СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок по обновленному содержанию образования РК "Судың маңызы"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тақырыбы

  Судың маңызы.

Білімділік:

Тақырыпқа қатысты шағын әңгімелер құрау арқылы білімін бекіту.

 

Дамытушылық:

 

Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру.

Жетістік  критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): судың маңызы туралы қазақ тілінде ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы адамзат үшін судың маңызын айтады, сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Просмотр содержимого документа
«Урок по обновленному содержанию образования РК "Судың маңызы"»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


5-тақырып. Су — тіршілік көзі


Мектеп: Затобол орта мектебі № 2


Мұғалімнің аты-жөні :

Күні:


Сынып: 5

Сабақ 3*4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Судың маңызы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Білімділік:

Тақырыпқа қатысты шағын әңгімелер құрау арқылы білімін бекіту.


Дамытушылық:


Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): судың маңызы туралы қазақ тілінде ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы адамзат үшін судың маңызын айтады, сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Жаңа сөздер:

Тамшы, қоры, тіршілік көзі, маңызы, қырау.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, желімқағаздар, суреттер, карточка- лар, кесте.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, «Сөйлемнің жартысы сенде» ойыны, синквейн, сергіту жаттығуы, «Жеке әңгіме» техникасы .

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер- ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайд

тарды көрсетеді. Көрген слайдтарын сипаттап беру- лерін сұрайды.

Слайдтарды сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы- мен ауызша жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 1,3-тапсырманы орында- тады.

Айтылым. Жұмбақты шешеді, сөз тір- кестерін құрастырады, сөйлемдердің әрқайсына екі сұрақ қояды.


Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жазады.



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтан- дыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, түсінгенін айтады.


Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машық- тандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Ақпараттың дұрыстығын тексе- реді, түсіндіреді.


4. Сергіту сәті. 7-тапсырма. «Сөйлемнің жартысы сен- де» ойынын ұйымдастырады.

Ойынның шартын орындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орында- тады.

Айтылым.

Топқа бөлінеді, әр топ суға тән белгілерді атайды, дәлелдейді.

IV. Бекіту

Мұғалім тақырыпқа қатысты синквейн құрауларын сұрайды.

Синквейн құрайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына же- лімқағаздарды жапсырады.