СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок по казахскому языку на тему: "Хайуанаттар бағына саяхат"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Обогащение словарного запаса по теме: " Дикие животные."Закрепление изученного материала.

Просмотр содержимого документа
«Урок по казахскому языку на тему: "Хайуанаттар бағына саяхат"»



Ашық сабақ.

3 –ші сынып.

Мұғалім: Мұхтарова А.Д.

Тақырыбы: Хайуанаттар бағына саяхат.

Сабақтың мақсаты:

1.Б-к: балалардың жануарлар туралы алған білімдерін жетілдіре отырып, жабайы жануарлар туралы, оның ішінде жабайы жануарлар мен үй жануарларының айырмашылықтарын ажырата білу.

2.Т-д: баланың тілге деген сүйіспеншілігін ояту,сөйлеу мәдениетін дамыту, ойын әсерлі жеткізе білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту.

3. Т-к: жан-жануарларға қамқор болуға, оларды аялауға, табиғатты сүйіп, қоршаған ортаны ластамауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойындар, мәнерлеп оқу, практикалық әдіс, интерактивті әдіс, суреттермен жұмыс.

Көрнекілік: жануарлардың суреттері, кеспе сұрақтар, тақта, компьютер.

Пән аралық байланыс: өзін-өзі тану, дүниетану, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Біз бүгін саяхат жасаймыз. Алдымен мына сұрақтарға жауап беріңдер.

- Бір жылда неше иезгіл бар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем айлары қай айлар?

- Қазір қай ай?

- Бүгін наурыздың нешесі?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Қазір нешінші сабақ?

- Қазір қандай сабақ?

Өте жақсы бүгін сенбі, ендеше саяхатқа шығуға болады.

Ал қандай көлікпен шығуға болады? (автобуспен, пойызбен, ұшақпен, трамваймен,т.б)

«Трамвай» туралы тақпақты айтып жіберейік.

Апарады шет – шетке

Балабақша, мектепке

Апарады жұмысқа:

Фабрика, зауыт, құрылысқа.

( осы уақытта «Хайуанаттар әлеемінде» деген музыканы қосып қою керек)

І –ші аялдама: «Аңдар»

  • Біз қандай аңдарды білеміз? (қасқыр, аю, тиін, қоян, түлкі, жолбарыс, піл, маймыл, арыстан, керік)

  • Аю қандай аң? (Аюдың баласы қонжық. Аю қыс ортасында ұйықтап жатып, балалайды. Қонжықтар енесін еміп, сүтпен қоректенеді. Аюдың пайдасы – терісі мен майы.)

  • Қасқыр қандай аң? (Қасқырдың баласы – бөлтірік. Қасқыр – жыртқыш аң. Қасқырдың терісі пайдалы.)

  • Түлкі қандай аң? (Түлкінің баласы – жәутік. Түлкінің терісі пайдалы. Баласын сүтімен асырайды.)

  • Жолбарыс қандай аң? ( Жолбарыстың баласы – күшік. Жолбарыс – жыртқыш аң. Баласын сүтімен асырайды.)

  • Аңдар қайда мекендейді? ( орманда, тоғайда, далада)

  • Жыртқыш аңдар немен қоректенеді? ( етпен, малдармен)

Сонымен, аңдар өз тамақтарын өздері тауып жейді.

  • Ал аңдар қалай дыбыстайды екен?

Аю ... ( ақырады)

Қасқыр ... ( ұлиды)

Жолбарыс ... ( ырылдайды)

Ойын: «Қуаласпақ» ( гүл арқылы) шеңбер құрып аңдарды атау.

Аю керік түлкі

Тиін қасқыр

Піл маймыл

Қоян шортан - Балалар, шортан аң ба?

-жоқ шортан – балық.

- Ендеше келесі аялдама ...


ІІ – ші аялдама: «Балықтар».

  • Балалар, балықтар неде мекендейді? ( балықтар теңізде, көлде, өзенде мекндейді

  • Ал Хайуанаттар бағында балықтар үлкен аквариумде жүзіп жүр.

Ойын: «Зейінді бол» осы уақытта слайд қосу және музыка қосып қою.

Ойын: «Жүреді, жүзеді».

Аю ? жүреді бекіре ? жүзеді

Табан ? жүзеді торғай ? ұшады

Арыстан ? жүреді маймыл ? секіреді.

  • Жарайсыңдар! Енді жұмбақ шешейік.

Орманда жоғары

Ағашқа қонады

Тұмсығын балға етіп

Тоқ – тоқ соғады.

  • Бұл не? ( тоқылдақ)

  • Тоқылдақ деген не? ( құс)

ІІІ- ші аялдама: «Құстар».

Ойын: «Керісінше оқы».

1)нақсыуас ... 5)анрыт ...

2)рұқ ... 6)йағрот ...

3)лыуағрық ... 7)шағылрақ ...

4)лұблұб ...

Қорытынды: «жоқ, емес». Суреттер арқылы.

  1. Бұл құр, жоқ бұл құр емес, бұл сауысқан.

  2. Мынау бұлбұл, жоқ бұлбұл емес, бұл торғай.

  3. Мынау қарлығаш, жоқ бұл қарлығаш емес, бұл тырна.

Ойын: «Артық сөзді тап».

Тиін, қоян, түлкі, аю, сиыр, қасқыр, арыстан.

  • Қай сөз артық? (сиыр)

  • Неге? Өйткені, бұлардың бәрі жабайы аңдар, ал сиыр үй жануары.

Қорыту: Өте жақсы балалар. Біз хайуанаттар бағында біраз серуендедік. Аңдар , құстар, балықтар туралы әңгіме жүргіздік. Оларды хайуанаттар бағында жақсы күтеді, оларға жақсы жағдайлар жасалған.

ІҮ-ші аялдама: «Үй жануарларының таласы». (көрініс)

Автор: - Бір күні сиыр, ат, ит – үшеуі таласыпты.

Сиыр айтты: - Қожамыз мені жақсы көреді. Қожамыздың үй іші менің сүтімді ішеді. Му-му-му...

Ат айтты: - Қожамыз мені жақсы көреді. Отынды, шөпті мен тасимын. Игого- игого – игого...

Ит айтты: - Жоқ қожамыз мені жақсы көреді. Мен үй күзетемін. Гаф-гаф-гаф...

Автор: Қожайын бұлардың таласын естіп:

Қожайын: - Сендер таласпаңдар, маған бәрің де керексіңдер, - деді.

Тақпақтар:

  1. Сиыр: Сиырдың төлі бұзау.

Сиыр ірі қара малға жатады.

Сиырдың еті, сүті пайдалы.

Сүтінен айран, қаймақ, кілегей, құрт, май, ірімшік жасалады.

  1. Жылқы: Жылқының төлі – құлын.

Жылқы – ер қанаты.

Ол сезімтал, талғампаз жануар.

Жылқының жүйрігі, жорғасы болады.

3.Ит: Ит қалай ішеді?

- Шашыратып, шығындап,

Жалап, жалап ішеді.

Жан – жағына ырылдап,

Қарап – қарап ішеді.

  • Себебі не сондағы? –

  • Тым қызғаншақ болғаны.

Өлең: «Қошақан».

Жазда атамның ауылына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнақтап, жүгіріп. Ақ маңдайлы ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Кеттім оны сағынып

Қошақаным қайда екен?

Қорытынды: Өте жақсы балалар, біздің бүгінгі саяхатымыз аяқталды.