СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұстаз тақырыбына эссе

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

ұстаз ұлы тұлға  тақырыбына эссе. Қазіргі заманғы ұстаз бейнесі баяндалған.

Просмотр содержимого документа
«Ұстаз тақырыбына эссе»

Ұстаз – ұлағатты есім!

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы.


Өмірде көп мамандықтардың ішінде мейірімділікті, шеберлікті, икемділікті, білімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Ол тек балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен қатар оларды тәрбиелейді. Мұғалім белгілі бір сыныпта оқушының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын әрі жауапты, міндетті іс.

Қазіргі мұғалім балаға тек ғылым негіздерінен ғана емес, дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика салаларынан мағлұмат беріп, өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей, өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Ұстаз – өз кәсібін, пәнін, мектебі мен шәкірттерін сүйетін адам. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаздарға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Мамандықтың бәрі жақсы, бірақ ұстаздық мамандықтың орны ерекше.

Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» деген. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Ұстаздық ұлы қасиет. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, - дейді. Білім беру жүйесі ұстаздардан кәсіби біліктілікті, икемділік пен шығармашылықты, өзін-өзі басқару мен ұйымдастыруды қажет етеді. Өйткені қазіргі буын – еліміздің болашағы. Мұғалімге тән қасиет – баланы құрметтеу. Оның намысын, ар-ожданын жасына қарамай сылау, құрметтеу. Мұғалімдік мамандық – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән мамандық. Сондай-ақ мұғалім көп қырлы еңбегінде кездейсоқ жағдайлардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, оның шешімін табуға дайын болуы тиіс. Сондықтан мұғалім әр баланың жан-дүниесін білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы.

Ұстаз сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі бір піннен сабақ беретін мұғалім, екіншісі – адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа жол сілтеуші ақылшысы. Оның мейірімді жүрегі оқушының талай қателерін кешіре алады. Сондықтан әрбір оқушы өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.

Осы кезде Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деген өлең жолдары еске түседі.

Егер әр оқушы өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстазынан шәкірті озып жатса, ұстазының жемісі емес пе? Қазіргі кезде басты мәселе – жаңа формациядағы ұстаз қалыптастыру.

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болады.

Яғни, мұғалім білімді болса, сол мектептен балалар көп білім алады. Сондықтан мектепке білімді, методикадан хабардар, балаларды оқыта білетін мұғалім керек. Ол мұғалім ізденуші, технолог, шығармашылық жұмыс жасайтын жаңашыл болуы керек.






























Абай орта мектебі













Ұстаз – ұлағатты есім!







Орындаған: Болатова А.Ж.









2017 ж.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!