СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок "Өзім туралы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қоршаған ортадағы алуан түрлі пішіндерді көрсету.

Бейнелеу өнерінің әсерлегіш құралдарымен танысу. Эстетикалық дүниетанымын қалыптастыру.

Мұғалім үшін: суретшінің кім екенін айтады. Оқушыларға қоршаған ортадан суретшінің  еңбегін көрсетеді. Өнер туындыларындағы белгілі бір  әсерлегіш құралдарды байқай білуге үйретеді.

Оқушылар үшін: әсерлегіш құралдарға жататын терминдерді атап, оларды дұрыс қолданады. Қолданған әсерлегіш құралдарына  назар аудара отырып,

өз жұмыстары туралы айтады. Оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.

Просмотр содержимого документа
«Урок "Өзім туралы"»

Бекітемін:

Күні:

Сыныбы: 1 ә, 1 б

Сабақтың тақырыбы

Өзім туралы

Сенің айналаңдағы әсемдік

Сабақтың мақсаты

Қоршаған ортадағы алуан түрлі пішіндерді көрсету.

Бейнелеу өнерінің әсерлегіш құралдарымен танысу. Эстетикалық дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

Мұғалім үшін: суретшінің кім екенін айтады. Оқушыларға қоршаған ортадан суретшінің еңбегін көрсетеді. Өнер туындыларындағы белгілі бір әсерлегіш құралдарды байқай білуге үйретеді.

Оқушылар үшін: әсерлегіш құралдарға жататын терминдерді атап, оларды дұрыс қолданады. Қолданған әсерлегіш құралдарына назар аудара отырып,

өз жұмыстары туралы айтады. Оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.

Нені білулері керек

Суретші деген кім,оның еңбегі қай жерден көрінеді? Бейнелеу өнеріндегі әсерлегіш құралдардың атаулары.

Нені үйренулері керек

Қоршаған ортадағы заттардың әсемдігін байқай біледі.

Жұмысқа қажетті материалдар

Диаметрі 20 см-ден аспайтын дөңгелек қағаздар,

қабырғалары 20 см болатын шаршы қағаздар.

Сабақты өткізуге қажетті материалдар, интернет ресурстар

Оқулық, әдемі стақан, ерекше безендірілген кітап,ойыншық ашық хаттар.

Материалды түсіндіру

Оқушыларға суретші мамандығы туралы әңгімелеу.

Көркем еңбек сабағына қажетті материалдар туралы айту.

Кішкентай шеберлердің құпиялары туралы айту.

Әртүрлі суретшілердің еңбектерімен танысады.

Тақта алдында жұмыс,

Өзіндік жұмыс

Оқушыларды қалауы бойынша тақтаға шығару.

Тақтада ілінген суретші құралдарын көрстіп, жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырады.

Сурет салуға тапсырма:

Қағаздан жасалған тәрелке мен жастыққа өздеріне ұнайтын өрнектер салып безендіреді.

Сабақтың қорытындысы

Өмір суретшілерсіз көңілсіз болар еді. Суретшінің заттар мен өнер туындыларына еңбегі сіңеді. Олар үшін алуан түрлі әсерлегіш құралдарды пайдаланады.

Кері байланыс




Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.