СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұстазым – саған мың алғыс!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Ұстазым - саған мың алғыс!" Ұстаздар күніне арналған. 

Просмотр содержимого документа
«Ұстазым – саған мың алғыс!»


Ұстазым – саған мың алғыс!


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұстазым – саған мың алғыс

Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге, үлгі тұта білуге ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арналып безендірілген. Ұстаз туралы ұлағатты ой, қанатты сөздер жазылған, суреттер, көрме т.б.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстазым – саған мың алғысатты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ән: «Ұстазым»

Орындайтын: Шәйберген Айша


1.Оқушы: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке – ұстаздар мерекесі құтты болсын!

2. Оқушы: «Ұстаз» деген ардақты,киелі,үлкен құрметпен айтылатын сөз,ол өз адамның жастайынан сауатын ашатын,өнерге үйретіп,тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып,болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.

1-жүргізуші: Үйретіп алғаш бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ой-арманы, мақсаттары

Оқушың сәулесімен жарық көрді.


2-жүргізуші: Мөлдір бұлақ сылдырлаған суымен,

Ормандарың шулап жатыр нуымен.

Ал баланың тәрбиесін беретін ,

Құттықтаймыз, ұстаздар мерекенің шарықтаған күнімен!


1-жүргізуші:Ажырамай мектептен бір елісіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Ұстаздарға арналған тілегіңіз,-дей келе ұстаздарды құттықтау сөз мектебіміздің директоры Жұмабеков Бекзат ағайға беріледі.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мырзахметова Қымбат апайға береміз.


2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Бүгін бәрін ұмытып, шәкірттеріңіздің алғысы мен құттықтауын қабыл алыңыздар.


Оқушы1: Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.


Оқушы2 :Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен,дирижер боп күлімдеп.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.


Оқушы 3.Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны-бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

Нұрын төккен көк аспан күмбезінен

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.


Оқушы 4. Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы, тұра қал.
Мұғалімді келеке еткен бар құлар,
Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары – 
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!
Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу – 
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

Оқушы 5. Махабатты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!
Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!
Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!
 ... Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары.
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!

***

Оқушы 6. Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жаңа берем


Оқушы 7. Соларменен асқарларға шығасың,
Әлем кезіп ғылым жолын қуасың.
Сәтті басқан қадамына ырза боп,
Жіпсіп арқаң,тыныстап кең тұрасың.

Жалын атып,от боп,бірге жанасың,
Білім беріп,содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір,мәңгі жас боп қаласың.


Оқушы 8. Бұл өмірде танып оң мен солымды,
Мен де қудым,ұстаз,сенің жолыңды.
Бір кісідей терді төкті ел үшін,
Іздеуге де мұршам болмай жоғымды.
Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан,
Қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан.
Сомдап соқтым боашақтың мүсінін,
Тіршілікте сол ғой ізін қалдырған.


Оқушы 9. Мұғалім!Бұл-адамның ардақты аты,
Білімді бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
Бар ғалам,барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды,мәңгі бақи беріп бәрін.


Оқушы 10. Ұстаз ана-болашақтың анасы.
Ұстаз ана-ақыл-білім панасы.
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы.
Тәрбиелеп,мәпелеп,
Өрлеткен өмір шыңына.
Жөн сілтеп өзің жетелеп,
Ғылымның жаңа тыңына.


1-жүргізуші: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,

Зердесін болашақтың зерлеткендер,- дей келе 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен флешмоб биін қарсы алыңыздар!


1-жүргізуші: Қ.Аманжолов: «Мектеп-кеме,білім-теңіз» деп тектен текке айтпаған-ау,сірә? Егер адамның жүрегінде ізгілік,мейірімділік сәулесі болса,ол-мұғалімнің еңбегі.Солнұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші!Адамды тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? Сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек!

2-жүргізуші :

Ұлы Абайдың «Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға» деп айтуында терең мән-мағына жатыр. Шынында да,ұстаз ебегі – ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?

Олай болса құрметті ұстаздар 11-сынып оқушыларының ұстаздарға арнауын қабыл алыңыздар:

Фархат: Шәкірттерін мәпелеп, аялаған
Біздерден қол көмегін аямаған
Бүгінде ортамызда Бекзат ағай , Қымбат апай
Мектеп үшін еңбегін аямаған


Данияр

Ештеңенің исі бармай мұрынға,
Жүрген кезде кеше, бұрында
Талай заттың қыр-сырын қанық қып
Тәрбиелеген бас иеміз Фатима апайға.


Фархад

Келешекті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңде
Өсиет көп сөзінде
Көп шәкіртің досындай
Семгүл апай мен Мейрамкүл апайлар осындай

Айша

Талдыбай, Талғат ағайлардың – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттіңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Жел жағымда тұратын сен бәйтерек.


Қазбек

Арамызда ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған.
Гүлнара апай бізбен жүрсе,

Психологиялық жағынан
Батырларша батылды.
Еңбегін елі үшін аямаған,
Панаңда сан шәкіртің саялаған
Бүгінде бәйтерексіз бойы биік,
Гүлмира апай, Қатира апай,Рима апайлар шәкірттерін аялаған.


Данияр

«Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.
Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», - деп
Зердемізге құятын,
Бар ізгілік бойларына сыятын.
Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,
Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі.
Мың рахмет Жанна апай мен Гүлбану апайларға.


Айша:

«Білім» десе бойымызда тұрар күш,
Шәкірттері шеттерінен тіл алғыш
Талай рет тентектікті кешірген
Сауле апай, Нұргүл апай,Айым апай өзіңізге мың алғыс.


Айша:
Алабөтен айрықша еді талғамың
Алғыс пенен абырой боп алғаның,
Орыс тілдің аралатқан орманын
Орны бөлек Лена мен Перизат апайдың.

Фархад:
Теңейміз біз оны кейде жұлдызға
Үлгі тұтып, келешек жас ұл-қызға
Дүние жүзінің географиясын жаттатқан
Жан жете ме жайсаң Гүлшат апайға.

Данияр:
Айгерім апай, Индира апай, Жанар апай көп ойлаушы бала қамын,
Нұрланып атар іспен әрбір таңы
Баланы жадыратқан күн секілді
Баланы аялаған алақаны.

Айша:

Нұр көңілін балаға төккен ұстаз,
Төбемізді жеткізеді көкке біздің.
Қимастықпен қарайды Динара апай,
Ұмытқандай бұрынғы өкпелерін.

Қазбек:

Еңбегін елі үшін аямаған,
Панаңда сан шәкіртің саялаған
Бүгінде бәйтерексіз бойы биік,
Серікгүл апай, Сауле апай шәкірттерін аялаған.


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар 11-сынып оқушыларының сіздерге арнаған аздаған сыйлығын қабыл алыңыздар! Ұстаздар - өмірінен үзінді. Видеоролик.

Шәйберген Айшаның орындауында «Ұстаздар» әні. Қарсы алыңыщдар!

Дәурен Данияр мен Мырзағали Фархаттың орындауында «Лезгинка» биі. Қарсы алыңыздар!


2-жүргізуші: О, ұстаздар, басымды ием сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде,
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз
Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде

1-жүргізуші:

Ұстазым – саф атын, діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін.

Бүгінгі мереке күніне

Сәл ғана құрметім бұл менің! Зейін қойым тыңдағандарыңызға рахмет!