| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4. Белгілі көшпелілер мәдениеті. Тұмар ханшайым туралы аңыз. | Мектеп: Затобол орта мектебі № 2 Мұғалімнің аты-жөні : Сулеменова З.Ж |
| Күні: | |
| Сынып: 5 Сабақ 5*6 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
| Сабақ тақырыбы | Тұмар (Томирис) туралы аңыз. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
| Білімділік: | Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Тұмар ханшайым жайлы түсінік беру. |
| Дамытушылық: | Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашы- лыққа баулу. |
| Тәрбиелік: | Тілдік қарым-қатынас барысында сипаттау мәтіндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру. |
| Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жауап береді. |
| Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады. |
| Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады, мәтін құрайды. |
| Жаңа сөздер: | Патшайым, тәрбиелейді, басқыншылық, қашып құтылған, елші. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, кітап көрмесі, үлестірмелі материалдар, кесте, плакаттар, маркерлер, парақшалар. |
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, жағдаяттық тапсырма, ассоциаграмма, Тірек сөздер» стратегиясы, эссе, «Жеке әңгіме» техникасы, «Кері байланыс» әдісі. |
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу | Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «шаттық шеңберін» құрады. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді. |
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| І. Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Т.Жұртбаевтың «Дулыға» кітабынан Тұмар пат- шайым жайлы оқып береді, ой шақыру сұрақ- тарын қояды: — Балалар, Тұмар патшайым деген кім? Ол туралы не білесіңдер? | Оқушылар шығарма дан үзінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді. |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен та- ныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
| | 2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Суретке қарайды, көшпелілер ге қандай қатысы бар екендігін айтады, сын есім- дерді қолданып, әр затқа сипаттама береді. |
| Ә) Оқылым. Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Жазылым. Айтылым. Өлеңді жазып алады, жатқа айтады. |
| 3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды. |
| Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 4, 6, 8-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді аудармасымен дәптеріне жазып алады, синоним- дерін табады, мәтінннің мазмұнына байланысты 7 сұрақ жазады, кестені толтырады. |
| Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 5, 7-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Мәтіннің әр абзацындағы ойды түсінеді, абзацқа тақырыпша қояды, мәтінге ат қояды, мазмұнын өз сөзімен қысқаша айтады, сұраққа жауап береді, оны сызба түрінде жазады. |
| 4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 10-тапсырманы орын- датады. | Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды. |
| 5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазылым. Айты- лым. 11-тапсырманы орындатады. Жұптық жұмыс ұйымдастырады. | Оқылым.Жазылым.Айтылым. Берілген мәтіндегі ойды осыған дейінгі алған білімдерімен толықтырып, кеңейтіп жазады. |
| ІІІ. Ой толғаныс | Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негі- зінде тақырыпқа қатысты тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады. | Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды. |
| IV. Бекіту | «Тұмар патшайым — сақтардың көсемі» тақырыбында эссе жаздырады. | Жазылым. Эссе жазады. |
| V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. | «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады. |
| VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау. | |
| VII. Рефлексия | Мұғалім «Кері байланыс» әдісінің негізінде парақшалар таратады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін парақшаға көрсетеді. |