Просмотр содержимого документа
«"Ұлы Отан Жеңіс күніне" арналған ұйымдастырылған іс-әрекет»
«Бэйби Бум» ЖШС-ң қарамағындағы «Аққу» балабақшасы
№8 «Балбұлақ» ортаңғы тобы
«Ұлы жеңіс жасасын!»
Тәрбиеші: Амантай М.А
Акпарова З.М
2023-2024 жж.
Көкшетау қ.
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысындағы ерлікпен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
1 жүргізуші: 1-жүргізуші: 9-мамыр - Жеңіс күні. Бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мереке. Балалар, сендердің аталарың Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан. Жеңістің туын желбіреткен. Құрметті қонақтар мен балалар! Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Міне, осы айтулы күнге орай, бүлдіршіндеріміздің дайындаған шағын мерекелік ертеңгілігін қабыл алыңыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
2-жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.
1 жүргізуші: Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылдың маусым айының 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығы арқасында 1945 жылы 9- мамырда бұл соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды.
Видео-ролик
2 жүргізуші: Қане балалар, Ұлы Жеңіс туралы тақпақтарымызды айтайық.
Аян:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып,
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрдік
Медина:
Мәншүк апай батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз.
1 жүргізуші:
Арылтып жаудан жеріңді
Табанға жаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер бұл қай күні?
Тоғызыншы мамыр күні!
Балалардың орындауында би: « Сарбаздар».
2-жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең түсіне, сезіне бастады. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, елдік, халықтар достығы нығая түсті.
1 жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Енді бәріміз бірге ойын ойнайық.
«Кедергілер жолынан өт» ойыны
Мақсаты: доғаның астынан жорғалау.
Ән: «Жеңіс туы желбіресін»
2- жүргізуші: Осымен бүгінгі «Ұлы жеңіс жасасын» атты ертеңгілігімізде аяқталды.Бізге жарқын өмір сыйлағандарыңызға көп рахмет,ерліктеріңізді мәңгі ұмытпаймыз,ардақты ардагерлер!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үлкендерді сыйлауды, қадірлеуді біледі.
Игереді: 9 мамыр – Жеңіс күні екенін игереді.
Меңгереді: Қазақстан Республикасының соғыс ардагерлерін құрметтеуді.