СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үздік машық есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Практикалық тәжірибесіне үлгілік біліктілік талаптары мен есептің жазылу реті.

Просмотр содержимого документа
«Үздік машық есебі»

Ж.Досмухамедов атындағы жоғарғы педагогикалық

колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығы

бойынша 3АКШО-9 тобының студенті

Маркс Армангүлдің байқау практикасынан

Есебі



Қараша айының 26-жұлдызында ағылшын тілі пәнінен «Day of the week» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрып, сабақ өткіздім. Сабақты психологиялық ахуал орнатудан бастадым. Шеңберге тұрғызып сыныпты сандықшадан түс таңтаду арқылы екі топқа бөлдім.Үлестірмелі тапсырмалар арқылы топтық жұмыстарға жұмылдырдым. «Think. Discus» әдісін пайдалана отырып жаттығу жасату арқылы ереже құрғыздым. Оқулықпен, жеке жұмыс дәптерімен жұмыстандыра алдым. Жаңа материалды екі тілде түсіндірдім(ағылшынша, қазақша). Сөздікпен жұмыс жүргізілді.Сабақты бекіту мақсатында «Catch the moment» әдісін пайдаландым. Үлестірмелі дидактикалық тапсырмалар арқылы сабақты қорытындыладым. Әр тапсырма сайын балалар бағаланып отырды. ҚБ: Смайлик. Үйге тапсырманы өз уақытында бере алдым. Оқушылармен «Алмалы конверт» атты кері байланыс жасадым. Сабақта айтылым,жазылым,тыңдалым, оқылым дағдылары толықтай орындалды.Сабақ мұғалімнің көңілінен шықты, сол себепті пән мұғалімі Джуламанова М.С « өте жақсы» деген бағамен бағалады. Сабақ өз мақсатына жетті.

Қараша айының 28-жұлдызында ағылшын тілі пәнінен «My favourite day» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрып, сабақ өткіздім. Сабақты психологиялық ахуал орнатудан бастадым.Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып ағылшын тілінде жылы лебіз білдіртіп, берген сыйлықтары бойынша сыныпты екі топқа бөлдім.Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Вагондағы жолаушылар» әдісін қолдандым. Оқушылар қате жазылған апта күндерін дұрыстап жазады. «My favourite day» мәтінімен жұмыс болды. Мәтінді талдату мақсатында топтық жұмыстар орын алды, Үлестірмелі тапсырмалар арқылы топтық жұмыстарға жұмылдырдым.Сергіту сәтін видеоролик арқылы жасаттым. Сабақтың ортасы «Адасқан сөздер», «Бинго», «Құпия сөз» әдістері арқылы жаңа материал меңгертілді. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға аптаны жоспарлаттым. Әр тапсырма сайын балалар бағаланып отырды. ҚБ: Смайлик. Үйге тапсырманы өз уақытында бере алдым. Оқушылармен «Көңіл-күй смайликтері» атты кері байланыс жасадым. Сабақта айтылым,жазылым,тыңдалым, оқылым дағдылары толықтай орындалды.Сабақ мұғалімнің көңілінен шықты, сол себепті пән мұғалімі Джуламанова М.С « өте жақсы» деген бағамен бағалады. Сабақ өз мақсатына жетті.