СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 12.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"?здік информатика - 2016ж"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

«?ЗДІК ИНФОРМАТИК - 2016»

интеллектуалды сайысы

Саба?ты? ма?саты:

1.Білімділігі: О?ушылар?а XXI - ?асыр жа?а технология мен а?параттандыру жолдарын жетік ?йрету. Информатика п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыру.

2.Дамытушылы?:О?ушыларды? білімін жетілдіре отырып, ?з бетімен ж?мыс жасау?а да?дыландыру.Жа?а материал?а ?ызы?ушылы?ын дамыту.

3.Т?рбиелік: ?рбір о?ушыны тияна?тылы??а, ?зіне-?зі талап ?оя білуге баулу, к??ілін аудару. Саба?та ?ауіпсіздік техникасы мен тазалы? - гигиеналы? талаптарын орындату.

Саба?ты? т?рі: ?тілген тарау бойынша ?айталау, саба? жарыс - сайыс т?рінде ?теді.

Саба?ты? к?рнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.

Жоспары :

І кезе?. «Таныстыру» сайысы (Топты ж?не т?с белгіні  таныстыру)

ІІ кезе?. «??пия ж?шік» сайысы (топты? с?ра? – жауап)

       ІІІ кезе?. «Венгр» с?зж?мба?ы

        ІV кезе?. «Тіл ?нері»

         V.«Кім жылдам» сайысы

        VІ. кезе?. «Б?йге» топбасшылар сайысы

   ?тілу барысы:

I.?йымдастырушылы? кезе?

  1. О?ушыларды сайыс?а ша?ыру

II. Сайысты ?ткізу ба?дарламасымен  таныстыру 

  1. ?діл?азылар ал?асымен таныстыру
  2. Сайысты ?ткізу
  3. ?діл?азылар ал?асыны? ?орытынды жариялауы
  4. Марапаттау  

Ж?ргізуші:

Тойлатып , додаласып , ?ле?десіп,

Достарым отырсы? ба еле?десіп.

Ата-салт, баба д?ст?р жолыменен,

Алайы? біз ?уелі с?лемдесіп.

С?леметсіздер ме, ??рметті ?стаздар, ?діл-?азылар, о?ушылар! Сіздермен бірлесе отырып  8 – сыныптар аралы?ында  ?ткізгелі отыр?ан «?здік информатик - 2016» атты шарамыз?а ?ош келді?іздер! Осындай екпінді ду ?ол шапала?пен  сайысымызды  бастау?а р??сат еті?іздер. Білімділігі мен тап?ырлы?ы, ал?ырлы?ымен таныл?ан о?ушыларды орта?а ша?ырамыз.

Ойын тол?ын жат?анда асып, тасып,

Біреу мы?ым, біреулер шалыс басып.

Б?л ойыннан ?теді ??лама ойлар,

Же?седе, же?ілсе де ?алма жасып.

К?рермен жинал?ан б?л тамаша?а

??р ?арап жай отыру жараса ма?

Туыс, дос?а , сыныптас, таныс?а емес

Со?  ?олы?ды білімді жас таланттар?а.

 

Показать полностью

Просмотр содержимого документа
«"?здік информатика - 2016ж"»

Мұнайлы ауданы




8 орта мектеп
















«ҮЗДІК ИНФОРМАТИК - 2016»

интеллектуалды сайысы













Өткізген: Аманжулова А.

Айтжанова А.

Сыныптар: 8 сыныптар арасында














«ҮЗДІК ИНФОРМАТИК - 2016»

интеллектуалды сайысы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.

Жоспары :

І кезең. «Таныстыру» сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру)

ІІ кезең. «Құпия жәшік» сайысы (топтық сұрақ – жауап)

ІІІ кезең. «Венгр» сөзжұмбағы

ІV кезең. «Тіл өнері»

V.«Кім жылдам» сайысы

VІ. кезең. «Бәйге» топбасшылар сайысы

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Жүргізуші:

Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,

Достарым отырсың ба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып 8 – сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Үздік информатик - 2016» атты шарамызға қош келдіңіздер! Осындай екпінді ду қол шапалақпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.


Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстыра, - дей отырып ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» сайысын бастаймыз.Сайыскерлер өз өздерін үш тілде таныстырады.

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

ІІ бөлім «Құпия жәшік» сайысы. Бұл бөлімде сайыскерлерге жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  • ...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда (Ақпарат)

  • Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (Компьютерлік вирус)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  • Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл. (Архив)

  • Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады? (алгоритм)

  • Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  • 1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз. (Герман Холлерит)

  • ... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдық алгоритм)

Жүргізуші:

ІІІ кезең. «Венгр» сөзжұмбағы деп аталады. Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.


м

т

п

л

о

т

т

н

о

м

и

ы

п

р

р

т

е

и

д

е

к

ш

н

и

е

е

р

о

м

м

р

қ

а

н

т

р

н

н

и

т

о

н

т

с

ө

з

е

т

р

о

п

н

и

б

а

й

т

т

е

з

р

м

в

п

и

к

м

е

р

е

о

ә

и

а

р

с

о

ү

а

ф

ц

т

р

и

х

е

д

я

й

л

е

і

у

в

ж

л

и

я

и

ц

с

н

с

д

а

ь

ф

и

к

а

с

о

р

а

б

о

н

е

н

т


IV кім жылдам

Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын, - дей келесі кезең «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 5 ұпайдан.

  1. Экранның бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)

  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер,

Информатикада өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер (бит)

  1. Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

  1. Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың. (тінтуір)

  1. Жануарға ұқсас атым бар,
    Бағдар көрсетер затым бар.
    Кілемше үстінде тұрамын,
    Ең қажетті құралмын... (тышқан)

V кезең «Тіл-өнер»



Ана тілім арым бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» Сендерге жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі.Сұрақты мұқият тыңдаймыз.

  • Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)

  • Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)

  • Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)

  • Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)

  • Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)

  • Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)

  • Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді? (дыбыс, звук, sound)

  • Латынның түсіндру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі. (Ақпарат-Информация-Informatio)

  • Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта-клавиатура-Keyboard)

Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар? (Жүз бір-сто один-One hundred one)

  • Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе-окно-window)

  • Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады? (Шекара-Граница-Border)

  • Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)

  • Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша-блакнот-notebook)

  • Терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы I латын әрпінің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында кәдімгі стандартты жебе түрінде болады. (меңзер-курсор)

  • Бұл жолдармен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. (кесте-таблица)

  • Бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. (қапшық-папка-file)



VІ кезең. «Бәйге» топ басшылар сайысы. Бұл кезеңде әр топтың топ басшыларына тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.

Ең жоғарғы ұпай-5.

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.


2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Принтер арқылы суреттің кез келген бөліктерін ерекшелеймін. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын.

Құлаққап арқылы дайындаған суретімді алдын ала қарап, тексеріп аламын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын.

Жауабы:

  1. Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы.

  2. Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды.

  3. Тінтуір арқылы суреттің кез-келген бөліктерін ерекшелейміз.

  4. Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады.

  5. Құлаққап –әуен тыңдау үшін арналған құрал.

  6. Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.


Компьютер - сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабардың.

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманның


Үздік информатик - 2016” интеллектуалды сайысы өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!