Просмотр содержимого документа
«Үштілділік -заман талабы.»
«Үштілділік - білім беру мазмұнын жаңарту аясында қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру»
2018жылы 27 ақпан
Сүлейменова Динара Әнуарбекқызы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Урицкий мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған білім бойынша және « Тәжірибедегі рефлексия» курстарын аяқтап биылғы оқу жылында 1 сынып оқушыларын жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытудамын.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.
Осы жылдан бастап 1,5 мың мұғалім бүкіл ел бойынша үлкен тәжірибе аясында ағылшын тілінде сабақ бере бастады.
2017-2018 оқу жылынан бастап физика , биология , химия пәндері ағылшын тілінде жүргізіліп жатыр.
Өзім болса, өз сабақтарымда мен үштілдік принципін жиі қолданып отырмын 1 сынып оқушыларына лексикалық тақырып бойынша ағылшын тілінде 1 сөзден беріліп, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытамын.
Үш тілді оқыту – заман талабы. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ү ш тілде оқыту – заман талабы , оның негізгі мақсаты-бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Бүгінгі таңда жаңартылған мазмұндағы білім беруде , үштілді білім беру жүйесінің дамуында , үштілділікте ақпараттарға балалардың қолжетімділігін арттыруда ұсынылған латын әліпбиінің берері де зор.
Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту мақсаты мемлекеттік тілге қоса еліміздегі басқа да тілдерді оқып-үйренуді міндеттейді. Бұл мақсаттың аясында қазақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін дамыту міндеттелген. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатыр. Өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады.
Олай болса, білім саясатының сапалық көрсеткішіне, функционалдық сауаттылығына негізделген үштілділік білім беру сияқты инновациялық бастаманы ел болып, халық болып бірлесіп бірге қабылдауымыз керек. Жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың туған елі мен жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу – басты міндетіміз.