СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үшбұрыштар тақырыбына есептер шығару

Категория: Геометрия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сақтың тақырыбы:Үшбұрыштар тақырыбына есептер шығару

Просмотр содержимого документа
«Үшбұрыштар тақырыбына есептер шығару»

Сабақтың тақырыбы 
Үшбұрыштар тақырыбына есептер шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
1.Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеудің теоремаларын үйрену;
2.Үшбұрыштар теңдігінің белгілеріне есептер шығару мен дәлелдеулерге қолдану.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:Үшбұрыштың теңдік белгілерін айта алады.
Оқушылардың көпшілігі:Үшбұрыш теңдігі белгілерін дәлелдей алады.
Кейбір оқушылар: Үшбұрыш теңдігі белгілеріне есептер шығара алады.
Бағалау критериі
- оқушылар үшбұрыштар теңдігі белгілері теоремасын түсінеді, және теңдігі белгілерін,анықтамаларын пайдалана отырып есептер шығарады;
-екі қабырғасы бір бұрышы, екі бұрышы бір қабырғасы және үш қабырғасы элементтерін салыстырады.
Тілдік мақсаттар
Үшбұрыштар теңдігінің белгілерінің теоремасымен танысады, оны оқиды және сол арқылы үшбұрыштардың қасиеттерін дәлелдейді. Бір-бірінің пікір ұсыныстарын тыңдайды және үшбұрыштарды сызады. Осы жасаған жұмыстарына қысқаша сипаттама береді.
Пәнге қатысты сөздік қор,терминдер:тең қабырғалы, тең бүйірлі,тік бұрышты үшбұрыштар, медиана, биссектриса,биіктік.
Құндылықтарға баулу 
Үшбұрыштардың қасиеттерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.
Отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, математикалық мәдениетке тарту.
Пәнаралық байланыс
Сызу–
Қазақ тілі-терминология.
Алдыңғы білім
Үшбұрыш дегеніміз не?Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы қанша градус?Тік бұрыш дегеніміз не? Доғал бұрыш дегеніміз не? Сүйір бұрыш дегеніміз не?Тең қабырғалы үшбұрыш дегеніміз не?
Сабақтың жоспарланған кезеңдері 
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері 
Сабақтың басы
1.Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,сергіту сәтін Сен маған ұнайсың,өйткені... әдісімен ұйымдастыру.
2. Қызыл,көк,жасыл стикерлер арқылы үш топқа бөлу.
Зымыран сұрақтар1. Үшбұрыш дегеніміз не?2. Үшбұрыштардың ұқсастығының неше белгісі бар?3. Үшбұрыштардың ұқсастығының бірінші белгісін ата.4. Үшбұрыштардың ұқсастығының екінші белгісін ата.5. Үшбұрыштардың ұқсастығының үшінші белгісін ата.6. Тікбұрышты үшбұрыштардың неше ұқсастық белгілері бар?7. Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін ата.
3. Зигзаг әдісі арқылы өткен сабақты қорытындылау. . Сабақта кездесетін негізгі анықтамаларды флипчартқа аяқталмаған сөйлем ретінде беру. Мысалы:
1.Үшбұрыш тең бүйірлі деп аталады, егер __________
2.Үшбұрыш тең қабырғалы деп аталады, егер ______
3Үшбұрыш тік бұрышты деп аталады, егер _________ және т.б.
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ мұғалімнің түсіндірмесінен басталады
4. Тыңдайтын үшбұрыштар әдісі бойынша сабақ жалғасады. 
Ой қозғау.Диалог арқылы ұшбұрыш туралы еске түсіру
І. Берілген үшбұрышқа сәйкес келетін формулаларды тауып, өз орындарына қойыңыз! 
2.Семантикалық карта
ІІІ. Мағынаны ажырату
3.Оқулықпен жұмыс
4.Есептерді шығару
№1Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы 5см тең. Периметрін табыңыз.
№2Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 7 см тең. Периметрі 25 см. Үшінші қабырғасын табыңыз.
№3Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 9 см. Екінші қабырғасы 3 см. Периметрін табыңыз.
№4Тең бүйірлі үшбұрыш берілген. Бір қабырғасы 5 см тең. Бүйір қабырғасы 4 см ұзын. Периметрін табыңыз.
№5Әр қабырғалы үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары 3 см, 8 см және 4 см. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.
№6Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 27 см тең. Үшбұрыштың әр қабырғаларын табыңыз.
№ 66 есеп:тең қабырғалы
АВ= ВС=АС=6 см
Табу керек: Р=?
Критерий
Дескриптор
- оқушылар үшбұрыштардың бұрыштарын біледі.
1. Үшбұрыш теңдігі бірінші белгісін түсінеді.
2. Бірінші белгісін пайдаланып, АВ қабырғасын табады.
Тең қабырғалы үшбұрышты біледі.
Тең қабырғалы үшбұрышты түсінеді.
Үшбұрыштың тең қабырғалы анықтамасы бойынша периметрін табады.
Сабақтың соңы


























































6. Ақпараттағы ақаулықарқылы үшбұрыштардың қасиеттерін салыстырады.
V. Ой толғаныс
Анықтамаларды жалғастырыңыздар 
Сүйір бұрышты үшбұрыш деп аталады егер, 
Доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады егер, ...... 
Тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады егер оның екі қабырғасы тең болса 
Тең қабырғалы үшбұрышдеп аталады егер оның барлық қабырғалары тең болса 
Қабырғалары әр түрлі деп аталады егер оның қабырғалары әр түрлі болса 


Венн диаграмммасы

Тең бүйірлі үшбұрыш ұқсастықтары
Тік бұрышты үшбұрыш 
Әр қабырғалы үшбұрыш айырмашылықтары
Тестік тапсырма.Аралас.Қатып қалма.Жұптас стратегиясы бойынша берілген тапсырмадағы есептерді шешу(топпен жұмыс)

1.Үшбұрыш қабырғаларына қарай неше түрге бөлінеді?
А) 4 В) 3 С) 2
2.Тік бұрышты үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш болуы мүмкін бе?
А) иә В) жоқ
3.Үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, ол қандай үшбұрыш?
А) тікбұрышты В) тең бүйірлі С) тең қабырғалы
4. Үшбұрыштың бір бұрышы тік болса, ол қандай үшбұрыш?
А) тікбұрышты В) тең бүйірлі С) тең қабырғалы
5.Үшбұрыштың неше медианасы бар?
А) 5 В) 3 С) 4
6.Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 5 см. Оның периметрі неге тең болады?
А) 12 см В) 20 см С) 15 см

7. Үйге тапсырма беру: Есептер шығару және тест тапсырмаларын орындау

Сабақтың соңында оқушыларға логикалық сұрақтар қойылады:
- тен бүйірлі үшбұрыш пен тең қабырғалы үшбұрыштардың ұқсастықтары мен айырмашылығы?
- Бізді қоршаған ортадан үшбұрыштың түрлеріне мысалдар келтіріңдер ?
8.Бағалау



Критерий
Дескриптор

- оқушылар үшбұрыштар теңдігі белгілері теоремасын түсінеді, және теңдігі белгілерін,анықтамаларын пайдалана отырып есептер шығарады;

1. Үшбұрыштар теңдігі белгілері теоремасын түсінеді
2. . Үшбұрыштар теңдігі белгілері теоремасын пайдалана отырып есептер шығарады.


-екі қабырғасы бір бұрышы, екі бұрышы бір қабырғасы және үш қабырғасы элементтерін салыстырады.
1Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін ажырата алады.
2 Қабырғасы, бұрыштары арқылы салыстырады.


Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. 


Тапсырма: Тыңдайтын үшбұрыштар
Қарқын: Жетістік жолы
Қорытынды: Берілген тапсырма нәтижесінде оқушылардың білім деңгейлері өзін-өзі бағалауы бойынша анықталды. Топтағы оқушылар арасында Выготскийдің Жақын арадағы даму аймағы бойынша көпіршелер орнатылды,

Өзін-өзі бағалау арқылы критериалды бағалау, Пирамида әдісі арқылы топтық бағалау-қай топ бірінші пирамида құрады.






Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен топтық бағалауды ескере отырып, жиынтық бағалау жүреді.
Оқушылар тапсырмаларды орындағанда қәуіпсіздік ережелері ескертіледі.
АКТқолдану: Интерактивті тақта.

Сабақ бойынша кері байланыс
































Сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым

Маған әлі осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керек

Сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландым

Сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым