Жаңаөзен қаласы № 3 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Ә.Кекілбаевтің «Туған жер» өлеңі
Мұғалімі: Оразова Салтанат Алипбаевна
Сыныбы: 8 а
Күні: 24.12 .2014 ж.
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы : Ә. Кекілбаев «Туған жер»
«Бағалай білмеге бақ қонбайды, Қуана білмегенге құт қонбайды»
(Ә. Кекілбаев)
Мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу; сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру және ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге үйрету. Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», АКТ, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», ОүБ, «Ой қозғау», «Дарынды балаларды анықтау».
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, қазақ тілі, орыс тілі, музыка, бейнелеу өнері.
Оқыту нәтижесі: Өлең мазмұнын ұғынып, туған жерге деген сүйіспеншілігі артады және адамгершілікті қасиеттерді бойларына сіңіреді.
Қосымша тапсырмалар: Бақылау және жағдаяттық сұрақтар, тапсырмалар.
Негізгі деректер: Оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар.
Сабақ кезеңдері:
Ұйымдастыру кезені: Психологиялық дайындық және топқа бөлу: Оқушылар аналарының, әжелерінің айналып-толғанып, еркелету сөздерін айтуы арқылы «Асқар тауым», «Мөлдір бұлағым», «Жапырағым» атауларымен үш шағын топқа бөлініп, орындарына жайғасады да сынып ережесін бір-бірлеп интерактивті тақтадан оқып, қайталайды. Үй тапсырмасын пысықтау: Әр топтан бір-бір оқушы «Тәуелсіз менің елім бар» тақырыбына жазған эсселерін оқиды.
Жаңа сабақ: «Ой қозғау» әдісі бойынша интерактивті тақтадан Маңғыстау жеріне байланысты суреттер көрсетіп, сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа тақырыпты ашу; Оқушылар сурет бойынша өз ой-пікірлерін айтып, сабақтың не жөнінде болатынын айтады.
-Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз не жөнінде болмақ? -Туған жеріміз Маңғыстау туралы. –Ия, бүгінгі сабағымыз еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері, саясаткер, кемеңгер жазушы, зерделі ой, зергер сөз иесі, қасиетті Маңғыстау топырағының төл перзенті, жерлесіміз Әбіш Кекілбаевтің «Туған жер» өлеңіне арналады. Өлеңді оқымастан бұрын жаңа сөздермен танысамыз.
Глоссарий (сөздікпен жұмыс) бойынша оқушыларды өлеңде кездесетін жаңа сөздермен таныстыру; олармен сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрату.
Қыр - дала (степь) селеу – шөп (ковыль) шыңырау – құдық (колодец) шартарап – әлем (вселенная) дөң – төбе (холм) Тыңдалым. Нақышына келтіре мәнерлеп оқыған өлеңнің аудиожазбасын оқушылардың тыңдауы. Осы кезде Әбіш Кекілбаевтің туған жері Маңғыстау облысы Онды ауылы, Қаратау баурайындағы Мырзайық құдығы, т.б. жазу-шының туған жеріне байланысты слайдтар көрсетіліп жатады.
Мәтінмен жұмыс: топтарға тапсырма беру:
Сабақты пысықтау: -Балалар, осы өлеңді мағынасына қарай неше бөлімге бөлуге болады? – Үш бөлімге бөлуге болады. –Олай болса, өлеңді үш бөлімге бөліп, әр топ өзінің таңдаған бөлімін мәнерлеп оқып, мазмүнын түсіндіреді және сол бөлімге ат қояды.(Әр топ алдарында жатқан 1,2,3 нөмірлерін көтеріп, өлең бөлімдерін таңдап алады.) Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалармен танысып, бір-бірімен ақылдаса отырып, өлең бөлімдерін мәнерлеп оқып, мазмұнын әңімелейді және сол бөлімге ат қояды. Топ мүшелері бірін-бірі толықтырады, сұрақтар қояды, І бөлімге «Балалық шақ», ІІ бөлімге «Есею кезеңі», ІІІ бөлімге «Туған жерге сағыныш» деп ат қояды. Кері байланыс: Әр топ бір-бірінің сөйлеу мәнерін, ойын нақты, жүйелі жеткізуін және берілген тапсырманы қаншалықты меңгергендігі туралы өз пікірлерін сыни тұрғыдан айта отырып баға беріп, берген бағаларын дәлелдейді.
Мұғалім: -Балалар, осы өлең авторы Әбіш Кекілбаевтің желтоқсан айында 75 жасқа толғанын білесіңдер. Олай болса, осы мерейтойымен құттықтап, қаламгерге хат жолдаңдар, - деп ұсыныс айтады. Сергіту сәті: Оқушылар сергіту мақсатында «Адай» күйін оркестр болып
орындайды да бір оқушы балалардың алдына шығып, дирижердің қимылын көрсетеді
Оқушылар бүгінгі сабақта үйренген сөздерін атайды: қыр, құйын, селеу, шартарап, бұлақ, дөң, пейіш т. б.
Сабақты қорыту: Жағдаяттық сұрақтарға жауап алу:
Венн диаграммасы бойынша оқушылар Әбіштің туған жері Онды ауы-лының бұрынғы және қазіргі ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.

«Мен не білдім? Не үйрендім?» сұрағы бойынша балалардың ой-пікір, ұсыныстарын топтастыру. 
Оқушылар өздері қорытынды жасап, сабақтан түйген ой-пікірлерін атайды. Сабақтың эпиграфына қайта оралып, оқушылардың айтқан пікірлерін толықтырып, эпиграфтың мағынасын ашу.
-

Оқушылар өздерінің ұсыныстарын және тілектерін айтады.

Сабақты аяқтау: Оқушыларды мадақтау,бағалау.