СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок по самапознанию

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Оқушыларға өмірде барлық адамның өмірі өз қолында ұғымын кеңейту.                                                   

Просмотр содержимого документа
«Урок по самапознанию»


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп «Подгорное негізгі мектебі» КММ

Мұғалiм Елемесова Злиха Зейнелхановна

Сынып 6 Оқушылар саны 8

Тақырып № 24-25 сабақ. Өмірің өз қолыңда.

Құндылық Сүйіспеншілік

Қасиеттер шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмірде барлық адамның өмірі өз қолында ұғымын, сүйіспеншілік құндылығы арқылы кеңейту.

Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы адамдарға риясыз қызмет етуде екендігін түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың жанашырлық қасиеттерін дамытуға түсінік беру;

Тәрбиелік: Еліне, халқына абыройлы шынайы қызмет етуге тәрбиелеу

Ресурстар: Оқулық, дәптер, үнтаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу

Тыныштық сәті.

Орманға саяхат.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігін сезінініз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Абайдың он жетінші қара сөзі оқулықта 87-88 бет.

Оқып өз ойларын төмендегі сұрақтар бойынша айту.

  1. Автор қайрат, ақыл, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?

  2. Ғылымның «жүрекке билет» дегеннің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  3. Абай қандай адамды «қасиетті адам» дейді? Неліктен?

  4. Тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыздар?

  5. Өмірде жүрекке бағынып өмір сүру оңай ма?

Ескерту

  1. Дәйексөз.

«Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ұжданды ақыл-ой, шынайы жүрек. Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды.»

Ш. Құдайбердіұлы (1858-1931)

- Елдің абзал азаматы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

- Адам баласы өмірді мақсатсыз сүре ме?

- Дәйексөзден қандай ой түйдің?

- Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?


(Дәйексөзді дәптер бетіне түсіру)



  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

Өмір туралы аңыз

Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып: 
- Менің не істегеніме қарап, нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер , деп – тапсырма береді. 
Сөйтіп, ол сөреден үлкен шыны ыдысты алып , ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады. Данышпан шыны ыдысты үстелге қояды да, шәкірттерінен : 
-Қараңдаршы, балалар, ыдыс толық па? 
- Толық, толық ,- деп шуласа кетеді шәкірттері. 
Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды. Ұсақ тастар ірі тастардың қуыс-қуысын бойлап, ыдысты толтырады. 
Данышпан шәкірттерінен тағы да сұрады: 
- Ыдыс толды ма? 
Олар ыдыстың толығынан айтады. 
Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырды. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, бірақ толған құм кедергі болып, одан еш нәрсе шықпады. 
Сол кезде Данышпан оқушыларға бұрылып: 
- Менің осы әрекеттім жайлы және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы түйген ойларыңды тыңдағым келеді,- дейді. 
Оқушылар өзара кеңесіп : 
- Ірі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды білдіреді: отбасы, отан, сүйіспеншілік, бақыт, денсаулық, білім. Олар басқалары болмаса да әрқашанда адам өміріне мағына беріп, мінгі толтырады. Ұсақ тастар жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызды бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм дегеніміз адамның күнделікті өміріндегі ұсақ- түйектер, яғни күйбең тіршілік,-деп жауап береді. 
Бір кезде шәкірттерінің ең үлкені: 
- Егер адам құммен толтырылған екінші ыдыс сияқты, өз өмірін кәкір- шүкірмен өткізетін болса , онда маңызды заттарға орын қалмайды. Адамға өмір ұсақ-түйекке жұмсау үшін емес, маңызды заттар мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген. Сондықтан да адам ата-аналарына, балаларына, жақындарына көбірек уақыт бөліп, баса назар аударып, өз денсаулығын нығайту керек. Сонда ғана ол білім алып, еңбек етіп, өзгелермен сыйластықта, бақытты да үйлесімді өмір сүруге үлгереді. 
Данышпан ризашылықпен: 
- Менің сендерден бір ғана тілегім бар. Ірі тастарды қадірлеп, сақтай біліңдер, тек солар ғана құнды, қалғандары –құм ғана. 


-Ұстаз қандай тәжірибе жасады?

-Шәкірттер қандай жауап қайтарды?

-Шәкірттерінің жауабы ұстазына ұнады ма?

-Шәкірттері «Өмір» мектебіне дайын ба?

-«Әр адамның өмірі өз қолында»- деген ұғымға қалай қарайсыңдар?


  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

«Қанағат қыл басыңдағы бағыңа» видеоролик.

Оқушыларды екі топқа бөлу:

«Қанағат қыл басыңдағы бағыңа» тақырыбына

I топ -«Қанағат»

II топ –«Қанағатсыздық»

сөздеріне постер құру және сол постерлерін қорғау.


  1. Топпен ән айту.

Бейбарыс Серикбаев

Неткен өмір

Жер бетінде тау-орман

Бір-бірінен нәр алған.

Мына дүние о бастан

Әділдіктен жаралған

Бірде шаттық, бірде мұң

Не боларын білмедім.

Көшкен бұлттай асығып,

Өтіп барады күндерім.

Қайырмасы:

Оу, оу, неткен өмір!

Жабырқау неге көңіл?

Оу, оу, неткен өмір,

Білмеймін алда не тұр?

Шаршатты жалықтырды

Көз салсаң бұл өмірге бір.


Қала, қала, шу қала

Әсем қала, гүл қала

Қалмады ғой бұл күнде

Ешбір қызық өзіңде

Жалған ізет, жалған сөз

Бірін-бірі алдайды

Жалған үміт, жалған күз

Бар нәсіпке тоймайды.

Қайырмасы:2р


  1. Үй тапсырмасы.


Оқулықтың 90 бетінде Қ. Қайсеновтың «Елдің иесі сендерсіңдер қарақтарым» деген мәтін берілген. Мәтінді оқып, мәтіннің соңында берілген сұрақтар бойынша өз ойларын дайындап келу.



  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік - бар жерде!

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік,-бүкіл әлемде! Сау болыңдар!