СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҰОҚ "Ғажайып математика"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҰОҚ "Ғажайып математика"ҰОҚ "Ғажайып математика"ҰОҚ "Ғажайып математика"

Просмотр содержимого документа
«ҰОҚ "Ғажайып математика"»

«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 08 .10.2018ж

Тәрбиеші: Ахметбекова Ж.С.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: "Алтын күз"

Тақырыбы: «Ғажайып математика». 

Мақсаттары: 

1.Тәрбиелік: Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету.Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. 3.Оқыту: Геометриялық пішіндерді танып атай білуге үйрету.Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер;ойыншықтар, кубиктер, карточкалар, игровизор, жұмыс дәптері Сөздік жұмыс: қанша? қандай? нешінші? Үштілділік: қанша?- сколько? – what?, қандай? - какой? - what ? Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезеңі Таңғажайып сәт:

- Балалар «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз ба?

2.Негізгі бөлім

Тәрбиеші:  Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)

Сөздік жұмыс: қанша? қандай? нешінші? (сөздердің мағынасын түсіндіру,қайталату) Үштілділік: қанша?- сколько? – what?, қандай? - какой? - what ?

1 - тапсырма. 1 - ден 10 - ға дейін ойыншықтарды тура және кері санау.

2-ші тапсырма «Қай орында ойыншық тұр» . Қай орында тұрғанын айту.

3-тапсырма. Аю өзіне 6 кубик сатып алды. Қоян өзіне 5 кубик сатып алды.

  • Кімде кубик көп? Кімде кубик аз?

  • Кубиктер тең болу үшін не істеу керек?

  • 2 тәсілі бар. Қандай?

4-тапсырма. Көптеген (артық, кем, тен). Карточкамен жұмыс істеу.

  • Үсті жағына 6 дөңгелек қоямыз.

  • Астына бір артық үшбұрыш қоямыз.

  • Тең болу үшін не істеу керек?

5-тапсырма. Санды суреттер. Игровизормен жұмыс істеу.

6- тапсырма. Парақтын бетіне геометриялық пішіндер орналыстыру.

Сергіту сәті:

Біздер санай білеміз Білмегенге күлеміз. Біреу, екеу, үш, төрт деп, Бес, алты... деп жүреміз.

Дидактикалық ойын: «Қандай пішінге ұқсайды?»

Карточкаларды таратады суретке қарап қай сурет пішінге ұқсайтынын табуды сұрайды, пішінді және суретті қосуды ұсынады.

Сұрақтар қояды.

-Қай сурет дөңгелекке ұқсайды?

- Сағат қандай пішінге ұқсайды?

-Үйдің төбесін неге үшбұрышпен қостыңдар?

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде тақырыбына берілген тапсырманы орындауға балаларды жұмылдыру, қиналған балаларға көмек беру.

ІІІ. Қорытынды Ойын «Орнын тап» (геометриялық пішіндерге байланысты) Балалардың ойын қорытындылау. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау