Просмотр содержимого документа
«Ұшқыр журналист тәрбелеген КазНу»
Ұшқыр журналист тәрбелеген КазНу
Менің атым Айнура. Мен биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы, Астана Халықаралық Университеті – Педагогикалық колледжі, Негізгі огрта білім беру бойынша, Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі мамандығын тәмәмдаймын. Менің жалпы бала кездегі арманым тележүргізуші болу. Әрине ол үшін мен мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, әрекет ете бастадым. Әртүрлі мерекелерде жүргізуші болдым, көптеген тренинг, курстарға қатысып, осы саладағы білімімді әрдайым жетілдіріп отыруға тырыстым. Бұл жолды мен колледжде жалғастырған болатынмын. Бірақ жоғарыда айтып өткендей, колледжде ең алдымен қазақ тілі әдебиет пәніне түскен болатынмын. Ұстаздарымның, ата-анамның, жақындарымның ақыл-кеңестеріне жүгіне отырып, бұл мамандыққа түсу арқылы ең алдымен сөздік қорымды байытамын деген мақсатпен оқыған болатынмын. Енді қазіргі уақытта журналистика саласына түсу үшін, ниетімнің толық екендігін, қабілетін жетіп тұрса, неге мүмкіндікті пайдаланбасқа деген ой келді. Келесі ендігі мәселе, әрбір түлекті ойландыратын жоғарғы оқу орнын анықтау. Мағанда бұл оңайлыққа түскен жоқ. Дегенмен қазір заман дамыған, әлеуметтік желіден қалаған, өзіңе қажет информацияны тауып, қолдануға болады. Дәл сол сияқты, менде барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматы қаласындағы Әль-Фараби атындағы ҚазҰу-ін таңдадым. Яғни, журналистика факультеті, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы. Әрине бірден ойға неге? деген сұрақ келеді. Неге осы университет? Неге дәл осы кафедра?
Алматы қаласындағы ҚазҰу- ті журналистика саласының қара шаңырағы десекте артық етпейді. Себебі, қазіргі қоғамға танымал қаншама тележүргізушілер дәл осы оқу орнынан дәріс алған. Бұл университет жайлы өзімде таныстарымнан аз естімедім. Әлеуметтік сайттарында жазылған отзывтарға сүйенетін болсақ, өте тәжірибелі мамандар дәріс беруімен қатар, студенттік өмірде өте қызықты әрі әртүрлі оқиғаларға толы болып өтетіндігі жайлы айтылған.
Ал, таңдаған кафедраға келетін болсам, бұл жердің мақсаты, баспасөзде, телевизия мен радио, интернет-басылымдарда бәсекеге қабілетті, медиа нарығына, мемлекеттік, әлеуметтік, саяси және бизнес құрылымдарға қазіргі заманғы технологияларды меңгеріп, құзіреттер мен тәжірибелік дағдыларды игерген бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие және менің ең сүйікті теле-радио журналистерді, интернет-журналистерді даярлау. Тағы да бір ерекшелігі еліміздің тәжірибелі журнаистерімен қатар, тележурналистік шеберлік мектебі бар оқытушылар дәріс оқиды.
Жалпы, осы жоғарғы оқу орнын таңдауымның белгілі бір себептерін айтып өттім. Тағы бір ескере кететін жайт ол халықаралық байланыс орнату. Яғни біздің оқытушыларымыз АҚШ-та, Германияда, Швецияда, Австрияда, Болгарияда, Туркияда, Қытайда және басқа да елдерде өтетін семинарлар мен конференцияарға қатысады.
Алдағы уақытта бұл оқу орнынан сапалы, жоғарғы білім алып, өзінің мамандығын жақсы көретін, іскер, тәжірибелі теле-радио жүргізушісі болып шығатыныма кәміл сенімдімін.