дәстүрлерін айта отыра, мысалы жұртшылық дәстүріне және асар дәстүрлеріне тоқталып, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға ауыл болып көмектесуі, ауылдастары бірлесіп баспанасын салып беруге үлкен таңдану, құрметтеу сезімдерін жасыра алмады. Сонымен қатар қонақжайлылығына да қазақтар ғана емес, басқа халықтардың да таңдана жазғанын айтып өтеді.
"Қара қалпақ" тобының міндеті қазақ дәстүрлерінің келеңсіздіктерін, кемшіліктерін атап өту. Әсіресе, "Белқұда", "бесік құда" дәстүрлерінің қазіргі заманға сай еместігін алға тартады. "Қыз алып қашу" дәстүрінің адам құқығына қарсы бағытталған дәстүр ретінде атап өтеді. Сонымен қатар "әменгерлік", "туысқанның баласын бауырына басу" дәстүрлеріне қарсы өзіндік ой-пікірлерін білдіреді.
"Сары қалпақ" тобы қазақтардың дәстүрлерінің ішінен "жұртшылық", "ерулік беру" "үлкендерді құрметтеу", "бата беру" дәстүрлерін атап өтеді. Олардың тәрбиелік маңызын атайды. Қазірге дейін осы дәстүрлеріміздің сақталмауының маңыздылығын атап өтеді.
"Жасыл қалпақ" тобының міндеті: шығармашылық ойлау, жаңа идеялар айту болғандықтан, бұрынғы салт - дәстүрлерін дамыта отырып, жаңа дәстүрлер ұсынады. Қазіргі заманға сай жаңа дәстүрлерді ұсынады.
"Көк қалпақ" тобы барлық топтардың ой - пікірлерін толығымен тыңдап, жан - жақты талдауға кіріседі. Әр топқа жеке-жеке тоқталып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдап береді.


1 - жүргізуші: Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары студенттер арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. 1 - бөлім, ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы. 2 - бөлім, таяу жылдардағы міндеттер
Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы студенттердің пікірлерін ұсынамыз.

1 - студент: 1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
2 - студент: 2. Прагматизм
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
3 - студент: 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4 - студент: 4. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді
5 - студент: 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа - эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.
6 - студент: 6. Сананың ашықтығы
Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Осыменен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін сарапшыларға сөз кезегін береміз. Қыздар, өз білімдеріңді ортаға салып, тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан барлық студенттер мен көрермендерге үлкен алғысымызды білдіреміз.


Қорытынды: Халқымыздың баға жетпес құнды қазынасын адам санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.