
Қарағанды облысының Білім басқармасы
КМҚК «Қарағанды гуманитарлық колледжі»
АШЫҚ САБАҚТЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ
«Үштұғырлы тіл» бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдақ атты ашық танымдық сайыс.
“Polylinguism” open notional competition called first stage competitive aspiration.
Открытый познавательный конкурс под названием
«Полиязычие» основа конкурентноспособного стремления.
Оқытушы: Төребаева Гакку Рымтаевна
Қарағанды, 2016ж
Сабақтың тақырыбы: «Үштұғырлы тіл» бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдақ атты ашық танымдық сайыс
Сабақтың мақсаты:Студенттерге әр түрлі силуэтті және модельді көйлектерді тігу технологиясын үйретуді қорытындылай келе, «Үштұғырлы тіл» бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы екендігін түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
1. Студенттердің тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мамандыққа сай үш тілде сөйлей алу білімдерін нығайту арқылы өз талғамдарын қалыптастыруға, сән әлемінен бағыт-бағдар табуға нұсқау беру.
2. Көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуда тіл мәдениетін қалыптастыру, өзіндік ой пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу.
3. Мамандықты меңгерудегі тіл – біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру. Эстетикалық талғампаздықпен үйлесімді сәнді киінуге, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу;
Сaбақтың типі: практикалық, қорытынды.
Сaбақтың түрі: ашық танымдық сайыс.
Әдістер:сұрақ-жауап, пікір алмасу, ғаламтордан бейнетаспа, шығармашылық жұмыс жасау.
Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, А3 форматы, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, бор, қайшы, түйреуіш инелер, тігін машинасы.
Көрнекіліктер: слайд, стильдердің суреттері, манекен, бейнефильм, эскиздер.
Сабақтың өту барысы:
Барысы:
I. Кіріспе сөз
II. Сайыс барысымен таныстыру
«Тіл өнері»
«Сән мен сымбат әлемі»
«Өнер тамған он саусақ»
ІІІ. Қорытынды
Сәлеметсіңдер ме, құрметті ұстаздар және студенттер! Бүгінгі біздің «Үштұғырлы тіл» бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдақ атты ашық танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Good-afternoon, dear teachers and students. Welcome to our opennotional lesson competition “Nowadays polylinguism is requirement of time”
Бүгінгі біздің ашық шарамыздың мақсаты қазіргі уақыт талабына сай жоғары білімді, интеллектуалды полиглот болуға студенттерді тарту болып табылады.
Знаете ли вы что означает слово «полиглот»?
Полиглот – это человек обладающий способностью говорить на многих языках.
And now, dear students, let’s listen to how people from different countries greet each other.
Кесте 3. Әр халықтың тілінде амандасу түрлері
Азербайджанский | Salaam aleihum |
Английский (Америка, Великобритания) | Hello |
Вьетнамский | Chao |
Гавайский | Aloha |
Испанский | Buenos dias |
Итальянский | Buon giorno |
Казахский | Salеm |
Киргизский | Salaam matszbe |
Немецкий | Guten Tag |
Русский | Zdravstvuite |
Турецкий | Merhaba |
Узбекский | Salaam aleikhem |
Французский | Bonjour |
Японский | Konnichi wa |

1-сурет. Сайысқа қатысатын топтар
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деп бекер айтылмаған болу керек. Ендеше біз бүгінгі танымдық сайысымызды бастайық! Сайысымызға қатысушы әр топ өзін қысқаша таныстырып өтсек.
Итак, давайте начнем наш конкурс среди студентов второго курса.
Then let’s greet our participants.
Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін, зеректіктерін байқап, бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Бірінші төрешіміз, арнайы пән оқытушысы Нұрғалиева Жансая Дулатқызы
Второй судья, наша учительница по русскому языку Алшинбаева Алия Алпысовна
And the third judge is the teacher of English language is Татьяна Евгеневна
Сайыстың бірінші кезеңі «Тіл өнері» деп аталады. Топтарға әр түрліжұмбақтар жасырылады. Шешуін тауып үш тілге аударып беру керек.
Каждый правильный ответ оценивается 5 баллами.
We wish you good luck and let’s start!
Тақтада 12 ұяшық, әрбір ұяшықта 3 тілде жұмбақтар жасырылған.
Кесте 4. Жұмбақ жасырылған ұяшықтар
1 | 2 | 3 | 4 |
5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 |
1. Қимылдаса қос шебер
Қыруар-қыруар іс өнер (қол)
2. Өзгеге киін деймін,
Өзім киінбеймін (тігін машинасы)
3. Танертен тұрдым,
Екі сайды қудым (Шалбар-брюки-
trousers)
4. Алдына келесің,
Өзіңді көресің (айна-зеркало-
looking-glass)
5. Қолы бар, саусағы жоқ.
Мойны бар, басы жоқ (көйлек-
платье-dress)
6. It is not a tie, no a collar.
It hugs your neck when you are cold.
(A scarf-шарф-мойынорағыш)
7. Тұмсығы мықты, ой мен қырды
тегістеп шықты (Үтік)
8. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,
Киім тігіп береді ол өзіңе (ине)
9.Five rooms but one door.
(A glove-перчатки-қолғап)
10. Наша тетушка игла
Строчку по полю вела
Строчка в строчку,
Строчка в строчку
Будет платье нашей дочке.
(швейная машина)
11. Саусақтың басына киетін
темір қалпақ (оймақ)
12. Инструмент бывалый
Не большой, не малый.
У него польза забот:
Он и режет и стрижет.
(ножницы)




2-сурет. Студенттердің амандасу және 1-кезең сәтінен көрініс
Келесі кезең «Сән мен сымбат әлемі» деп аталады. Ойыншыларға бейнефильм көрсетіледі және сол бейнефильмнен сұрақтар қойылады. Олар Қазақстандық дизайнерлердің шығармашылық жолы жайында болады.
Итак, давайте начнем.
1-топ тапсырмасы: Қазақстандық модельер Аида Кауменова көктем айында өтетін Қазақстан fasnion vi киім топтамаларының қандай стильде болатынын айтты? Сол стиль жайында айтып өтсеңіздер.
2-топ тапсырмасы: Қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова жайындағы бағдарламада дебюттің топтама көрсетілімінде қандай стильді байқадыңыздар?
3-топ тапсырмасы: Fasnion guipe бағдарламасындағы Қазақстан жұлдыздарына арнап тіккен дизайнер Берик Исмаиловтың көйлектерінде қандай стильді басты негізге алған?
4--топ тапсырмасы: Дизайнер Лария Жақамбаеваның киім топтамаларындағы көйлектердің басым көпшілігі қандай стильде?



3-сурет «Сән мен сымбат әлемі» кезеңі
Келесі кезең «Өнер тамған он саусақ» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушылар әр түрлі көйлектерді таңдау арқылы, сол көйлекті өз шығармашылықтарымен үлгілеп, дайындайды. Осы киімдерді дайындау барысын түсіндіріп, қолданылған құрал-жабдықтардың аудармаларын айтып беру қажет.
Қай топ тез ұтымды түсіндірсе, сол топка 5 ұпай беріліп отырады.





4-сурет «Өнер тамған он саусақ» кезеңі




5-сурет. Студенттер тіккен көйлектерін түш тілде түсіндіруде
Спасибо, большое, прошу всех занять свои места.
And we ask our judges to announce the points of the participants.
Қазылардың сөзі: Көп-көп рахмет, Группа модельеров, дизайнеров, стилистов а также швеи.
Тіл халықтың рухы, тұтастай кескін келбеті, басшысы. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру - әрбір Қазақстан азаматына жүктелетін мақсат. Біз бүгінгі сайыс барысында студенттеріміздің үш тілді меңгергендегі алғашқы сатыларын көріп отырмыз. Алдағы уақытта осы алған білімдеріңізді шыңдай беруіңізге тілектеспіз.
1-орын Сәнгерлер тобы
2-орын Тігіншілер тобы
3-орын Модельерлер тобы
Құттықтаймыз!!!
Поздравляем!!!
Congratulations!!!
7