СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үмбетей жырау, Шал ақын

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

XV-XVIIІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы туралы түсінікті оқушыларға меңгерту. Үмбетей жыраудың “Бөгенбай батырдың өлімі туралы Абылай ханға естірту” толғауын   баяндай отырып мағынасын талдау. Үмбетей жыраудың толғауын дәріптей отырып, оқушыларға  ерлік пен елдікті, әділдік пен адамгершілікті, бейбітшілік пен бірлікті, отанын, елін сүю сияқты ізгі қасиеттер арқылы тәрбие беру. Жаңа технология арқылы оқушының логикалық ой-өрісін дамыту сабаққа деген белсенділігін арттыру, өз пікірлерін ортаға  салу арқылы  жеке тұлғаны дамыту.

Сабақтың түрі:  дәстүрден тыс, топпен  жұмыс

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру  (жаңа технология арқылы)

Көрнекіліктер: интерактивті тақта

Әдіс тәсілдер: баяндау, түсіндіру,                                                                                                                                     сұрақ-жауап

Просмотр содержимого документа
«Үмбетей жырау, Шал ақын»

Сабақтың тақырыбы: Үмбетей жырау, Шал ақын

Сабақтың мақсаты:

XV-XVIIІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы туралы түсінікті оқушыларға меңгерту. Үмбетей жыраудың “Бөгенбай батырдың өлімі туралы Абылай ханға естірту” толғауын баяндай отырып мағынасын талдау. Үмбетей жыраудың толғауын дәріптей отырып, оқушыларға ерлік пен елдікті, әділдік пен адамгершілікті, бейбітшілік пен бірлікті, отанын, елін сүю сияқты ізгі қасиеттер арқылы тәрбие беру. Жаңа технология арқылы оқушының логикалық ой-өрісін дамыту сабаққа деген белсенділігін арттыру, өз пікірлерін ортаға салу арқылы жеке тұлғаны дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс, топпен жұмыс

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру (жаңа технология арқылы)

Көрнекіліктер: интерактивті тақта

Әдіс тәсілдер: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: тарих, философия

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың ережесі:

  • Белсенді қатысу

  • Тыныштық сақтау

  • Бірін-бірі тыңдау

  • Лйын ашық айту

  • Ынтымақтылық

2. Өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтары,білімді бекіту .

- Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды?

- Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы?

- Жыр, жыршы деген кімдер?

- Қандай жырауларды танисың?

ІІ.Жаңа сабақ.

Ей, Абылай, Абылай!

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің,

Әбілмәмбет патшаға

Қызметші болып тұр едің.

ІІІ. Жаңа сабақ

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы (1748-1819 ж.), төкпе ақын. Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жолы бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың ақыны. Шын аты-жөні Тілеуке Құлекеұлы. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).[1] Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді. [2] Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды.[3] Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген.

Үмбетей жыраудың өмірі мен шығармашылығын оқып топ өз дайындықтарын плакат арқылы қорғайды

Үмбетей Тілеуұлы 1697 жылдар шамасында осы еліміздің Ерейментау өңірінде дүниеге келген. Әкесі – Тілеу қаһармандық жырларды, көне аңыздарды, шешендік сөздер мен қиссаларды жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка өнерінен көп хабары бар шебер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі — өз әкесі, дәріс алған тұстаздары – сол кездегі әкесі тәрізді көнекөз қарттар. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей ауыл арасында ғана емес, жалпы жұртқа да өзіндің ерекшелігімен өте тез танылады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ат жалын тартып мініп, найзасы мен жалынды жырларын жауына қатар сермеген Үмбетей жырау халқының құрметіне бөленеді. Сыртқы жаулармен күресте аты шыққан батырларды мадақтау оның өзекті тақырыбына айналады.

Үмбетей – Бұхар жыраудың әрі замандасы, әрі тілектес-ниеттес ең жақын досы болған адам, XVIII ғасырдағы ең атақты, ірі жыраулардың бірі. Ол өзі көрген, басынан кешкен тарихи оқиғаларды жеріне жеткізе шыншылдықпен жырлайды. Оның бұл қасиетін Бөгенбай батырды жоқтауынан және оның дүниеден өткенін Абылайға естіртуінен айқын аңғарамыз. Үмбетейдің жыраулық, ақындық өнерінің ерекше қасиеттерін Шәкәрім Құдайбердіұлы шеберлікпен суреттейді. Қарабұжыр қанжығалы Үмбетей жырауды Мағжан Жұмабаев та ерекше мадақтап:

Әрі ақын, әрі батыр Қарабұжыр,

Айтайын өрлеп барып аспанға сыр, -

дейді өзінің «Батыр Баян» дастанында.

Осындағы Қарабұжыр – Үмбетей жыраудың лақап аты.

Жырау өз замандасы Бұхар Қалқаманұлына арнаған толғауында:

Өткіздің тоғыз ханды толғауменен,

Шештің талай түйінді болжауменен.

Іс болса қиын-қыстау сен сөйлеттің,

Қылыш қып қызыл тілді қорғауменен.

Сұрағанмен берместі,

Жылағанмен келместі,

Айттым сәлем еліңнен,

Сарыарқадай жеріңнен,

Жатсаң да шірімейтін,

Асыл тасым – дейді тебіреніп.

Үмбетей жырау «өткіздің тоғыз ханды толғауменен» десе, бұл тарихи шындық. Бұхар Әз Тәукеден бастап, одан кейінгі қазақ хандары: Қайын, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Күшік, Әбілхайыр, Барақ, Абылайдың ақылшысы, кемеңгер биі болған.

Шешендік сөздің салмағын білетін қас жырау қара қылды қақ жара отырып, қаһарлы қылыш ала алмаған қамалды қанатты сөзбен алуға болатындығын дәлелдейді. Сөйтіп, Қаз дауысты Қазыбектің ұлы Бекболат би мен Абылай ханды бір ауыз сөзбен тоқтатып, ел бірлігін сақтап қалады.

Қай уақытта да Үмбетей жыраудың есімі қанжығалы қарт Бөгенбаймен қатар аталады. Арнау жырларымен аты шыққан Үмбетей жырларының дені толғау.

Бөгенбай батырдың 1708 жылы 30 мың қолды бастап, қазақ елінің берекесін алып, құтын қашырған казак-орыстарды талқандап, Еділден әрі асырып тастағанын:

Балдырғаны білектей,

Бүлдіргені бүйректей.

Бөденесі үйректей,

Шортаны тайдай тулаған.

Қоралы қойдай шулаған,

Ұзыны шексіз, ені алыс –

Еділден өттің Бөгенбай, — деп жырлайды.

Қарақұм құрылтайында қазақ жүздерінің күш біріктіруі арқасында Бөгенбай бастаған халық жасағының 1711 жылы жоңғарлармен соғыста үлкен жеңіске жетуі де Үмбетей жырларына арқау болады.

Бұдан кейін жоңғарлар 1723 жылға дейін бас көтере қоймайды. Есін жиып алған соң, араға он үш жыл салып, бейқам жатқан қазақ еліне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Орта жүздің Торғай, Есіл, Тобыл өзендерін бойлай Қаратау бекеттерінен жайлауға көшкен сәтін пайдаланып, найман, керей, үйсін, шапырашты руларының жерлерін басып алып, осында қалған жұртты бостырып жібереді. Оның үстіне Кіші жүзге, Еділ бойына Аюке хан бастаған қалмақтар шабуыл жасайды. Бірден екі жақты қыспаққа түсіп, барар жер, басар тауы қалмаған ел «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырайды. «Орманнан көп орта жүзден» Бөгенбай жасақ жиып, Бұланты мен Бөлеңті өзендерінің жағасында жауды ойсырата жеңеді. Бұл жер кейіннен «Қалмақ қырған» деп аталады. Осы соғыс жорықтарына Үмбетей жырау бастан-аяқ қатысып, батырлардың ерлігін жырларына арқау етеді.

Жоңғарлар 1733 жылы Уса-Серен бастаған қалың қолды қазақ жеріне аттандырады. Олар Қара Ертіс арқылы Зайсанға келіп, одан Аягөз, Қарқаралы, Баянауыл тауларын бойлап, Ерейментауға жетеді. Орта жүз қолы Мұзбел тауына жиналады. Екі жақ Өлеңті өзені мен Кәрітау аралығындағы жалпақ аңғарда кездеседі. Шығыс дәстүрі бойынша жекпе-жек басталып, екі рет қалмақ батырларының күші асып, қазақтардың сағы сынады. Осы сәтте Аңырақай соғысынан бері Бөгенбайдың қасында болған Сабалақ жекпе-жекке шығып, Галдан Цереннің үлкен баласы Сары-Манжа (Шарыш) ажал құшады. Жауға «Абылайлап» ат қойған Сабалақ өзінің шын аты Әбілмансұр (Абылай) екенін мойындайды.

Жорықтан жеңіспен оралған жауынгерлерді Орта жүз елі қуанышпен қарсы алады. Баянауылдағы Сабындыкөл басында отырған Қанжығалы ауылының иелері Абыз бен Шомақ 90 ту бие сойып, Жеңіс тойын өткізеді. Тойға жиналған жұрт Әбілмансұрды атасының атымен Абылай деп атауға, ал келесі 1734 барыс жылы хан көтеруге сөз байласып тарасады.

Абылай хан тапсырмасымен Бөгенбай батырдың жанында болған Үмбетей жырау 1761 жылы Абылайдың Әділ деген баласына еріп Қытаймен келісім жасауға барады. Сөйтіп, Қазақ елі мен Қытай арасында бейбітшілікті нығайтуға үлес қосады.

Үмбетейдің Бөгенбайға арнаған екі ұзақ жыры бар. Оның бірі Бөгенбайды жоқтау да, екіншісі – Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуі.

Бөгенбай жоңғарларға қарсы күрестің бас қаһарманы, әулетті батыр, атақты қолбасшы. Ел үшін жасаған еңбегі үшін халық жүрегінен орын алған адал ұлдардың бірі. Міне, осы өзі әкесі «Алатаудай Ақша батырдан асып туған» Бөгенбай бейнесін Үмбетей жырау өз жырларында шеберлікпен сомдай білген.

Бөгенбай батырдың қазасын естіртуінен де оның жұрттан асқан шеберлігін байқаймыз. Бұрын қазаны естіртудің өзі өнер болғаны мәлім. Әдетте, естіртуші қайғылы хабарды бірден тоқ еткізіп айтып салмай, айтар ойын алыстан орағытып бастайды. Алдымен тұспалдап сөйлеп, қара жамылуға тиіс адамды ауыр хабарға дайындап алады.

ІІІ.Қорытынды.

І – нұсқа

  1. Толғау қандай оқиғаға арналып шығарған?

  2. Толғауда Бөгенбай бейнесі қалай сипатталған?

ІІ – нұсқа

  1. Толғаудың негізгі мақсат-идеясы не?

  2. Толғауда Бөгенбайдың қайтқанын қалай жеткізеді?

Кестені толтыр

Реті

Авторы











Шығармалары


әл – Фараби


А. Йасауи

Ж. Баласағұни

М.Қашқари

Рабғұзи

Сайф Сараи

1

«Диуани лұғат ат-түрік»







2

«Музыканың үлкен кітабы»







3

«Диуани хикмет»







4

«Құдатғу білік»







5

«Түркіше Гүлстан»







6

«Лұқман Хакім»







Толықтыруды қажет ететін тест.

  1. Қорқыт __________ Сыр бойында өмір сүрген атақты күйші, жырау, аңыз кейіпкері.

  2. Оғыз батырдың жер қайысқан қолын жеңістен-жеңіске _________ бастап жүреді.

Еске салушы тест.

  1. Ахмет Йасауи Түркістанға қай жылдары оралды?

  2. Күлтегін неше жасынан бастап жаумен шайқасты және қанша рет соғысты?

Балама жауаптары бар тест

  1. «Қорқыт ата кітабы» Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын қолжазба күйінде, ал Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған.

А) ИӘ Б) ЖОҚ

2. Күлтегін 684-731 жылдары өмір сүрген ежелгі түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы, белгілі қоғам қайраткері болған.

А) ИӘ Б) ЖОҚ

Таңдамалы тест

  1. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен дастандар.

А) Алпамыс батыр Ә) Тоныкөк Б) Ер Тарғын

2. «Оғыз-нама» қанша хикаядан тұрады?

А) 70-тен аса Ә) 100-ден аса Б) 40-тан аса

ІҮ.Үйге тапсырма.

  • Оқушыларды бағалау.

  • Үйге тапсырма.

  • Жырау өлеңдерін жатқа айту. Ү.Бағалау.Жауап берген оқушыларды бағалау.