СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Лексикалы? та?ырыбы: ?аза?станны? белгілі спортшылары. Ашы? саба?

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Спорт

Саба?ты? ма?саты: Білімділік – Сан есім мен орта? етісті пысы?тау. ?аза?стан спортшыларына ?атысты айтыл?ан а?параттарды ты?дап т?сіну, ар?ылы коммуникативтік с?йлеу да?дыларын ?алыптастыру.

Дамытушылы? – та?ырып бойынша достарымен спортты? т?рлері мен с?йікті спортшылары  туралы пікір алысу білуге да?дыландыру. 

Т?рбиелік – о?ушыларды спорт?а баулу, салауатты ?мір салты?, ж?ргізуге ?гіттеу. ?аза?станны? белгілі спортшыларыны? дан?ын к?теру,?лгі алу?а т?рбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Лексикалы? та?ырыбы: ?аза?станны? белгілі спортшылары. Ашы? саба?»



7 сынып

89 сабақ XVI МОДУЛЬ


Лексикалық тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары. Ашық сабақ


Спорт

Сабақтың мақсаты: Білімділік – Сан есім мен ортақ етісті пысықтау. Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық – тақырып бойынша достарымен спорттың түрлері мен сүйікті спортшылары  туралы пікір алысу білуге дағдыландыру. 

Тәрбиелік – оқушыларды спортқа баулу, салауатты өмір салтың, жүргізуге үгіттеу. Қазақстанның белгілі спортшыларының данқын көтеру,үлгі алуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке дара жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Пәнаралық байланысы: дене шынықтыру сабағы

Сабақ көрнекілігі: тақта қосымша оқулық, сурет, дидактикалық материал, интерактивті тақта, слайдтар

І. Ұйымдастыру кезені

Амандасу, сабаққа ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын сұрау: үйге тапсырма ережелерді қайталау.

Тақтадағы жасырын суреттер арқылы, спортшылардың суретін ашу яғни жаңа сабақтың тақырыбын ашу

ІІІ. Жаңа сабақ

Ой қозғау.Сұрақ-жауап

Мұғалім:Балалар біз тахтада кімнің суреттерін көріп тұрмыз.

Оқушылардың жауабы: ( Спортшылар)

Мұғалім: демек бүгінгі сабағымыз «Қазақстанның белгілі спортшылары» жайлы өтетін боламыз. Біз өткен сабағымызда «Азияда - 2011» сабағынан кішкене қайталау жүргізейік!

Сұрақ- жауап: (Слайд)

  • 1. Тіркескен сан есімді табыңдар.

  • А) сөз таптары

  • В) ала жаздай

  • С) келе жатыр

  • Д) жиырма бес

  • 2. Дұрыс жазылға реттік сан есімді табыңдар.

  • А) Біз ІІ – орын алдық

  • В) Ол 2000 – жылы туған

  • С) Біз 6-қатарда отырамыз

  • Д) Романның ІІІ-томын оқыдым.



  • 2. Астана-Алматы Азияда – ойындары елімізде қай жылы өткізілді?

  • А) 2011 жылдың 25 қаңтарында

  • В) 2012 жылдың 30 қаңтарында

  • С) 2011 жылдың 30 қаңтарында

  • Д) 2000 жылдың 24 ақпанында

  • 3. 2011 жылғы Азияда ойындарында Қазақстан құрамасы қанша алтын медаль, қанша күміс медаль, қанша қола медаль жеңіп алды?

  • А ) 32 алтын, 21 күміс, 17 қола

  • В) 33 алтын, 20 күміс, 15 қола

  • С) 34 алтын, 18 күміс, 13 қола

  • Д) 35 алтын, 22 күміс, 14 қола

  • 4. Азиядада қысқы спорт ойындарының қанша түрі қамтылды?

  • А) 8 түрі

  • В) 9 түрі

  • С) 10 түрі

  • Д) 11 түрі

  • 5. Қазақстан спортшылары ішінен тұңғыш олимпияда чемпионын табыңдар.

  • А) Бақтияр Артаев

  • В) Жақсылық Үшкемпіров

  • С) Серік Қонақбаев

  • Д) Бекзат Саттарханов



ІV. Мұғалім: Демек Қазақстанның ең алғашқы чемпионы «Жақсылық Үшкемпіров» екен. Сол жайында тоқтала кетейік!



1- тапсырма. Берілген мәтінді оқып, спортшылардың Қазақстан спортына қосқан үлесі туралы айтамыз. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береміз. (Слайд)

Жақсылық Үшкемпіров - еркін күрестен Қазақстан чемпионы, грек-рим күресінің КСРО-ның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионаты мен кубогының жеңімпазы, КСРО - (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының) еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 1980 жылғы Мәскеу Олимпиядасында қарсыластарының бәрін жеңіп, Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпияда чемпионы атанды.
1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогының 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровті үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.



Сұрақтар: (Слайд)


1. Қазақстанның тұңғыш Олимпияда чемпионы кім?

2. Жақсылық Үшкемпіров қандай күрестің чемпионы?

3. Ол қай жылы Мәскеу Олимпиядасынан жеңіспен оралды?







Жаңа сөздер мен танысу





Сөздік:

Күрес – борьба

Зор табыстар – большие успехи

Жету – достичь

Бапкер – тренер

Ықпалы зор –большое влияние

Ғумыр – жизнь

Жеңімпаз – победитель

Сайыс – соревнования

Шәкірт – ученик

Демеу бере білу – уметь поддержать

Мұғалім: Келесі спортшымыз «Серік Керімбекұлы Қонақбаев» (Слайд)



Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жылПавлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014)[1]Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті

Серік Керімбекұлы Қонақбаев, 25 октября 1959, Павлодар, Казахская ССР,СССР) — советский боксёр и политический деятель Казахстана. Серебряный призёр летних Олимпийских игр 1980 годав Москве, серебряный призёр чемпионата мира (1982), двукратный обладатель Кубка мира (1979, 1981), двукратный чемпион Европы (1979, 1981). Депутат мажилиса парламента Республики Казахстан 2—4 созывов (1999—2011). Заслуженный мастер спорта СССР (1981).



2 – тапсырма. Берілген сөйлемдердегі ойды аяқтап жазыңдар (Слайд)

1. Серік Қонақбаев 1959 жылы 25 қазанда ...

2. Ол Олимпияда ойындарының ...

3. 1986-1992 жылдары Қазақстан құрама командасының ...

4. 1992 жылдың тамыз айынан бастап кәсіби бокс ...

5. Қазақ туризм ..

мемлекеттік жаттықтырушы болған.

Федерациясының президенті болып тағайындалды.

және спорт академиясының профессоры.

Павлодар қаласында дүниеге келген

күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогының екі мәрте иегері, бокс бойынша әлемдік чемпионаттың күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері




Ребусты шешейік (слайд)

, ,,, ,,

рерр



Ребустың шешуі: «Көкпар»

Мұғалім: демек оқушылар ребустың шешуі «Көкпар»! демек бұл ненің аты?

Оқушылар: бұл ұлттық ойыны.

Мұғалім: Балалар, біз қандай ұлттық ойын түрлерін білеміз?

Келіңдер, бәйге ойынын ойнайық! (слайд)

Бәйге”ойынын ойнаймыз.Бұл
тапсырмада ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады.


1....- екі балуан бір-бірімен

жекпе-жекке шығады.( күрес)

2...-алаң ортасынан көлденең сызық сызылады,ұзын жіп немесе арқан керек.( Арқан тарту)

3.... – бұл –елдің сыртында әткеншек құрып,өлең айту.(Алтыбақан)

4....-ойынға 4-5 бала қатысады.Ойынға 10 асық алынады. (Асық)

5.... – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып,бірін-бірін қуады. ( Қыз қуу)

6.... –жігіттер мен қыздар түнде жиналып,ойналатын ойын түрі. (Ақ сүйек)

8.... –белгіленген қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады.Ойыншылар шауып келе жатып, шүберекті алу керек (Теңге алу оыны)


Мұғалім: Ал балалар келесі спортшымыз «Ермахан Сағиұлы Ибраимов» (слайд)


Ермахан Ыбыраимов

1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында туып өскен. Ермахан Ибраимов 1996,2000 жылдары Қазақстан Олимпияда алауын алып жүрді. Оның орташа салмағы 71 кг. 1996 жылы Атлантадан қола медальмен, 1997 жылы Будапешттен күміс медальмен, 1999 жылы Хьюстоннан қола медальмен, 2000 жылы Сиднейден алтын медальмен оралды. 2000 жылы «Барыс» орденімен және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды. 2002-2004 жылдар аралығында ұлттық құрама командасының бокс спорты бойынша бас бапкері болып жұмыс істеді.

3- тапсырма. Берілген мәтіндегі бос орындарды толықтырып, спортшы туралы мәліметті оқып шығыңдар

  • 1972 жылы 1 қаңтарда ... ... туып өскен.Ермахан Ибраимов 1996,2000 жылдары Қазақстан ... ... алып жүрді. Оның орташа ... 71 кг. 1996 жылы Атлантадан қола медальмен, 1997 жылы Будапешттен күміс медальмен, 1999 жылы Хьюстоннан қола медальмен, 2000 жылы Сиднейден алтын медальмен ... . 2000 жылы «Барыс» ... және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен ... . 2002-2004 жылдар аралығында ұлттық құрама командасының бокс спорты бойынша ... болып жұмыс істеді.

  • Керекті сөздер мен сөз тіркестері: Олимпияда алауын, бас бапкері, оралды, марапатталды, салмағы, Жамбыл облысында, орденімен

Мақал-мәтелді аяқтау

  1. Көз қорқақ- қол батыр

  2. Денсаулық – зор байлық

  3. Өнер алды – қызыл тіл

  4. Ел іші алтын бесік

  5. Кітап алтын қазына

  6. Отанды сүю, отбасынан басталады


Мұғалім: балалар, біз енді Лондондағы – 2012 жылғы олимпиядалық спорт жарысына тоқтала кетейік. Ондағы Біздің Қазақстандағы белгілі спортшыларымыздың жетістіктерін оқып білім өтейік! (Слайд)

V. Рефлексия

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма. Өткен тақырыптан қорытынды тест.





























«Первомай орта мектебі» ММ

2015-2016 оқу жылы






Ашық сабақ


«Қазақстанның белгілі спортшылары»

7 «Б» сыныбы






Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі:

Шарипбаева Наурыз Усеновна

Өткізілген мерзімі: 26.02.2016 ж