СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

« Үш элементі бойынша үшбұрыш салу»

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар:

Математикалық тілде сөйлеу мәнерін  қалыптастырады. Үшбұрыштарды салуда  салу алгоритміне  сипаттама береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- тең кесінділер, тең бұрыштар, салулар, циркуль, сызғыш, шеңбер, түзу, сәуле, үшбұрыш,  екі қабырғасы  арасындағы бұрыш, іргелес бұрыш, белгілеулер, қиылысулар.

- Бұрыш – угол –angle

- Шеңбер - окружность- circumference

- үшбұрыш- треугольник-triangle

Диалогтар мен жазу үшін қолданылытын тіркестер:

  •  тең кесінділерді салу үшін ...   керек;
  • берілген бұрышқа тең бұрышты  салу үшін ...   керек;
  •   Үшбұрышты  екі қабырғасы  мен арасындағы бұрышы бойынша салу;
  •   Үшбұрышты  қабырғасы  мен іргелес жатқан  бұрышы бойынша салу;

Үшбұрышты  үш қабырғасы  бойынша  салу...

Просмотр содержимого документа
«« Үш элементі бойынша үшбұрыш салу»»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7.4 . Шеңбер және салулар

Мектеп: Мұнайлы ауданы,

№8 орта мектеп КММ

Күні: 30.11.17

Мұғалімнің аты-жөні: Рахметов Көбейсін Абибуллаевич

Сынып: 7 геометрия

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

61-сабақ

« Үш элементі бойынша үшбұрыш салу»

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаты

7.4.2.2. Үш элементі бойынша үшбұрыш салуды үйренеді

Сабақ мақсаттары



  • Үшбұрышты екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы бойынша салуды үйрену;

  • Үшбұрышты қабырғасы мен іргелес жатқан бұрыштары бойынша салуды үйрену;

  • Үшбұрышты үш қабырғасы бойынша салуды үйрену.

Бағалау критерийлері

  • тең кесінділерді салуды біледі;

  • берілген бұрышқа тең бұрышты салуды біледі;

  • циркульді және сызғышты тиімді қолдануды біледі;

  • тапсырманың мәнісін дұрыс түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Математикалық тілде сөйлеу мәнерін қалыптастырады. Үшбұрыштарды салуда салу алгоритміне сипаттама береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- тең кесінділер, тең бұрыштар, салулар, циркуль, сызғыш, шеңбер, түзу, сәуле, үшбұрыш, екі қабырғасы арасындағы бұрыш, іргелес бұрыш, белгілеулер, қиылысулар.

- Бұрыш – угол –angle

- Шеңбер - окружность- circumference

- үшбұрыш- треугольник-triangle

Диалогтар мен жазу үшін қолданылытын тіркестер:

  • тең кесінділерді салу үшін ... керек;

  • берілген бұрышқа тең бұрышты салу үшін ... керек;

  • Үшбұрышты екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы бойынша салу;

  • Үшбұрышты қабырғасы мен іргелес жатқан бұрышы бойынша салу;

  • Үшбұрышты үш қабырғасы бойынша салу...

Құндылықтарды дарыту



«Мәңгілік ел» идеясының «Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият» құндылығы бойынша салуларды күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, өмір бойы білім алуға баулу;

Пәнаралық байланыстар

Сызу, технология, география пәндері

АКТ қолдану дағдылары

Видеопроектор

Бастапқы білім


Қарапайым салу есептері (берілген бұрышқа тең бұрышты салу, берілген бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу, берілген түзуге перпендикуляр түзу жүргізу).

Сабақ барыс ы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

3 мин












5 мин



























Сабақтың ортасы

13-минут






























































































































15 минут




  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру және талқылау.

  • Психологиялық ахуал орнату, «Шаттық шеңбер» құру арқылы бір-біріне аттарының бас әрпі бойынша тілек білдіру.

  • Сыныпты топтарға бөлу және топ басшыларын сайлау.

Партаға алдын ала «тең қабырғалы үшбұрыш», «теңбүйірлі үшбұрыш», «доғал бұрышты үшбұрыш» және «тік бұрышты үшбұрыш» суреттерін қойып оқушыларға солардың біреуін қарамай таңдату арқылы топтарын құру.

Өткен тақырыпты қайталау

«Ия – жоқ» ойыны арқылы:


  1. Перпендикуляр түзулер 90 градус жасап қиылысады - иә/жоқ

  2. Тікбұрышты үшбұрыштың екі сүйір бұрышының қосындысы доғал - иә/жоқ

  3. Егер екі түзуді қиюшы қиып өткенде, айқыш бұрыштары тең болса, онда тузулер параллель - иә/жоқ

  4. Үшбұрыштың төбесінен табанына жүргізілген биіктік 180 градус жасап түседі - иә/жоқ

  5. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі - иә/жоқ

  6. Тең екі қабырғасы 4см, үшінші қабырғасы 10см болатын үшбұрыш бола ма? - иә/жоқ

  7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 90 градус болады - иә/жоқ

  8. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына қарсы үлкен бұрышы жатады - иә/жоқ

  9. Медиана бұрышты қақ бөледі - иә/жоқ

  10. Кез келген үшбұрыштың екі бұрышы доғал - иә/жоқ

  11. Паралель түзулер 90 градус жасап қиылысады - иә/жоқ

  12. Тең қабырғалы үшбұрыштың барлық бұрыштары тең - иә/жоқ

Қол шапалақтау арқылы мадақтау жүргізіледі.


Жаңа сабақ. (топтық жұмыс)

1.Жаңа тақырыпты ашу мақсатында әр топқа жеке тапсырма беріледі. Әр топ тапсырмаларды орындау барысында жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақ мағынасын ашады.

Топтық жұмыс. /Мақсаты: жаңа тақырыпты түсіну және ашу, қателер болса анықтау, жаңа тақырыпты игерудегі олқылықтарды жою/

Сынып оқушылар төрт-төрттен топқа бөлініп, «Көршіңді тексеру» әдісін қолданып, әр топқа амалдар қолдануға есеп беріледі және топтардың тапсырмалары бір-бірінен өзге болады .

Тапсырмалар флипчарттарда орындалып, үстелде қалады. Ал топтар мұғалімнің белгілеген уақытынан кейін сағат тілімен қозғала отырып, келесі топтардың тапсырмаларын тексереді және орындайды. Тапсырмаларды тексеру барысында қателер болса, басқа түсті қаламмен қатені түзету ұсынылады.

Топтар өз орындарына қайта келгенше жұмыс жалғасады.

Жұмыстың соңында барлық қателерге шолу жасалып, «тапсырманы үздік орындаған» топ пен «қателердің себебін анықтай алған» оқушылар мадақталады.


Тапсырма:

1-топ

Үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу

a=2 см , b=3 см , c=4 см

2-топ

Екі қабырғасы және арасындағы бұрышы бойынша үшбұрыш салу

АВ=5см, АС=6см, А бұрышы 80 градус

3-топ

Бір қабырғасы және оған іргелес жатқан бұрышы бойынша үшбұрыш салу

АВ=7см, А=600 , В=500

4-топ

Бүйір қабырғалары 10 см және олар арасындағы бұрышы 70 градус болатын теңбүйірлі үшбұрыш салыңыз.


Жетістік критерийлері:

  • тең кесінділерді салуды біледі;

  • берілген бұрышқа тең бұрышты салуды біледі;

  • циркуль, транспортир және сызғышты тиімді қолдануды біледі;

  • тапсырманың мәнісін дұрыс түсінеді.





Есептер шығару

Оқушыларға топпен жұмысқа тапсырмалар беріледі.

№ 4.39,-1); № 4.40;



Саралап оқыту. Логикалық тапсырма.

  • Қабырғасы, осы қабырғасына жүргізілген медианасы мен биіктігі бойынша үшбұрыш салыңдар.

Мадақтау арқылы бағалау. (жарайсың, тамаша, керемет жауап бердің, ерекше ұнады жауабың, т.б.)

Кері байланыс:

  • Есепті шығара алдық па?

  • Қандай қателер болды?

  • Ол қателер неліктен болды?

  • Тақырыпты түсініп, толық меңгеру үшін не жасау қажет?



3-слайд














































































































4-5-6 слайд


















































Оқулық

7-сынып геометрия

Ә.Н.Шыныбеков

















































7-слайд












Сабақ соңы

4 минут

Үй тапсырмасы.

№ 4.39. (1), №4.43.

Рефлексия/Мақсаты: сабақты қорытындылау, материалды жүйелеу/

Сабақ орындалған тапсырмалар бойынша оқушылар пікірлерін арнайы парақшаға жазып тапсырады:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушылар жауаптары бойынша кері байланыс беріледі.



Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу


Қалыптастырушы бағалау, тест тапсырмалары.Өзін өзі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсендііс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!