СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок по обновленному содержанию образования РК "Сусыз өмір жоқ"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тақырыбы

 Сусыз өмір жоқ.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

 Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Білімділік:

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы судың тіршілік көзі екендігін түсіндіру. Лексикалық тақырып аясында сан есімді меңгерту.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін  қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Тілдік қатынас барысында оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.

Просмотр содержимого документа
«Урок по обновленному содержанию образования РК "Сусыз өмір жоқ"»



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


5-тақырып. Су — тіршілік көзі


Мектеп: Затобол орта мектебі № 2


Мұғалімнің аты-жөні :

Күні:


Сынып: 5

Сабақ 1*2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сусыз өмір жоқ.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Білімділік:

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы судың тіршілік көзі екендігін түсіндіру. Лексикалық тақырып аясында сан есімді меңгерту.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Тілдік қатынас барысында оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша судың тіршілік көзі екендігін түсінеді, достарымен сөйлеседі.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді Сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, суды үнемдеу керектігін түсіндіреді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өзінің сыныптастарымен сұхбат құрады, мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Үнемдеу, сұрауы бар, аштық, шөл.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, өзара бағалау парағы, желімқа- ғаздар.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, рөлдік ойын, жағдаят- тық тапсырма, «Кім жылдам?» ойыны, эссе, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды. — Балалар, сендер тіршілік көзі су жайында не білесіңдер?

Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс ай- тылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрайды, сын есімдердің түрін ажыратып айтады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Тірек сөздерді пайдала- нып мәтін құрайды.

3. Тілдік бағдар. Сан есімді меңгертеді.

Сан есімді меңгереді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, рөлге бөліп оқиды, түсінгенін айтады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4,5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Диалог бойынша «Қос жазба» күнделігін толтырады, түсіндіреді, есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасайды, оларды сөзбен жазады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5- тапсырманы орындатады.

Айтылым. Қою қаріппен жазылған сөздерге сұрақ қояды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Қажетті сөздерді қойып, мақалдарды аяқтайды.

ІІІ. Ой толғаныс

6 сөйлемді эссе жаздырады.

Тақырыпқа қатысты 6 сөйлемді эссе жазады.

IV. Бекіту

Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. «Сусыз өмір жоқ» деген тақырыпта диалог құрады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желім қағаздар таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желім қағаздарға жазып, тақтаға іледі.