«Ұстаздар-ұлы тұлғалар»
(Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады)
1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!
2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
1- жүрг. Аружан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән. Хор.
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Аружан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Әдемі, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)
Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен Айгүл.
2-ж. Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
1- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
2-жүрг. Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
2-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
3-оқушы: Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық.
4-оқушы: Мұғалім - ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
1 жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
Ортада: ӨЗБЕК БИІ
2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасынан
1-жүргізуші: Ұстаз мейірі - Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
2-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!
Ана туралы ән. Орындайтын Айғаным.
1-Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
1-Жүргізуші: Аружан, Мен саған жұмбақ жасырайын, табасың ба?
2-Жүргізуші: Жасырып көр
1-Жүргізуші: Бір сандық бар өзгеше,
Қасыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сынын білесің.
Ол не? /Кітап./
2-Жүргізуші: мм, (сәл ойланады) иә, бұл, меніңше, кітап қой
1-Жүргізуші: Иә, дұрыс таптың. Ендеше сен кітап туралы не білесің?
2-Жүргізуші: Кітап-біздің ақылшы досымыз, барлық білім, ғылым кітапта. Оны неге сұрадың?
1-Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Кітап туралы сұрауымның себебі, біздің арамызда сол кітапқа немқұрайды қарап, таза ұстамайтын оқушыларымыз да бар екен.
2-Жүргізуші: Ендеше сондай балалардың қолына түскен кітаптардың мұңын тыңдап көрелік.Көрініс. Кітаптар мұңы
1-Жүргізуші: -Иә, балалар, кітаптардың мұңы, шынында да адам аярлықтай екен. Олай болса, кітапты күтіп ұстау — бәріміздің міндетіміз. Кітап біздің ақыл-ойымызды өсіреді, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады, өмірде не болып жатқанынан хабардар етеді. Білім бастауы болған кітапты ұқыпты ұстау, оны жан досыңдай қадірлеуге әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап адамға қандай кезде де ақылшы, дос бола алады.
2- Жүргізуші: Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.