СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 26.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы»

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек 

                                         сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық          

                                         қатынастар мен мәдениет таратушы жол ретінде маңызын

                                         ашып көрсету.

Показать полностью

Просмотр содержимого документа
««Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы»»

парра

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек

сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық

қатынастар мен мәдениет таратушы жол ретінде маңызын

ашып көрсету.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың ұлттық намысын оятуға, адамгершілік,

мәдениеттілік сана-сезімін қалыптастыруға, туған елі мен

жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,

жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше

қорытынды жасауға және шығармашылықпен айналысуына

ықпал жасау, бағыт-бағдар беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сатылай кешенді талдау, түсіндірмелі –баяндау,

сәйкестендіру тесті, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Карта «Ұлы Жібек жолының тармақтары»,

«Ұлы Жібек жолы» электронды оқулық.

Техникалық құралы: Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: География, мәдениеттану

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару,оқу –құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Дешті Қыпшақ атауы қандай мағына береді?

2. Қыпшақтардың этникалық құрамына қандай тайпалар кірген?

3. Қоғамдық құрылысы туралы не айтуға болады?

4. Қыпшақтардың шаруашылығы туралы айтыңдар?

5. Орыс деректерінде қыпшақтарды қалай атаған?

6. Хорезм мен Қыпшақ хандығы арасындағы шайқастардың себебі?

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау

Қыпшақтар туралы орта ғасырлардағы

ғалымдар мен саяхатшылардың дерегі

Плано Карпени қаңлылар қыпшақша сөйлейді.

Махмуд Қашқари - Қыпшақ хандығында құлдықтың

болғандығын жазған

Ибн Баттута – Қыпшақтардың жер жағдайы мал өсіруге өте қолайлы

болған

В.Рубрук және П.Карпени – Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін 10

немесе 22 өгіз тартатындығын айтады

Петахья – Қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіретіндігін жазған


Әл – Омари – Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсіретіні – тары, ал

тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады деп жазған

ІҮ.Жаңа сабақ .

Жоспары:

1.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.

2.Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.

3.Ұлы Жібек жолының мәдинеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

4.Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы.

1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы

Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (629-630 ж)б.з.б.ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Осылайша, жаңа сауда жолдарына барлау жасап,сүрлеу салған Чжан Цяннің есімі Ұлы Жібек жолын алғаш ашушы ретінде тарихта қалды. Зерт(теушілер Ұлы Жібек жолының ашылған уақытында оның Батысқа саяхатымен сәйкестендіріп, б.з.б ІІ ғасыр деп санайды. Және оны ашқан дипломат және саяхатшы Чжан Цянь деп есептейді. Император У-ди Чжан Цяннің мәлметтеріне разы болып оған «Ұлы саяхатшы» деген ат береді.

Қытай жазба деректерінде б.з.б ІІ-І ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынстары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. ҮІ ғасырда Түрік қағандарының және олардың нөкерлерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл ҮІІ ғасырда жібектің бүкіл Евразияға әйгілі болған кезеңі.

Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Жібек жолының басы Қытай жерінде Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады.Ол Ұлы Қытай қорғанының Батыс шетінен өтіп Іле өзенімен Ыстық көлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады.

Ұлы Жібек жолының тарихи атауы


Лазурит жолы Нефрит жолы Дала жолы

Бадахшан тауы-Иран- Жаркент дария – Қара теңіз жағалауы -

Месопотамия-Мысыр- Шығыс Түркістан – Дон – Оңтүстік Орал-

Сирия-Қытай Қытай Ертіс, Алтай-Зайсан көлі


Ұлы Жібек жолының бағыттары

Оңтүстік бағыты - Ферғана, Самарқан,

Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта

теңізіне шыққан

Солтүстік бағыты - Оңтүстік Қазақстанда

Испиджаб қаласына келіп және екі

тармаққа бөлінген



Орта Азияға қарай Түркістан арқылы

Сырдарияның төменгі

ағысымен батыс

Қазақстанға шығып,

Қара теңіздің

солтүстік-шығыс жағын

айналып, Еуропаға

қарай өткен


2.Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың

дамуына тигізетін әсері

Азияның атақты асыл тұқымды

жылқылары

Шығыс елдерінен пілдер,

мүйізтұмсық,барыс пен арыстандар,

аң аулауға және саятшылық құруға

қажетті құстар.

Мәдени өсімдіктер-жүзім

түрлері,шабдалы,қауын,болгар бұрышы.

Шығыстың және Орта Азияның сирек

кездесетін жемістері сатылған.


Жібек өндіруді игерген елдер.



Қытай Соғды Византия

Кавказ Жапония


Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.


Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі

Византия шеберлерінің қолынан Қытайдың әдемі фарфордан

шыққан тамаша күміс құмыралар жасаған ыдыстар Қазақстандағы

Тараз қаласында табылған Талғар, Испиджаб, Отырар

қалаларынан табылған

Музыка – саз балшықтан жасалған түйе үстінде отырған өнерпаздар

мүсіндері бейнеленген.


4. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи

маңызы

Қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық(дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген.

Қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі б.з.б ІІ ғ ортасында басталған. Қытай императоры У-ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған.

Дипломатиялық қарым-қатынасты 568 жылғы Түркі қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық байқауға болады. Екі ел саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған. Елшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді.


Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберілген.

Ұлы Жібек жолы арқылы тараған діндер


Будда Христиан Манхейлік Зароастризм Ислам





Ү.Жаңа сабақты бекіту

1.Ұлы Жібек жолы дегеніміз не? Ол қай кезден басталды?

2. Жолдың пайда болуы туралы не білесіңдер?

3. Жібек жолының бойындағы сауданың дамуы шаруашылыққа қалай әсер етті?

4. Сауданың дамуы елдер арасындағы мәдениеттің дамуына қалай әсер етті?

5. Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасындағы байланысқа ықпалы болды ма?

6. Жібек жолы қайдан басталады?

7. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен қай ел?

Сәйкестендіру тесті


1.Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?

Талғар, Испиджаб, Отырар

2. Жібек жолы қайдан басталды?


Тараз

3. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған?


Қытай жеріндегі Хуанхэ өзеніндегі аңғарындағы аймақтан

4.Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?

Б.з.б ІІ-І ғ

5.Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?


Соғды

6. Б.з.б ІІ ғ. Қытайдан Батысқа аттанып 13 жыл болған император?


Болгар бұрышы

7. Жібек жолы арқылы таралған діндер?


У-ди

8. Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған?

Буддизм, манихей, христиан, зорастризм, ислам


ҮІ.Қорытынды: Түйіндеме

Ұлы Жібек жолы - бұл ежедгі дәуірде және орта ғасырларда Шығыс пен Батыс арасын, елдер мен өркениеттер арасын жалғастырған құрылықаралық сауда жолы болды. Бұл жолдың қызмет ету мерзімі б.з.б ІІ-ХҮ ғасырдың бас аралығы болып саналады. Қазіргі таңда осы көне керуен жолын жаңғыртудың халықаралық мәдени-экономикалық байланыстағы рөлінің маңызы жөнінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ежелгі Жібек жолының жалпы сұлбасымен ХХІ ғасырда мұнай-газ құбырлары тартылады, солар арқылы Орталық Азияның мұнай мен газы экспортын дамыту Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат, бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді» деп көрсетіп берді.

Ұлы Жібек жолын кешенді зерттеуге бағытталған ЮНЕСКО-ның жобасын іске асыру үшін 1991 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы «Жібек жолы» Ұлттық комитеті құрылды.

Расында, бүгінгі күні Ұлы жібек жолы халықаралық техникалық және мәдени алмасу жолы болады деген сеніміміз зор.


ҮІІ. Үйге тапсырма

§15 – оқу, 10 тест құрау, Ұлы Жібек жолы туралы зерттеу жұмысы


ҮІІІ.Бағалау




Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы ,Жосалы кенті

Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі

Тарих және құқық пәнінің мұғалімі

Мадиярова Айнұр Шамшатқызы





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя