«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
№7 Сабақ жоспары
Утилиттер туралы түсінік. Утилиттердің берілуі.
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: «Экономикалық информатика және ақпараттық технлогиялар».
Дайындаған педагог: Аникенова Назерке Нурлановна
2021 жылғы «22» қыркүйек
Жалпы мәліметтер: |
| Курс, оқу жылы, топ: | I, 2021-2022 оқу жылы, 21EA-XI-1 |
| Сабақ типі | дәріс |
Мақсаты, міндеттер |
| Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі | -Бағдарламалық жасақтама -Жүйелік бағдарламалық жасақтама. Утилиттер |
Сабақты жабдықтау |
| Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер | Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е.Қ 28-40 бет |
| Техникалық құралдар, материалдар | Дәріс, Презнтация, Дербес компьютер. |
Сабақтың барысы |
| 4.1. | Ұйымдастыру Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру Оқушылармен амандасу Оқушыларды түгендеу Сабақтың мақсатымен таныстыру |
| 4.2. | Үй тапсырмасын сұрау. ОЖ деген не? Операциялық жүйенің орындайтын негізгі функцияларын атаңыздар ОЖ қалай жіктеледі? |
| 4.3. | Жаңа сабақ Курс тақырыбы: Дербес компьютердің құрылысы. Сабақ тақырыбы: Утилиттер туралы түсінік. Утилиттердің берілуі |
| 4.4 | Жаңа сабақты бекіту Программа деген не? Интерфейсқа анықтама беріңіздер. Жүйелік жасақтама нешеге бөлінеді? |
| 4.5. | Студенттерді бағалау. |
Сабақ бойынша рефлексия | Келесі сөздер арқылы сабаққа деген көзқарас: белсенді / немғұрайлы көңілім толды / толмады ұзақ / қысқа немесе тез шаршамадым / шаршадым жақсарды / төмендеді түсінікті / түсініксіз пайдалы / пайдасыз қызықты / қызықсыз |
Үй тапсырмасы | Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е.Қ 28-40 бет |
Пән: «Экономикалық информатика және ақпараттық технлогиялар».
Сабақ тақырыбы: Утилиттер туралы түсінік. Утилиттердің берілуі
Жоспар
Бағдарламалық жасақтама
Жүйелік бағдарламалық жасақтама. Утилиттер
Программа — магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі. Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да вариантгары болғанда) тағайындайды.
Интерфейс - программалық жабдық пен.жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақтама - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ программалары үш топқа бөлінеді, олар:
1) жүйелі бағдарламалық жасақтама;
2) қолданбалы бағдарламалық жасақтама.
3) аспаптық бағдарламалық жасақтама
Жүйелік бағдарламалық жасақтама ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.
Жүйелі бағдарламалық жасақтама бірнеше топқа жіктеуге болады:
1) операциялық жүйелер;
2) утилиттер;
3) сервистік программалар.
Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Утилит (ағылшынша utility или tool)- Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы. Утилиттердің көбі операциялық жүйеге кірістірілген, яғни ішкі бағдарлама болып табылады. Олар көптеген қызмет атқарады:
дискімен жұмыс жасауды қадағалайды
архивтік құжаттар жасауда қолданылады
операциялық жүйені қалпына келтіру үшін қажет.
Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компьютердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программаларын) айтуға болады.
Утилиттер классификациясы.
Қазіргі заманғы утилиттер өзінің жылдамдығымен, шапшаңдығымен, кез келген операциялық жүйеге бейімделіп кетуімен ерекшеленеді. Оларды бірнеше түрге бөлуге болады:
дискімен жұмыс жасайтын утилиталар олардың тазалануын, дұрыс жұмыс жасау тұруын қамтамасыз етеді
антивирустық утилиталар- вирустарды жою үшін, жүйенің бұзылуынан қорғайды
архиватор утилиталар- дискідегі орынды үнемдеу үшін файл көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік береді
интернетке тезірек қатынап, шапшаң жұмыс істеу үшін утилиталар пайдаланылады
Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған жоне жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
Оқытушы Аникенова Н.Н.